"Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 334/11 қаулысы

      Қазақстан Республикасының"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Железин ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы "Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 212/7 қаулысы жойылсын.

      3. "Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;

      осы қаулына Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғышқы ресми жариялған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Шайхимов

  Павлодар облысы
Железин ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "12" желтоқсандағы
№ 334/11 қаулысына
қосымша

"Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, мәдениет саласындағы нормативтік актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының Бюджеттік заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Мемлекеттік мекеменің ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.

      6. Мемлекеттік мекеме, егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140400, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы, Квитков көшесі, 7.

      10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Заңды тұлғаның толық атауы: мемлекеттік тілде – "Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттiк мекемесi; орыс тілде государственное учреждение "Отдел культуры, физической культуры и спорта Железинского района".

      12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) аудан азаматтарының мәдени құндылықтарға қызмет көрсетуде, жасауда, пайдалануда және таратуда конституциялық құқығын қамтамасыз ету;

      3) рухани дәстүрлерді жандандыру және басқа да ұлттық мәдениеттерді жаңғыртуды, сақтауды, дамытуды және таратуды қамтамасыз ету;

      4) тарихи-мәдени мұраны сақтау және оларды жинақтау үшін жағдай жасау;

      5) халықты дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      - өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан сұратуға;

      -аудан әкіміне мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге, мемлекеттік мекеменің жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және басқа да материалдарды дайындауды жүзеге асыруға.

      2) Міндеттері:

      - жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларды өткізуге қатысу;

      - мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін аудандық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асыру;

      -мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету.

      15. Функциялары:

      1) мәдениет объектілерінің инфрақұрылымын дамытуды және материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз етеді;

      2) мәдениет саласындағы эстетикалық тәрбие, көркем білім беру және ғылыми-педагогикалық қызмет үшін жағдайлар жасайды;

      3) аудандық қоғамдық-мәдени, спорттық іс-шараларды өткізеді;

      4) ұлттық-мәдени бірлестіктермен және қоғамдық ұйымдармен жұмысты жүзеге асырады;

      5) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін ұйымдастыру-әдістемелік және ақпараттық-талдау жұмыстарын орындайды;

      6) аудан халқының мәдени қажеттіліктерін болжауды, ауданда кәсіби-мәдени қызмет көрсету жүйесін дамытуды қамтамасыз етеді;

      7) мемлекеттік мәдениет мекемелерінің көркем оқу-әдістемелік, ақпараттық әдебиетпен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді;

      8) мәдени-демалыс жұмысын, аудандық кітапханалардың жұмыс істеуін қолдауды қамтамасыз етеді;

      9) дене шынықтыру және спорт саласындағы талдамалық және әдістемелік жұмыс;

      10) әр түрлі спорт түрлері бойынша аудандық, топтық спорт жарыстарын дайындау және өткізу;

      11) қорғаныс істері, білім беру бөлімдерімен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және оларды армияда қызметке даярлау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

      12) ауданда ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту қызметі үшін жағдай жасайды;

      13) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы актілерді әзірлейді, әкімдіктің шешімі бойынша аудандық коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

      14) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларын (ережелерін), оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды әзірлейді.

      15) уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен музыка өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласындағы ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;

      16) музыка өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;

      17) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      18) ауданның ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ шығармашылық бірлестіктердің әуесқойлары арасында байқаулар, фестивальдер мен конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

      19) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      20) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      21) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерін салу, қайта жаңарту және жөндеу бойынша бақылауды жүзеге асырады;

      22) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

      23) жеке тұлғалардың спортпен шұғылдануы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда қолжетімділігін ескере отырып, инфрақұрылым жасайды;

      24) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық Жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      25) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

      26) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

      27) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

      28) спортшыларға спорттық разрядтар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді;

      29) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;

      30) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

      31) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнінде ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және ұсынады;

      32) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық маңызы бар құрама командалардың тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

      33) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      34) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

3-тарау. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады.

      17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады:

      1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;

      3) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан өкілдік етеді;

      4) атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;

      5) мемлекеттік мекеменің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;

      6) мемлекеттік мекеменің қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      7) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңына сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      8) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;

      9) мәдениет пен спортты дамыту саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Мемлекеттік мекеменің аппаратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

      21. Мемлекеттік мекеме мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      22. Мемлекеттік мекеме мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

      23. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

4-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      24. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      26. Егер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. Мемлекеттік мекеменің ведомстволық бағынысты ұйымдары

      1) "Железин ауданының тарихи-өлкетану мұражайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      2) "Құдайберген Әлсейітов атындағы Железин аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны:

      3) "Железин ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел культуры, физической культуры и спорта Железинского района"

Постановление акимата Железинского района Павлодарской области от 12 декабря 2022 года № 334/11

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31, пунктом 8 статьи 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", акимат Железинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Отдел культуры, физической культуры и спорта Железинского района" согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Постановление акимата Железинского района от 27 июня 2019 года № 212/7 "Об утверждении положения государственного учреждения "Отдел культуры, физической культуры и спорта Железинского района" отменить.

      3. Государственному учреждению "Отдел культуры, физической культуры и спорта Железинского района" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      направление настоящего постановления в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Железинского района;

      принятие иных необходимых мер вытекающих из настоящего постановления.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района А. Шайхимов

  Приложение к
постановлению акимата
Железинского района
Павлодарской области
от "12" декабря 2022 года
№ 334/11

Положение государственного учреждения "Отдел культуры, физической культуры и спорта Железинского района"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел культуры, физической культуры и спорта Железинского района" (далее – государственное учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере культуры, физической культуры и спорта.

      2. Государственное учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативными актами в сфере культуры, а также настоящим Положением.

      3. Государственное учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, в соответствии с Бюджетным законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      4. Государственное учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Государственное учреждение имеет подведомственные организации.

      6. Государственное учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с Гражданским законодательством Республики Казахстан.

      7. Государственное учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя учреждения и другими актами, предусмотренными трудовым законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения утверждаются в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      9. Местонахождение юридического лица: 140400, Республика Казахстан, Павлодарская область, Железинский район, село Железинка, улица Квиткова, 7.

      10. Режим работы государственного учреждения: рабочие дни: понедельник-пятница с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов, выходные дни: суббота - воскресенье.

      11. Полное наименование юридического лица: на государственном языке – "Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі; на русском языке государственное учреждение "Отдел культуры, физической культуры и спорта Железинского района".

      12. Настоящее положение является учредительным документом государственного учреждения.

      13. Финансирование деятельности государственного учреждения осуществляется из районного бюджета в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан.

      14. Государственному учреждению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения. Если учреждению законодательными актами предоставлено право, осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета, если иное не установлено бюджетным Кодексом Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного учреждения

      13. Задачи:

      1) реализация государственной политики в области культуры, физической культуры и спорта;

      2) обеспечение конституционного права граждан района в культурном обслуживании, создании, использовании и распространении культурных ценностей;

      3) обеспечение возрождения, сохранения, развития и распространения духовных традиций народов и других национальных культур;

      4) сохранение историко-культурного наследия и создание условий для их накопления;

      5) привлечение к занятиям физической культурой и спортом населения.

      14. Полномочия:

      1) Права:

      - запрашивать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций и граждан информацию необходимую для выполнения своих функций;

      - вносить предложения акиму района по совершенствованию организации деятельности государственных органов в сфере культуры, физической культуры и спорта, осуществлять подготовку информационно-аналитических и иных материалов по вопросам, относящихся к ведению государственного учреждения.

      2) Обязанности:

      - участвовать в проведении мероприятий, проводимых местными исполнительными органами;

      - осуществлять финансирование районных программ, входящих в компетенцию государственного учреждения;

      - оказывать организационно-методическую и информационную помощь организациям в сфере культуры, физической культуры и спорта.

      15. Функции:

      1) обеспечивает развитие инфраструктуры и укрепление материально- технической базы объектов культуры;

      2) создает условия для эстетического воспитания, художественного образования и научно-педагогической деятельности в сфере культуры;

      3) проводит районные общественно-культурные, спортивные мероприятия;

      4) осуществляет работу с национально-культурными объединениями и общественными организациями;

      5) выполняет организационно-методическую и информационно-аналитическую работу, входящую в компетенцию государственного учреждения;

      6) обеспечивает прогнозирование культурных потребностей населения района, развитие системы профессионально-культурного обслуживания в районе;

      7) проводит анализ обеспеченности государственных учреждений культуры художественной учебно-методической, информационной литературой;

      8) обеспечивает поддержку культурно-досуговой работы, функционирования районных библиотек;

      9) аналитическая и методическая работа в сфере физической культуры и спорта;

      10) подготовка и проведение кустовых, районных спортивных соревнований по различным видам спорта;

      11) проводит совместно с отделами по делам обороны, образования, общественными организациями работы по военно-патриотическому воспитанию молодежи и подготовки ее к службе в армии;

      12) создает условия для информационной, образовательной и культурно-просветительской деятельности в районе;

      13) разрабатывает акты о создании, реорганизации и ликвидации районных коммунальных юридических лиц, по решению акимата осуществляет реорганизацию и ликвидацию районного коммунального юридического лица;

      14) разрабатывает уставы (положения) районных коммунальных юридических лиц, внесение в них изменений и дополнений.

      15) создает, реорганизует, ликвидирует государственные организации культуры района в сфере музыкального искусства, библиотечного и музейного дела, культурно-досуговой деятельности в установленном Гражданским законодательством Республики Казахстан порядке по согласованию с уполномоченным органом;

      16) поддерживает и координирует деятельность государственных организаций культуры района в сфере музыкального искусства, библиотечного и музейного дела, культурно-досуговой деятельности;

      17) организует работу по учету, охране и использованию культурных ценностей;

      18) осуществляет проведение зрелищных культурно-массовых мероприятий района, а также смотров, фестивалей и конкурсов среди любителей творческих объединений;

      19) проводит аттестацию государственных организаций культуры района;

      20) в пределах своей компетенции осуществляет управление коммунальной собственностью в области культуры;

      21) осуществляет контроль по строительству, реконструкции и ремонту объектов культурного назначения района;

      22) поддерживает и оказывает содействие в материально-техническом обеспечении государственных организаций культуры;

      23) создает инфраструктуру для занятий спортом физических лиц, в том числе с учетом доступности для маломобильных групп населения, по месту жительства и в местах массового отдыха;

      24) осуществляет государственный контроль за безопасной эксплуатацией спортивного оборудования, предназначенного для занятий массовым спортом;

      25) обеспечивает подготовку районных сборных команд по видам спорта и их выступления на областных спортивных соревнованиях;

      26) обеспечивает развитие массового спорта и национальных видов спорта на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      27) координирует деятельность районных физкультурно-спортивных организаций на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      28) оказывает государственную услугу по присвоению спортсменам спортивных разрядов;

      29) реализует единый региональный календарь спортивно-массовых мероприятий;

      30) координирует организацию и проведение спортивных мероприятий на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      31) осуществляет сбор, анализ и предоставляет информацию по развитию физической культуры и спорта на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      32) формирует и утверждает списки сборных команд районного значения по видам спорта по предложениям региональных и местных аккредитованных спортивных федераций;

      33) организует медицинское обеспечение официальных физкультурных и спортивных мероприятий;

      34) оказывает методическую и консультативную помощь спортивным организациям;

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного учреждения

      16. Руководство государственного учреждения осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение задач и осуществление им своих функций.

      Первый руководитель государственного учреждения несҰт дисциплинарную ответственность в соответствии с Законом Республики Казахстан "О противодействии коррупции" за неисполнение или ненадлежащее исполнение должностных обязанностей по предупреждению совершения коррупционных правонарушений подчиненными сотрудниками.

      17. Первый руководитель государственного учреждения назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственной службе.

      18.Первый руководитель государственного учреждения заместителей не имеет.

      19. Полномочия первого руководителя государственного учреждения и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение задач и осуществление им своих функций:

      1) назначает на должности и освобождает от должностей работников государственного учреждения в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан;

      2) по вопросам своей компетенции издает приказы, а также дает указания, обязательные для исполнения работниками государственного учреждения;

      3) представляет государственное учреждение в государственных органах, иных организациях;

      4) контролирует соблюдение исполнительской и трудовой дисциплины, работу кадровой службы и организацию документооборота;

      5) в целях обеспечения деятельности государственного учреждения и выполнения, возложенных на него задач организует проведение государственных закупок;

      6) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, поощрения, выплаты надбавок и премирования работникам государственного учреждения;

      7) в соответствии с Законом Республики Казахстан о государственной службе налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения;

      8) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в государственном учреждении и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;

      9) принимает решения по вопросам, отнесенным к компетенции государственного учреждения согласно законодательству в области развития культуры и спорта.

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с Законом Республики Казахстан о государственной службе.

      20. Аппарат государственного учреждения возглавляется руководителем отдела, назначаемым на должность и освождаемым от должности в соответствии с Законом Республики Казахстан о государственной службе.

      21. Взаимоотношения между государственным учреждением и уполномоченным органом по управлению коммунальным имуществом (местным исполнительным органом) регулируются действующим законодательством Республики Казахстан о государственном имуществе.

      22. Взаимоотношения между государственным учреждением и уполномоченным органом соответствующей отрасли (местным исполнительным органом) регулируются Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      23. Взаимоотношения между первым руководителем государственного учреждения и трудовым коллективом определяются в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан и коллективным договором.

Глава 4. Имущество государственного учреждения

      24. Государственное учреждение имеет на праве оперативного управления, обособленное имущество в случаях, предусмотренных Гражданским законодательством Республики Казахстан.

      Имущество государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан о государственном имуществе.

      25. Имущество, закрепленное за государственным учреждением, относится к коммунальной собственности.

      26. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан о государственном имуществе.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения

      27. Реорганизация и упразднение госдарственного учреждения осуществляется в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан.

Глава 6. Подведомственные организации государственного учреждения

      1) Коммунальное государственное казенное предприятие "Историко-краеведческий музей Железинского района";

      2) Коммунальное государственное казенное предприятие "Железинский районный Дом культуры имени Кудайбергена Альсеитова";

      3) Коммунальное государственное учреждение "Централизованная библиотечная система Железинского района".