Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің 27.04.2023 № 101/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ереженің "Мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіліктері" 2-тарауы толықтырылсын және мынадай өзгеріс енгізілсін:
"Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде дала өрттерінің профилактикасы және сөндіру жөніндегі іс-шаралар";
- дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіруді тиісті аумақтардағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады;
- өрттерді сөндіру кезінде жергілікті атқарушы органдар тартылған күштер мен құралдарды меншік түріне қарамастан жанар-жағар маймен, азық-түлікпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.
"Жалпыға бірдей әскери міндетті орындау шеңберіндегі шаралар"
- Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне әскери тіркеу және әскери қызметке шақыру, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету жатады.
- "әскери тіркеу және әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету".
2. "Ертіс ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдануды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Ареновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ертіс ауданының әкімі | Б. Шәріпов |