Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 55 "Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жөніндегі ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қазандағы № 303/7 қаулысы

      Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тереңкөл ауданы әкімдігінің "Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жөніндегі ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 14 наурыздағы № 55 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын (бұдан әрі – Ереже).

      2. "Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      бір ай ішінде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      Аудан әкімі А. Маңғұтов

  Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 28 қазандағы
№ 303/7 қаулысымен
бекітілді

"Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – аудан әкімінің аппараты) Тереңкөл ауданының аумағында жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Аудан әкімі аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Аудан әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Аудан әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Аудан әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Аудан әкімінің аппараты егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Аудан әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша аудан әкімінің аппараты басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Аудан әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140600, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172.

      10. Осы Ереже аудан әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Аудан әкімі аппаратының құрылтайшысы "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      12. Аудан әкімі аппаратының қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Аудан әкімінің аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен аудан әкімі аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер аудан әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      14. Аудан әкімі аппаратының жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: сағат 9.00-18.30-ға, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30-ға, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

2. "Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні, міндеттері мен өкілеттіктері

      15. Аудан әкімі аппараты қызметінің мақсаты Тереңкөл ауданының аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

      16. Аудан әкімінің аппараты қызметінің мәні Тереңкөл ауданы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.

      17. Міндеттері:

      1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамыту стратегиясын іске асыру, ауданда мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және әлеуметтік пен экономикалық үдерістерді басқару;

      3) ауданның неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешуде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың, қазақстандық патриотизмнің конституциялық принциптерін іске асыруға қолдау көрсету;

      4) ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру және басқару жолымен аудан аумағында мемлекеттік саясатты жүргізу.

      18. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      Тереңкөл ауданы әкімдігі атқарушы органдарының қызметін үйлестіруге;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

      аудан әкімдігінің, әкімінің және жоғары тұрған ұйымдарының қарауына жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы дамудың негізгі бағыттары мен мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізуге құқығы бар.

      2) Міндеттері:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңын сақтауға;

      мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп берілген мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсаттарда ғана пайдалануға.

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімдігінің, облыс және аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындауға міндетті.

      19. Функциялары:

      1) аудан әкімінің өкілетті және атқарушы биліктегі жергілікті органдарымен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын жүзеге асырады;

      2) аудан әкімінің ауылдық округтер әкімдерімен өзара әрекетін қамтамасыз етеді;

      3) тұрғындар алдында есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша оларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын қайта өңдеу үшін ескертулер мен ұсыныстарды жинайды;

      4) есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шараларды орындау мониторингін іске асырады;

      5) аудандық атқарушы органдарының бақылаудағы құжаттарын толық және уақытында орындалуына талдау жүргізеді;

      6) сайлау процестерін жүргізу кезеңінде аудан әкімінің барлық құрылымдармен қарым-қатынасты қамтамасыз етеді;

      7) электоральды кезеңде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетеді;

      8) аудан әкімі қызметінің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асырады;

      9) аудан әкімінің сайты және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аудан әкімінің жұртшылықпен байланыс орнатуын және тұрақты дамытуын қамтамасыз етеді;

      10) аудандық пен облыстық бағдарламаларды әзірлеуге қатысады және аудандық бағдарламалардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      11) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастырады;

      12) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабар алмасуын қарауды қамтамасыз етеді;

      13) аудан әкімі мен әкімдігінің құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      14) аудан әкімдігі мен әкімінің актілерін тіркеуді жүргізеді, аудан әкімі аппаратында іс жүргізуді ұйымдастырады;

      15) аудан әкімдігімен және әкімімен шығарылатын нормативтік құқықтық актілердің түпнұсқаларын ресімдеуді, шығаруды және сақтауды қамтамасыз етеді;

      16) отырыстар мен мәжілістердің хаттамаларды тиісті ресімдеу мен сақтауды жүзеге асырады;

      17) аудан әкімі аппараты құрылымдық бөлімшелерінің индекстерін және жиынтық істер номенклатурасын жасайды;

      18) мұрағатқа тапсыруға жататын істерді дұрыс қалыптастыруға, ресімдеуге және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;

      19) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының орындалуын, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;

      20) Тереңкөл ауданы әкімдігі атқарушы органдарының персоналды басқарудың біртұтас жүйесін қалыптастыруды жүзеге асырады;

      21) Тереңкөл ауданының атқарушы органдардағы персоналды басқарудың біртұтас жүйесінің шеңберінде мемлекеттік қызмет өткеруді қамтамасыз етеді;

      22) Тереңкөл ауданының атқарушы органдарда корпоративті мәдениеттің қалыптасуын және жағымды әлеуметтік-психологиялық еңбек климаттың дамуын қамтамасыз етеді;

      23) кадр жұмысының жай-күйіне, кадр резервін қалыптастыруына, Тереңкөл ауданы әкімдігі атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби даярлығының деңгейіне талдау жасайды;

      24) лауазымға тағайындау және лауазымнан босату кезінде материалдарды ресімдейді, аудан әкімімен тағайындайтын лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты өзге де мәселелерді шешеді, олардың жеке істерін жүргізеді;

      25) Тереңкөл ауданы әкімдігі атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерін кәсіби қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      26) Тереңкөл ауданы әкімдігі атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің аттестаттауын өткізеді;

      27) аудан азаматтарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапаттау, мадақтауларымен көтермелеуге байланысты қажетті материалдарды дайындайды;

      28) Тереңкөл ауданының атқарушы органдарының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу бойынша конкурстарды өткізуді ұйымдастырады;

      29) Тереңкөл ауданының атқарушы органдарының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарды әзірлейді;

      30) техникалық персоналмен еңбек шарттарын ресімдейді;

      31) Тереңкөл ауданы атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді, оларды көтермелеу бойынша ұсыныстарды енгізеді;

      32) аудан әкімдігі мен әкімі қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

      33) аудан әкімдігі мен әкімінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;

      34) Тереңкөл ауданының атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерге олардың құқықтық жағдайы мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

      35) Тереңкөл ауданының атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметтің үйлестіруін жүзеге асырады;

      36) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға тіркеу туралы мәлімет енгізеді;

      37) аудан әкімдігінің және әкімінің нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асырады;

      38) құпиялылық режимді сақтауды қамтамасыз етеді, аудан әкімімен тағайындалатын лауазымды тұлғаларға құпия құжаттарға рұқсат беруге материалдарды ресімдейді;

      39) жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар мәселелері жөнінде аудан әкімдігі мен әкімінің, аудан атқарушы органдарының қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      40) қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерінде аудан әкімінің құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарымен өзара іс-әрекет жасауын қамтамасыз етеді;

      41) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      42) әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;

      43) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;

      44) аудандық ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      45) жергілікті атқарушы органдар резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындайды;

      46) мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асырады;

      47) аудандық шақыру комиссиясы арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыру және азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

3. "Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      20. Аудан әкімінің аппаратын басқаруды басшы жүзеге асырады, ол аудан әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      21. Аудан әкімі аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      22. Аудан әкімінің аппараты басшысының өкілеттігі:

      1) аудан әкімдігінің бекітуіне аудан әкімінің аппараты туралы Ережені бекітуге ұсынады, штат санының лимиті мен оның құрылымы жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      2) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді, ұйымдастырады және бағыттайды, басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді;

      3) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі аппаратының мүддесін білдіреді;

      4) Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

      5) аудан әкімінің аппараты техникалық персоналының лауазымдық нұсқаулықтары мен функционалдық міндеттерін бекітеді;

      6) аудан әкімінің қарауына аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жазалар қолдану немесе алу туралы ұсыныстарды енгізеді;

      7) аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің, оның тапсырмаларының орындалуына, аудан әкімі аппаратында құжаттардың өтуіне бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      8) аудан әкімі аппаратының барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      9) аудан әкімінің аппаратында ішкі еңбек тәртібін сақтауын бақылайды;

      10) аудан әкімі аппаратының шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржылық қаражатқа басшылық етеді;

      11) аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу туралы аудан әкіміне қолдаухат білдіреді;

      12) Тереңкөл ауданының әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады;

      13) өз құзыреті шегінде жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      14) құзыреті шегінде аудан әкімі аппаратының аудандық мәслихатпен, сотпен, прокуратурамен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді;

      15) әкімдіктің, консультативтік-кеңестік органдардың отырыстарын дайындауды үйлестіреді;

      16) аудан әкімінің қатысумен іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      17) аудан әкімі аппаратының келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді.

      23. Аудан әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      24. Аудан әкімінің аппараты мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

      25. Аудан әкімінің аппараты мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органының (аудан әкімдігінің атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен реттеледі.

      26. Аудан әкімінің аппараты мен тиісті саладағы уәкілетті органының арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңымен реттеледі.

4. "Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      27. Аудан әкімі аппаратының Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Аудан әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      28. Аудан әкімінің аппаратына бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      29. Егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында өзгеше белгіленбесе, аудан әкімінің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. "Тереңкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      30. Аудан әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Аудан әкімі аппаратының қарамағында ұйымдар жоқ.

О внесении изменения в постановление акимата района Тереңкөл от 14 марта 2022 года № 55 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима района Тереңкөл"

Постановление акимата района Тереңкөл Павлодарской области от 28 октября 2022 года № 303/7

      Акимат района Тереңкөл ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата района Тереңкөл "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима района Тереңкөл" от 14 марта 2022 года № 55 следующее изменение:

      Положение о государственном учреждении "Аппарат акима района Тереңкөл", утвержденное указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению (далее – Положение).

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима района Тереңкөл" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      в течение одного месяца государственную регистрацию Положения в органах юстиции;

      в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      4. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района.

      Аким района А. Мангутов

  Утверждено
постановлением акимата
района Тереңкөл
от 28 октября 2022 года
№ 303/7

Положение о государственном учреждении "Аппарат акима района Тереңкөл" 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима района Тереңкөл" (далее – аппарат акима района) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере местного государственного управления на территории района Тереңкөл.

      2. Аппарат акима района не имеет ведомств.

      3. Аппарат акима района осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат акима района является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      5. Аппарат акима района вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат акима района имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      7. Аппарат акима района по вопросам своей компетенции принимает решения, оформляемые приказами руководителя аппарата акима района.

      8. Структура и лимит штатной численности аппарата акима района утверждаются в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан".

      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Павлодарская область, 140600, район Тереңкөл, село Теренколь, улица Елгина, 172.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом аппарата акима района.

      11. Учредителем аппарата акима района является государственное учреждение "Аппарат акима Павлодарской области".

      12. Финансирование деятельности аппарата акима района осуществляется из местного бюджета.

      13. Аппарату акима района запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями аппарата акима района.

      Если аппарату акима района законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      14. Режим работы аппарата акима района устанавливается в следующем порядке: с 9.00 до 18.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов при пятидневной рабочей неделе, выходные дни: суббота-воскресенье.

2. Цель, предмет деятельности, задачи и полномочия государственного учреждения "Аппарат акима района Тереңкөл"

      15. Целью деятельности аппарата акима района является обеспечение деятельности акима района по реализации государственной политики на территории района Тереңкөл.

      16. Предметом деятельности аппарата акима района является информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акима района Тереңкөл.

      17. Задачи:

      1) реализация политики Президента Республики Казахстан по охране и укреплению государственного суверенитета, конституционного строя, обеспечению безопасности, территориальной целостности Республики Казахстан, прав и свобод граждан;

      2) реализация стратегии социально-экономического развития Республики Казахстан, осуществление основных направлений государственной, социально-экономической политики и управления социальными и экономическими процессами в районе;

      3) содействие в реализации конституционных принципов общественного согласия и политической стабильности, казахстанского патриотизма в решении наиболее важных вопросов района демократическими методами;

      4) проведение государственной политики на территории района путем координации и управления деятельностью местных исполнительных органов района.

      18. Полномочия:

      1) Права:

      координировать деятельность исполнительных органов акимата района Тереңкөл;

      в пределах своих полномочий запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от государственных органов и иных организаций;

      вносить на рассмотрение акимата, акима района и в вышестоящие организации предложения по основным направлениям развития, оперативному решению проблем местного государственного управления.

      2) Обязанности:

      соблюдать Конституцию и законодательство Республики Казахстан;

      обеспечивать сохранность государственной собственности, использовать вверенную государственную собственность только в служебных целях;

      качественно и своевременно исполнять акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан, акимата области, акима области и района.

      19. Функции:

      1) осуществляет организационную и информационную связь акима района с местными органами представительной и исполнительной власти;

      2) обеспечивает взаимодействие акима района с акимами сельских округов;

      3) по итогам встреч с населением составляет свод замечаний и предложений для разработки плана мероприятий по их реализации;

      4) осуществляет мониторинг выполнения мероприятий по реализации замечаний и предложений, высказанных на отчетных встречах;

      5) проводит анализ полноты и своевременности исполнения контрольных документов районными исполнительными органами;

      6) обеспечивает взаимодействие акима района со всеми структурами в период проведения выборных процессов;

      7) оказывает содействие в проведении разъяснительной работы в электоральный период;

      8) осуществляет информационно-аналитическое, организационно-правовое, материально-техническое обеспечение деятельности акима района;

      9) обеспечивает установление и постоянное развитие связей акима района с общественностью через сайт акима района и средства массовой информации;

      10) участвует в разработке районных и областных программ и осуществляет контроль за выполнением районных программ;

      11) организует личный прием физических лиц и представителей юридических лиц;

      12) обеспечивает рассмотрение обращений физических и юридических лиц, служебной корреспонденции;

      13) осуществляет документационное обеспечение деятельности акима и акимата района;

      14) ведет регистрацию актов акимата и акима района, организует делопроизводство в аппарате акима района;

      15) обеспечивает оформление, выпуск и хранение подлинников нормативных правовых актов, издаваемых акиматом и акимом района;

      16) осуществляет соответствующее оформление и хранение протоколов заседаний и совещаний;

      17) составляет индексы структурных подразделений и сводную номенклатуру дел аппарата акима района;

      18) обеспечивает контроль за правильностью формирования, оформления и хранения дел, подлежащих сдаче в архив;

      19) обеспечивает исполнение законодательства о государственной службе Республики Казахстан, соблюдение ограничений, связанных с пребыванием на государственной службе;

      20) осуществляет формирование целостной системы управления персоналом исполнительных органов акимата района Тереңкөл;

      21) обеспечивает прохождение государственной службы в рамках целостной системы управления персоналом исполнительных органов района Тереңкөл;

      22) обеспечивает формирование корпоративной культуры и развитие благоприятного социально-психологического трудового климата в исполнительных органах района Тереңкөл;

      23) анализирует состояние кадровой работы, формирование резерва кадров, уровень профессиональной подготовки государственных служащих исполнительных органов акимата района Тереңкөл;

      24) оформляет материалы при назначении на должность и освобождении от должности, решает иные вопросы, связанные с прохождением государственной службы должностными лицами, назначаемыми акимом района, ведет их личные дела;

      25) организует профессиональную переподготовку и повышение квалификации государственных служащих исполнительных органов акимата района Тереңкөл;

      26) проводит аттестацию государственных служащих исполнительных органов акимата района Тереңкөл;

      27) готовит необходимые материалы, связанные с награждением граждан района государственными наградами Республики Казахстан, Почетными грамотами, поощрениями акима района;

      28) организует проведение конкурсов на занятие вакантных административных государственных должностей исполнительных органов района Тереңкөл;

      29) разрабатывает квалификационные требования к категориям административных государственных должностей исполнительных органов района Тереңкөл;

      30) оформляет трудовые договоры с техническим персоналом;

      31) обеспечивает социальную и правовую защищенность государственных служащих исполнительных органов района Тереңкөл, вносит предложения по их поощрению;

      32) осуществляет правовое обеспечение деятельности акимата и акима района;

      33) осуществляет юридическую экспертизу правовых и нормативных правовых актов акимата и акима района;

      34) оказывает методическую и практическую помощь государственным служащим исполнительных органов района Тереңкөл по вопросам их правового положения;

      35) осуществляет координацию деятельности в сфере оказания государственных услуг исполнительными органами района Тереңкөл;

      36) осуществляет регистрацию актов гражданского состояния и вносит сведения о регистрации в Государственную базу данных о физических лицах в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      37) осуществляет мониторинг нормативных правовых актов акимата и акима района;

      38) обеспечивает соблюдение режима секретности, оформляет материалы на допуск к секретным документам должностным лицам, назначаемым акимом района;

      39) осуществляет обеспечение деятельности акимата и акима района, исполнительных органов района по вопросам мобилизационной работы, гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций;

      40) обеспечивает взаимодействие акима района с правоохранительными органами и иными государственными органами в вопросах борьбы с преступностью и противодействия коррупции;

      41) организует работу по профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждению детской безнадзорности и беспризорности, обеспечению защиты прав и законных интересов несовершеннолетних;

      42) обеспечивает организацию мероприятий по воинской приписке и призыву на воинскую службу, а также по вопросам гражданской обороны;

      43) участвует в профилактике чрезвычайных ситуаций социального характера, а также минимизации и (или) ликвидации их последствий на территории района;

      44) организует мероприятия по профилактике и тушению степных пожаров районного масштаба, а также пожаров в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы;

      45) исполняет обязательства местных исполнительных органов по решениям судов за счет средств резерва местного исполнительного органа;

      46) осуществляет процедуру организации и проведения государственных закупок;

      47) оказывает государственные услуги по предоставлению отсрочки от призыва и по освобождению граждан от призыва на воинскую службу через районную призывную комиссию.

3. Статус, полномочия руководителя государственного учреждения "Аппарат акима района Тереңкөл"

      20. Руководство аппаратом акима района осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат акима района задач и осуществление им своих полномочий.

      21. Руководитель аппарата акима района назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и трудовым законодательством Республики Казахстан.

      22. Полномочия руководителя аппарата акима района:

      1) представляет на утверждение акимату района Положение об аппарате акима района, вносит предложения по лимиту штатной численности и его структуре;

      2) координирует, организует и направляет работу структурных подразделений аппарата акима района, обеспечивает взаимодействие с иными государственными органами;

      3) представляет аппарат акима района во всех государственных органах и иных организациях, независимо от форм собственности, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      4) контролирует исполнение законодательства о государственной службе Республики Казахстан государственными служащими аппарата акима района Тереңкөл;

      5) утверждает должностные инструкции и функциональные обязанности технического персонала аппарата акима района;

      6) вносит на рассмотрение акима района предложения о наложении либо снятии дисциплинарных взысканий с государственных служащих аппарата акима района;

      7) координирует работу по контролю за выполнением актов акимата и акима района, его поручений, прохождением документов в аппарате акима района;

      8) издает приказы и дает указания по вопросам, входящим в его компетенцию, обязательные для выполнения всеми работниками аппарата акима района;

      9) контролирует соблюдение внутреннего трудового распорядка в аппарате акима района;

      10) утверждает смету расходов аппарата акима района и в ее пределах распоряжается финансовыми средствами;

      11) ходатайствует перед акимом района о поощрении государственных служащих аппарата акима района;

      12) принимает необходимые меры по противодействию коррупции в акимате района Тереңкөл и несет за это персональную ответственность;

      13) в пределах своей компетенции осуществляет личный прием физических лиц и представителей юридических лиц;

      14) в пределах компетенции обеспечивает взаимодействие аппарата акима района с маслихатом, судом, прокуратурой района, территориальными подразделениями центральных государственных органов;

      15) координирует подготовку заседаний акимата, консультативно-совещательных органов;

      16) координирует работу по организации мероприятий с участием акима района;

      17) утверждает перспективные и текущие планы работы аппарата акима района.

      23. Исполнение полномочий руководителя аппарата акима района в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан".

      24. Взаимоотношения между аппаратом акима района и трудовым коллективом определяются в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и коллективным договором.

      25. Взаимоотношения между аппаратом акима района и уполномоченным органом по управлению коммунальным имуществом (исполнительным органом акимата района) регулируются Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе".

      26. Взаимоотношения между аппаратом акима района и уполномоченным органом соответствующей отрасли регулируются Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан".

4. Имущество государственного учреждения "Аппарат акима района Тереңкөл"

      27. Аппарат акима района может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе".

      Имущество аппарата акима района формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе".

      28. Имущество, закрепленное за аппаратом акима района, относится к коммунальной собственности района.

      29. Аппарат акима района не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено бюджетным законодательством Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе".

5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима района Тереңкөл"

      30. Реорганизация и упразднение аппарата акима района осуществляются в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан.

      31. Организаций, находящихся в ведении аппарата акима района не имеется.