Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124 - бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;
осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылсын;
осы қаулыны "Аққу үні-Вести Аққулы" аудандық газетінде жариялансын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары Р.С.Тастамбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққулы ауданының әкімі | А. Балгабаев |
Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "30" мамырдағы № 1-03/140 қаулысымен бекітілген |
"Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ) Аққулы ауданы аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.
3. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Аққулы ауданы, 140700, Аққулы ауылы, Амангелді көшесі, 84 А ғимарат.
10. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма сағат 9-00-ден сағат 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
11. Заңды тұлғаның толық атауы: мемлекеттік тілде "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде- государственное учреждение "Отдел земельных отношений района Аққулы".
12. Мемлекет Аққулы ауданының әкімдігі тұлғасында "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мақсаты, қызметтінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері
16. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мақсаты: Аққулы ауданында жер қатынастары саласында мемлекеттік саясаттын жүргізу.
17. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметінің мәні: ауданының аумағында жер қатынастарын реттеу мәселелерінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
18.Міндеттері:
1) жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) жер заңнамасын облыстық, аудандық өкілді және атқарушы органдардың жерді қорғауды пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі шешімдерін қамтамасыз ету және орындау.
19. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
1-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
1-2) өз құзыреттілігі шегінде келісімдерді, шарттарды жасасу.
2) міндеттері:
2-1) Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің, Еңбек Кодексінің және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының нормаларын сақтау;
2-2) мемлекеттік қызметтерді тұрғындарға сапалы көрсету;
2-3)Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің бухалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізу;
2-4) нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету.
20. Функциялары:
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
5) жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекеттік мұқтажы үшін;
6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
8) аудандардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) жер сауда-саттығын (аукциондар) және шаруа (фермерлік) шаруашылық, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі (жалдау) жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс ұйымдастыру;
11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
12) ауданның жер балансын жасау;
13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
16) Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
17) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
18) Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес пайдаланылмай жатқан және заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
19) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
20) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
21) елді мекен бөлігі аумағында жер шарауашылық құрылғы жобаларын тұрғындар үшін қол жетімді орындарда арнайы аппараттық стендте орналастыру;
22) ауылдық округ пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп әзірлеу, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша жоспарды жергілікті атқарушы органның бекітуіне ұсыну;
23) жайлымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын іске асыруын қамтамасыз ету және аудандық жергілікті атқарушы органынан оның іске асырылуы туралы жыл сайынғы есептілікті ұсыну.
3-тарау. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
21. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
22. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
23. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысында орынбасарлар жоқ.
24. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) аудан әкімдігінің бекітуіне "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ туралы Ережені және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
4) "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және бекітеді;
6) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мүддесін қорғайды;
7) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;
8) "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкелерін іссапарға жібереді;
9) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;
10) "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
12) өз құзіретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды.
"Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
25. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
26. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мен тиісті саланың уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі.
27. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және ұжымдық шартпен белгіленеді.
4-тарау. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мүлкі
28. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ-де бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату
31. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. "Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.