Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 ақпандағы "Аққулы ауданы әкімдігі атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 1-03/32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 1-03/77 қаулысы

      Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 ақпандағы "Аққулы ауданы әкімдігі атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 1-03/32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6257 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы қаулымен бекітілген Аққулы ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіндегі:

      5 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) Аққулы ауданы әкімінің аппараты персоналды басқару бойынша бөлімі (бұдан әрі - персоналды басқару бойынша бөлімі) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";

      41 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару бойынша бөлімімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      42 - тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімі аппаратының басшысы Т.Т.Кобайдаровқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауданының әкімі А. Балгабаев

О внесении изменений в постановление акимата района Аққулы от 20 февраля 2019 года № 1-03/32 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов акимата района Аққулы"

Постановление акимата района Аққулы Павлодарской области от 14 апреля 2022 года № 1-03/77

      Акимат района Аққулы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата района Аққулы от 20 февраля 2019 года № 1-03/32 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов района Аққулы" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6257) следующие изменения:

      в Методике оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов акимата района Аққулы, утвержденной указанным постановлением:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Для проведения оценки должностным лицом, имеющим право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности служащего корпуса "Б" (далее - уполномоченное лицо), создается Комиссия по оценке (далее - Комиссия), рабочим органом которой является отдел по управлению персоналом аппарата акима района Аққулы (далее - отдел по управлению персоналом).

      Состав Комиссии определяется уполномоченным лицом. Количество членов Комиссии составляет не менее 5 человек.";

      пункт 41 изложить в следующей редакции:

      "41. Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной форме. В случае отказа служащего от ознакомления, составляется акт в произвольной форме, который подписывается отделом по управлению персоналом и двумя другими служащими государственного органа.

      При этом служащим, отказавшимся от ознакомления, результаты оценки направляются посредством интранет - портала государственных органов и/или единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы либо системы электронного документооборота в сроки, указанные в пункте 40 настоящей Методики.";

      пункт 42 исключить.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Кобайдарова Т.Т.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Аққулы А. Балгабаев