Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі"Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
осы қаулыны ресми жариялау жәнеҚазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;
осы қаулыны Май ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылсын;
осы қаулыны "Шамшырақ" аудандық газетінде жариялансын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Май ауданы әкімінің орынбасары М.С. Шоқановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Әмірин |
Май ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "11" мамыр № 92/5 қаулысымен бекітілді |
"Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1."Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ) Май ауданы аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.
3. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Май ауданы, 140800, Көктөбе ауылы, Аблайхан көшесі, 36 ғимарат.
10. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ жұмыс тәртібі: жұмыс күндері дүйсенбі-жұма сағат 9-00-ден сағат 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
11. Заңды тұлғаның толық атауы: мемлекеттік тілде "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде- государственное учреждение "Отдел земельных отношений Майского района".
12. Мемлекет Май ауданының әкімдігі тұлғасында "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мақсаты, қызметтінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері
16. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мақсаты: Май ауданында жер қатынастары саласында мемлекеттік саясаттын жүргізу.
17. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметінің мәні: ауданының аумағында жер қатынастарын реттеу мәселелерінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
18.Міндеттері:
1) жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) жер заңнамасын облыстық, аудандық өкілді және атқарушы органдардың жерді қорғауды пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі шешімдерін қамтамасыз ету және орындау.
19. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
1-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
1-2) өз құзыреттілігі шегінде келісімдерді, шарттарды жасасу.
2) міндеттері:
2-1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
2-2) мемлекеттік қызметтерді тұрғындарға сапалы көрсету;
2-3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің бухалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізу;
2-4) нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету.
20. Функциялары:
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
8) аудандардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
12) ауданның жер балансын жасау;
13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
17) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
18) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
19) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
20) жер-кадастрлық жоспарды бекіту.
3-тарау. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
21. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
22. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
23. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысында орынбасарлар жоқ.
24. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) аудан әкімдігінің бекітуіне "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ туралы Ережені және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
4) "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және бекітеді;
6) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мүддесін қорғайды;
7) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;
8) "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкелерін іссапарға жібереді;
9) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;
10) "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
12) өз құзіретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды.
"Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
25. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мен тиісті саласындағы уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңымен және ұжымдық шартпен белгіленеді.
4-тарау. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мүлкі
28. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Респубикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ-де бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату
31. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қаңағаттадырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.