Павлодар ауданы Шакат ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 20/107 шешімі. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 8/92 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 19.10.2023 № 8/92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар ауданы Шакат ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі бекітілсін.

      2. Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі "Павлодар ауданы Шакат ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы"№ 39/280 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4052 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы В. Гейнц

  Павлодар
аудандық мәслихатының
2022 жылғы 26 қаңтардағы
№ 20/107 шешімімен
бекітілген

Павлодар ауданы Шақат ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар ауданы Шакат ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі (бұдан әрі – тәртіп) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Павлодар ауданы Шақат ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Павлодар ауданы Шақат ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Шақат ауылдық округінің аумағы: Шақат, Маралды, Заозерное, Толубай, Коктобе ауылдары учаскелеріне бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Шақат ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Шақат ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың халқы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Шақат ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Шақат ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Шақат ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Шақат ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Шақат ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

3-тарау. Шақат ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

      13. Шақат ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны мынадай тәртіппен айқындалады:

      Шақат ауылы үшін – 2 адам;

      Маралды ауылы үшін – 2 адам;

      Заозерное ауылы үшін – 1 адам;

      Толубай ауылы үшін – 1 адам;

      Коктобе ауылы үшін – 1 адам.

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Шакатского сельского округа Павлодарского района

Решение Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 26 января 2022 года № 20/107. Утратило силу решением Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 19 октября 2023 года № 8/92

      Сноска. Утратило силу решением Павлодарского районного маслихата Павлодарской области от 19.10.2023 № 8/92 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106, Павлодарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемый порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Шакатского сельского округа Павлодарского района.

      2. Признать утратившим силу решение Павлодарского районного маслихата от 24 сентября 2014 года № 39/280 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сҰл для участия в сходе местного сообщества на территории Шакатского сельского округа Павлодарского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4052).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам социальной сферы, обеспечения прав и законных интересов граждан.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Павлодарского районного маслихата В. Гейнц

  Утвержден
решением Павлодарского
районного маслихата
от 26 января 2022 года
№ 20/107

Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Шакатского сельского округа Павлодарского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Шакатского сельского округа Павлодарского района (далее – Порядок) разработан в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливает порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Шакатского сельского округа Павлодарского района.

      2. В настоящем Порядке используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории Шакатского сельского округа Павлодарского района, в границах которого осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория Шакатского сельского округа подразделяется на участки: сҰла Шакат, Маралды, Заозерное, Толубай, Коктобе.

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом Шакатского сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население Шакатского сельского округа оповещается акимом Шакатского сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села организуется акимом Шакатского сельского округа.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом Шакатского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким Шакатского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Шакатского сельского округа.

Глава 3. Определение количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества Шакатского сельского округа

      13. Количество представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Шакатского сельского округа определяется в следующем порядке:

      для села Шакат – 2 человека;

      для села Маралды – 2 человека;

      для села Заозерное – 1 человек;

      для села Толубай – 1 человек;

      для села Коктобе – 1 человек.