Ескерту. 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 4-тармағымен.
Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" № 183 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" № 72 бұйрығына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы жүз айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы көрсетілсін.
2. Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит көрсетілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы | В. Гейнц |