Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 149/48 "Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 маусымдағы № 106/29 шешімі. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 39/13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 17.11.2023 № 39/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 149/48 "Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4067 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2 тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат хатшысы Н. Кизатов

  Шарбақты аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 23 маусымағы
№ 106/29 шешіміне
  Шарбақты аудандық
мәслихатының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 149/48 шешімімен
Бекітілген

Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау Қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

О внесении изменений в решение Щербактинского районного маслихата от 24 сентября 2014 года № 149/48 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Орловского сельского округа Щербактинского района"

Решение Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 23 июня 2022 года № 106/29. Утратило силу решением Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 17 ноября 2023 года № 39/13

      Сноска. Утратило силу решением Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 17.11.2023 № 39/13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Щербактинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Щербактинского районного маслихата "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Орловского сельского округа Щербактинского района" от 24 сентября 2014 года № 149/48 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4067) следующие изменения:

      заголовок решения изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Орловского сельского округа Щербактинского района";

      Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Орловского сельского округа Щербактинского района, утвержденные указанным решением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению;

      пункт 2 исключить.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь районного маслихата Н. Кизатов

  Приложение к решению
Щербактинского
районного маслихата
от 23 июня 2022 года
№ 106/29
  Утверждены
решением Щербактинского
районного маслихата
от 24 сентября 2014 года
№ 149/48

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Орловского сельского округа Щербактинского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села, поселка, сельского округа, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория города районного значения, села, поселка, сельского округа подразделяется на участки (села, микрорайоны, улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом сельского округа.

      При наличии в пределах микрорайона или улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе, микрорайоне, улице, многоквартирном доме и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом района.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима сельского округа.