Шарбақты аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 сәуірдегі "Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" № 129/36 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2022 жылғы 19 қазандағы № 122/34 шешімі. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 58/16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 22.12.2023 № 58/16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 сәуірдегі "Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" № 129/36 шешіміне өзгерістер енгізу (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5975 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Шарбақты ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінің әдістемесінде:

      бүкіл мәтін бойынша "ұйымдастыру бөлімінің басшысын", "ұйымдастыру бөлімінің басшысы", "ұйымдастыру бөлімінің басшысымен" деген сөздер тиісінше "бас маманды", "бас маман", "бас маманмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша нысанда жүзеге асырылады. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін нысанда акт жасалады, оған бас маман және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісі қол қояды.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері осы Әдістеменің 40 – тармағында көрсетілген мерзімде мемлекеттік органдардың интернет-порталы және/немесе Мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйе) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберіледі.";

      42-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы Н. Кизатов

О внесении изменений в решение Щербактинского районного маслихата от 25 апреля 2018 года № 129/36 "Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат маслихата Щербактинского района"

Решение Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 19 октября 2022 года № 122/34. Утратило силу решением Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 22 декабря 2023 года № 58/16

      Сноска. Утратило силу решением Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 22.12.2023 № 58/16 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Щербактинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Щербактинского районного маслихата от 25 апреля 2018 года № 129/36 "Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат маслихата Щербактинского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5975) следующие изменения:

      в Методике Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат маслихата Щербактинского района", утвержденной указанным решением:

      по всему тексту слова "руководителя организационного отдела", "руководитель организационного отдела", "руководителем организационного отдела" заменить соответственно словами "главного специалиста", "главный специалист", "главным специалистом";

      пункт 41 изложить в следующей редакции:

      "41. Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной форме. В случае отказа служащего от ознакомления, составляется акт в произвольной форме, который подписывается главным специалистом и двумя другими служащими государственного органа.

      При этом служащим, отказавшимся от ознакомления, результаты оценки направляются посредством интранет – портала государственных органов и/или единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы либо системы электронного документооборота в сроки, указанные в 40 настоящей Методики.";

      пункт 42 исключить.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата Щербактинского районного маслихата.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь районного маслихата Н. Кизатов