Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағына 4) тармақшасының сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2022 жылғы 19 қазандағы "Шарбақты аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 сәуірдегі "Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" № 129/36 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 122/34 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 173015 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы | Г. Смаилханова |