Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.05.2023 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 606 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:
Жеке қауіпсіздік департаменті – 06 деген бөлімде:
Ақпараттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингі басқармасының бас сарапшысы, (бір бірлік), С-4 санаты, 06-01-02 және Ақпараттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингі басқармасының бас сарапшысы, (екі бірлік), С-4 санаты, 06-01-03, 06-01-04 біліктілік талаптары мынадай редакцияда жазылсын:
"
Ақпараттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингі басқармасының бас сарапшысы, (екі бірлік), С-4 санаты, 06-01-02, 06-01-03
Өлшемшарттар | Талаптар |
Білімі | Телекоммуникациялар (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (информатика, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) немесе инженерия және инженерлік іс (автоматтандыру және басқару, ғарыш техникасы және технологиялар) немесе жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау (информатика) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. |
Кәсіби құзыреттілігі |
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі. |
Практикалық тәжірибесі |
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актіcімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. |
Функционалдық міндеттері | Басқарманың құзыреті шегінде ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын, басқа да құжаттарды әзірлеуге, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұйымдық-өкімдік құжаттарды әзірлеуге қатысады. Ақпараттық ресурстарды қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, ақпараттық сүйемелдеу және жұмыс істеуі кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ақпараттық қауіпсіздік саласында шарттардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, Басқарманың құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады. |
Ақпараттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингі басқармасының бас сарапшысы, (бір бірлік), С-4 санаты, 06-01-04
Өлшемшарттар | Талаптар |
Білімі | Құқық (халықаралық құқық, кеден ісі, құқықтану, құқық қорғау қызметі) немесе бизнес және басқару (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. |
Кәсіби құзыреттілігі |
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі. |
Практикалық тәжірибесі |
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актіcімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. |
Функционалдық міндеттері | Басқарма құзыретінің шегінде ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын, басқа да құжаттарды әзірлеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұйымдастыру-өкімдік құжаттарды әзірлеуге қатысады; Басқарма құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады. |
".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде:
1) электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Б.С. Әбділдинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |