"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 606 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1080 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 238 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.05.2023 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14542 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 606 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      Жеке қауіпсіздік департаменті – 06 деген бөлімде:

      Ақпараттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингі басқармасының бас сарапшысы, (бір бірлік), С-4 санаты, 06-01-02 және Ақпараттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингі басқармасының бас сарапшысы, (екі бірлік), С-4 санаты, 06-01-03, 06-01-04 біліктілік талаптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

      Ақпараттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингі басқармасының бас сарапшысы, (екі бірлік), С-4 санаты, 06-01-02, 06-01-03

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Телекоммуникациялар (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (информатика, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері) немесе инженерия және инженерлік іс (автоматтандыру және басқару, ғарыш техникасы және технологиялар) немесе жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау (информатика) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актіcімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актіcімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымының жүйесімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Басқарманың құзыреті шегінде ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын, басқа да құжаттарды әзірлеуге, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұйымдық-өкімдік құжаттарды әзірлеуге қатысады. Ақпараттық ресурстарды қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, ақпараттық сүйемелдеу және жұмыс істеуі кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ақпараттық қауіпсіздік саласында шарттардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, Басқарманың құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады.

      Ақпараттық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингі басқармасының бас сарапшысы, (бір бірлік), С-4 санаты, 06-01-04

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Құқық (халықаралық құқық, кеден ісі, құқықтану, құқық қорғау қызметі) немесе бизнес және басқару (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Кәсіби құзыреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актіcімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актіcімен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымының жүйесімен жұмыс істей білу.

Функционалдық міндеттері

Басқарма құзыретінің шегінде ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын, басқа да құжаттарды әзірлеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұйымдастыру-өкімдік құжаттарды әзірлеуге қатысады; Басқарма құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде:

      1) электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Б.С. Әбділдинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 сентября 2020 года № 606 "Об утверждении квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса "Б" Министерства здравоохранения Республики Казахстан"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 ноября 2022 года № 1080. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 12 мая 2023 года № 238.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 12.05.2023 № 238 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 17 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", подпунктом 4) пункта 3 статьи 35-1 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и Типовыми квалификационными требованиями к административным государственным должностям корпуса "Б", утвержденными приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 13 декабря 2016 года № 85 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14542) ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 сентября 2020 года № 606 "Об утверждении квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса "Б" Министерства здравоохранения Республики Казахстан" следующие изменения:

      в квалификационных требованиях к административным государственным должностям корпуса "Б" Министерства здравоохранения Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      в разделе Департамент собственной безопасности - 06:

      квалификационные требования Главного эксперта управления информационной безопасности и мониторинга коррупционных рисков, (одна единица), категория С-4, 06-01-02 и Главного эксперта управления информационной безопасности и мониторинга коррупционных рисков, (две единицы), категория С-4, 06-01-03, 06-01-04 изложить в следующей редакции:

      "

Главный эксперт управления информационной безопасности и мониторинга коррупционных рисков, (две единицы), категория С-4, 06-01-02, 06-01-03

Критерий Требования

Образование

Послевузовское или высшее образование по специальностям телекоммуникации (радиотехника, электроника и телекоммуникации) или информационно-коммуникационные технологии (информатика, информационные системы, математическое и компьютерное моделирование, вычислительная техника и программное обеспечение, системы информационной безопасности) или инженерия и инженерное дело (автоматизация и управление, космическая техника и технологии) или подготовка учителей по естественнонаучным предметам (информатика).

Профессиональная компетентность

Знание законодательства Республики Казахстан, предусмотренного Программой тестирования кандидатов на занятие административных государственных должностей корпуса "Б" на знание государственного языка и законодательства Республики Казахстан, утвержденной приказом уполномоченного органа по делам государственной службы, нормативных правовых актов, регулирующих отношения в области здравоохранения.
Согласно Типовым квалификационным требованиям к административным государственным должностям корпуса "Б", утвержденным актом уполномоченного органа по делам государственной службы

Практический опыт

Согласно Типовым квалификационным требованиям к административным государственным должностям корпуса "Б", утвержденным актом уполномоченного органа по делам государственной службы.
Умение работать на компьютере с пакетом программ Microsoft Office, электронными системами документооборота.

Функциональные обязанности

Принимать участие в разработке текущих и перспективных планов работ, других документов в пределах компетенции Управления, в разработке организационно-распорядительных документов, затрагивающих вопросы обеспечения информационной безопасности. Принимать участие в организации работ по защите информационных ресурсов. Обеспечивать информационную безопасность при внедрении, сопровождении и функционировании информационных систем, программных обеспечений. Обеспечивает контроль исполнения договоров в сфере информационной безопасности, Принимает участие в формировании государственной политики в области информационной безопасности в пределах компетенции Управления.

Главный эксперт управления информационной безопасности и мониторинга коррупционных рисков, (одна единица), категория С-4, 06-01-04

Критерий Требования

Образование

Послевузовское или высшее образование по специальностям право (международное право, таможенное дело, юриспруденция, правоохранительная деятельность) или бизнес и управление (экономика, финансы, менеджмент, учет и аудит, государственное и местное управление).

Профессиональная компетентность

Знание законодательства Республики Казахстан, предусмотренного Программой тестирования кандидатов на занятие административных государственных должностей корпуса "Б" на знание государственного языка и законодательства Республики Казахстан, утвержденной приказом уполномоченного органа по делам государственной службы, нормативных правовых актов, регулирующих отношения в области здравоохранения.
Согласно Типовым квалификационным требованиям к административным государственным должностям корпуса "Б", утвержденным актом уполномоченного органа по делам государственной службы

Практический опыт

Согласно Типовым квалификационным требованиям к административным государственным должностям корпуса "Б", утвержденным актом уполномоченного органа по делам государственной службы.
Умение работать на компьютере с пакетом программ Microsoft Office, электронными системами документооборота.

Функциональные обязанности

Принимать участие в разработке текущих и перспективных планов работ, других документов в пределах компетенции Управления, в разработке организационно-распорядительных документов, затрагивающих вопросы обеспечения антикоррупционного мониторинга. Принимать участие в организации работ по антикоррупционному мониторингу, в формировании государственной политики в области противодействия коррупции в пределах компетенции Управления.

      ".

      2. Департаменту управления персоналом Министерства здравоохранения Республики Казахстан в течение десяти календарных дней со дня принятия настоящего приказа в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Министерства здравоохранения Республики Казахстан Абдильдина Б.С.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Ғиният