Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 326 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 12 сәуірдегі | |
№ 77 қаулысына | |
қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы | |
№ 326 қаулысымен | |
бекітілді |
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Петропавл қаласы, 2022 жыл
1. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орман, аңшылық, балық, су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғаудың ерекше қорғалатын табиғи аумақтары және жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің өзге де объектілері саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Басқарманың мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150008, Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Парк көшесі, 57 В үй.
9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
12. Міндет:
орман, аңшылық, су, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәселесі жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, құзыреті шегінде ықпал етуге рұқсат беру;
қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау және жақсарту мақсатында облыстың ормандылығын арттыру;
өсімдіктер, жануарлар әлемінің, әдеттегі бірегей және сирек кездесетін ландшафтылардың биологиялық алуандығын сақтау;
орман, аңшылық және балық ресурсының өнімділігін ұлғайту;
қоршаған ортаны қорғау;
мемлекеттік орман қоры жерін сарқылудан және эрозиядан қорғау;
мемлекеттік және жеке ұйымдармен өз құзыретінің мәселесі бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты ұйымдастыру.
13. Өкілеттік:
1) құқық:
жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
уәкілетті органға орман және аңшылық ресурсын пайдалану мөлшері туралы ұсыныс енгізу;
жергілікті атқарушы органға ормандарды шаруашылықта пайдалану режимін, орман ресурсы үшін төлем ставкасын, орман ресурсын пайдалануға арналған лимит пен квотаны белгілеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру және оның қызмет режимі мәселесі, су қорғау аймағын, белдеуін және оны шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу жөнінде ұсыныс енгізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық шаруашылықты бекітіп беру жөніндегі акт жобасын келісу;
балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін дайындауға қатысу;
судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға беруді, сондай-ақ су объектісінде, су қорғау аймағы мен белдеуінде құрылыс, су түбін тереңдету және басқа да жұмысты жүргізу шартын келісу;
халықты тиісті аумақтағы су объектісінің жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асыру;
орманды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану жөніндегі жұмыс пен іс-шаралардың барлық түрлерін, орман қоры аумағында орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысы жоқ жұмысты орманда жүргізудің белгіленген тәртібінің сақталуын тексеруді жүзеге асыру, жеке және заңды тұлғаларға анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нұсқау беру;
жеке және заңды тұлғаларға орман, су шаруашылығына келтірілген залалды өтеу үшін қаражат өндіріп алу, орман пайдалану шарты талаптарының бұзылуы туралы белгіленген тәртіпте талап қою, шарт талаптарының орындалмағаны туралы және орман пайдалану құқығының тоқтатылғаны, орман ресурстарының, жануарлар дүниесінің ұтымды пайдаланылмағаны, сондай-ақ ормандардың зақымданғаны және жойылғаны (оның ішінде өрттен) туралы хабардар ету;
табиғат пайдалану құқығына арналған құжатты тексеру, орман мен жануарлар дүниесін пайдалану, молықтыру, күзету және қорғау қағидасын бұзған кезде табиғат пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныс және табиғат пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныс енгізу;
жеке және заңды тұлғалардан орман қоры мен жануарлар дүниесін пайдалануға белгіленген қағида мен норманың, тыйым мен шектеудің сақталуын талап ету;
2) міндет:
орман, балық және аңшылық шаруашылығын жүргізу мәселесі бойынша қорытынды мен ұсыныс беру;
орман шаруашылығының коммуналдық мемлекеттік мекемелерін басқаруды жүзеге асыру;
Басқарманың және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының бюджет және өзге де заңнаманы бұзушылықты анықтау, жою және оған жол бермеу мақсатында мемлекеттік қаржы бақылауын жүзеге асыру үшін ішкі бақылау қызметін құру;
мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы, оның ішінде "Ашық деректер", "Ашық бюджет", "Ашық НҚА", "Ашық диалог" порталдарын толықтыру және сүйемелдеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырсын;
сотта Басқарманың құзыретіне жататын мәселе бойынша талапкер және жауапкер болу.
14. Функция:
орманды күзетуді, қорғауды, молықтыру мен орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функциялық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
мемлекеттік орман қоры аумағында орман өртінің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарын әзірлейді және орындалуын іске асырады;
жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өртке қарсы техникасын, көлік және басқа да құралдарын орман өртін сөндіруге тарту тәртібін айқындайды, осы жұмысқа тартылатын жеке тұлғаларды жүріп-тұру, өрт сөндіру құралымен, тамақтандырумен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;
орманда өрт қаупі бар маусымға мемлекеттік орман қоры аумағында өрт сөндіру үшін жанар-жағармай материалының резервін жасайды;
шаруа қожалықтарының және өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына іргелес жатқан ауыл шаруашылығы алқабында, жайылым мен шабындықта орынды, аңыз және өзге де өсімдік қалдықтарын өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында орманды сақтау, ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидасын орындау туралы мәселені үнемі жариялап отыруды ұйымдастырады;
облыс аумағында орман өртіне қарсы күрес жұмысын үйлестіреді, қажет болған жағдайда, осы мақсат үшін арнайы комиссия құрады;
орман қоры аумағында орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес және оның санитариялық жағдайын жақсарту жұмысын ұйымдастырады;
жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық іс-шаралар жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңде орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды;
уәкілетті органға ұсыну үшін өзінің функциялық қарауындағы орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры, орманның мемлекеттік мониторингі бойынша материал дайындайды;
өзінің функциялық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскесінде орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізу нәтижесінде өндірілген аяқталған объектілер мен дайын өнімді қабылдайды;
уәкілетті органның және облыстық өкілді органдардың қатысуымен өздерінің функциялық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскесінде орман ресурсын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендер ұйымдастырады және өткізеді;
орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілері үшін учаске береді және осы учаскені осындай объектілерді салуға пайдалануға рұқсат береді;
жергілікті өкілді органның бекітуіне түбірімен босатылатын сүрек үшін төлемақы ставкасынан басқа, орман пайдалану үшін төлемақы ставкасын ұсынады;
уәкілетті органға республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желілер жүйесін дамыту бағдарламасы, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде ұсыныс енгізеді;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;
уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті атқарушы органға қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспортын бекіту үшін материал дайындайды және паспортты уәкілетті органға тіркеуге ұсынады;
барлық түрдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру үшін белгіленген тәртіпте жерді резервте сақтауды қамтамасыз етеді;
қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйін, күзетілуін, қорғалуын, пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
жергілікті атқарушы органға жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіші аумағының шекарасын және қорғау режимінің түрін бекіту жөнінде ұсыныс енгізеді;
облыстың жергілікті өкілді органына жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасын бекітуге ұсынады;
жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыс-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді;
мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функциялық аймақтарға бөлуді түзету жобасын бекітеді;
қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарын әзірлейді және бекітеді, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеу жүргізуді қамтамасыз етеді;
жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумағының шекарасын және күзету режимінің түрін бекітеді;
аңшылық шаруашылық қажеттілігі үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді;
өздерінің ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) бекітеді;
уәкілетті орган айқындаған тәртіпте басқа санаттағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру жөнінде материал дайындайды;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді және бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көл-тауарлық балық өсіру шаруашылығын, шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін су айдындарына және (немесе) учаскелеріне жатқызу критерийлеріне сәйкес кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көл-тауарлық балық өсіру шаруашылығын, шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін, су айдындары және (немесе) учаскелері бөлінісінде жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту үшін қаулы жобасын әзірлейді және жергілікті атқарушы органға ұсынады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылығының мұқтаждығы үшін сервитутты белгілеу жөнінде шешім қабылдау үшін қаулы жобасын әзірлейді және жергілікті атқарушы органға ұсынады;
кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық шаруашылығын (акваөсіру) жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөнінде шешім қабылдау үшін қаулы жобасын әзірлейді және жергілікті атқарушы органға ұсынады;
жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қырылу қаупі төнген жағдайда, оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
жануарлардың сирек кездесетін және қырылу қаупі төнген түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
аңшылық алқаптардың резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
ғылыми ұсыныстар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілейді;
балық шаруашылығы учаскелерінің шекарасын белгілейді, ұйықты (ұйық учаскелерін) ашады және жабады;
екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды, сондай-ақ сирек кездесетін және қырылу қаупі төнген жануарлар түрлерін қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат береді;
инвестициялық салым кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығынның бір бөлігін өтейді;
акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуға субсидия береді;
мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз құрылыстар табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімді жүргізеді;
бассейндік су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтарын, белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі қаулы жобасын әзірлейді және жергілікті атқарушы органға ұсынады;
бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі бағдарламалардың жобаларын бассейндік кеңеске қарауға енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсыныстарын зерделейді, оны іске асыру жөнінде шара қабылдайды;
су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі бассейндік бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асырады;
жер үсті көздеріндегі су ресурсын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасын әзірлейді;
коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша мониторингті үйлестіреді және жүргізеді;
өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
облыс аумағында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеу мен жобалау-іздестіру жұмысын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтың қырылу қаупі туындаған жағдайда, мелиорациялық балық аулауды ұйымдастырады;
жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын береді;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы құжатты әзірлеу бойынша ұсыныс енгізеді, осындай құжаттың бастамашылық жобасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қарауға береді;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмысты жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (заңды және жеке тұлғаларды) сараптама жұмысын жүргізуге тартады;
II санаттағы объектілер үшін ықпал етуге экологиялық рұқсат береді;
өз құзыреті шегінде табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарын, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын және қалдықты басқару бағдарламасын келіседі;
III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға ықпал ету туралы декларацияны қабылдайды;
қоғамдық тыңдау өткізуді үйлестіреді және қамтамасыз етеді;
көзделіп отырған қызмет туралы өтінішті қарайды;
коммуналдық қалдықпен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс жүргізуді ұйымдастырады;
жасанды аралды, бөгетті, құрылыс пен қондырғы жасауды және пайдалануды келіседі;
өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады.
3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Басқарманы басқаруды Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
16. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
17. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Басқарманың қызметін үйлестіру және басқару;
Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді, заңнамада белгіленген шектерде шарттарды жасайды және бұзады, банктік шоттар ашады;
өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік ету;
өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің орман және өзге де ресурсын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету саласында мемлекет мүддесін білдіру;
су объектілерін қорғау және пайдалануды реттеу;
орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, орманды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі өңірлік бағдарламаларды уәкілетті органдармен келісу және іске асыру;
облыс аумағында орман өртіне қарсы күрес жұмысын үйлестіру, қажет болған жағдайда, осы мақсат үшін арнайы комиссия құру;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселе бойынша заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету; Басқарманың қызметін жоспарлау және талдау, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралардың қабылданбауына дербес жауапты болады, ерлер мен әйелдердің тең құқығының және тең мүмкіндігінің мемлекеттік кепілдігі туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік органдардың табиғат пайдалану саласына қатысты нормативтік құқықтық актісінің жобасына құқықтық сараптама жүргізуге қатысу; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды тексеруге тартылатын органдармен өзара іс-қимыл жасау.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезде, оның өкілеттігін орындауды заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген, қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
1) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ақан сері" орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Аққайың орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Булаев орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Бұрлық орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Есіл орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Жамбыл орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Мамлютка орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орлиногор орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылжар орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Пресновка орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Сергеевка орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Соколовка орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Красный бор" жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
_________________