Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тайынша қаласы көшелері мен ауылдық округтер ауылдары тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 149 шешімі. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қарашадағы № 89 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 13.11.2023 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тайынша қаласы көшелері мен ауылдық округтер ауылдары тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданды
мәслихатының хатшысы
С. Бекшенов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша аудандық мәслихатының
  2022 жылғы 17 наурыздағы
  № 149 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тайынша қаласы көшелері мен ауылдық округтер ауылдары тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың осы қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тайынша қаласы көшелерінің және ауылдық округтер ауылдарының тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қала (әрі қарай - Тайынша қаласы), ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын Тайынша қаласының әкімі, ауылдық округ әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Тайынша қаласының әкімі, ауылдық округтің әкімі бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Тайынша қаласының көшелері, ауылдық округ ауылдары көшелері шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Тайынша қаласының әкімі, ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      8. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ашудың алдында тиісті Тайынша қаласының көшелерінің, ауылдық округ ауылдары көшелерінің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны осы Тайынша қаласында, ауылдық округ ауылында тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын Тайынша қаласының әкімі, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Тайынша қаласының әкімі, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Тайынша қаласы көшелерінің, ауылдық округ ауылдары көшелерінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй сайлаушыларының жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде, бірақ үш адамнан аспайтын мөлшерде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.

      1) Тайынша қаласының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше тұрғындары өкілдерінің саны:

      жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы бар Тайынша қаласы көшесінің 1 (бір) өкілі бойынша;

      2) ауылдық округтің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны:

      жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы бар ауыл тұрғындарының жалпы санының 1 % (пайызы), бірақ 1 (бір) адамнан кем емес және 3 (үш) адамнан артық емес.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Тайынша қаласы әкімінің аппаратына, ауылдық округке 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей улиц города Тайынша и сел сельских округов для участия в сходе местного сообщества Тайыншинского района Северо-Казахстанской области

Решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 17 марта 2022 года № 149. Утратило силу решением маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 13 ноября 2023 года № 89

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 13.11.2023 № 89 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" маслихат Тайыншинского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Утвердить правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей улиц города Тайынша и сел сельских округов для участия в сходе местного сообщества Тайыншинского района Северо-Казахстанской области согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата Тайыншинского района
Северо-Казахстанской области
С. Бекшенов

  Приложение
  к решению маслихата
  Тайыншинского района
  Северо-Казахстанской области
  от 17 марта 2022 года № 148

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей улиц города Тайынша и сел сельских округов для участия в сходе местного сообщества Тайыншинского района Северо-Казахстанской области

1. Общие положения

      1. Настоящие правила проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы для участия в сходе местного сообщества в Тайыншинском районе Северо-Казахстанской области разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливает порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей улиц города Тайынша и сел сельских округов для участия в сходе местного сообщества в Тайыншинском района Северо-Казахстанской области.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория города районного значения (далее - город Тайынша), сельских округов подразделяется на участки (села, улицы).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом города Тайынша, акимом сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом города Тайынша, акимом сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах улиц города Тайынша, улиц сел сельского округа организуется акимом города Тайынша, акимом сельского округа.

      При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующих улиц города Тайынша, улиц сел сельского округа имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в городе Тайынша, селе сельского округа и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом города Тайынша, акимом сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким города Тайынша, аким сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей улиц города Тайынша, улиц сел сельского округа для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в следующем порядке:

      1) количество представителей жителей улицы для участия в сходе местного сообщества города Тайынша:

      по 1 (одному) представителю с улицы города Тайынша, имеющему право участвовать в сходе местного сообщества;

      2) количество представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества сельского округа:

      1 (один) % (процент) от общего числа жителей села, имеющих право участвовать в сходе местного сообщества, но не менее 1 (одного) человека и не более 3 (трех) человек.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в течении 3 (трех) рабочих дней в аппарат акима города Тайынша, сельского округа.