Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2021 жылғы 14 шілдедегі № 57 "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 159 шешімі

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2021 жылғы 14 шілдедегі № 57 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 157164 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша қаласы мен ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданыны
мәслихатының хатшысы
С. Бекшенов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы мәслихатының
  2022 жылғы "17" наурыздағы
  № 159 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы мәслихатының
  2021 жылғы "14" шілдедегі
  № 57 шешімімен
  бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласының, ауылдық округтердің (бұдан әрі-қала, ауылдық округ) жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті (бұдан әрі-Регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына және "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі Регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының Үлгі регламентіне сәйкес әзірленді.

      2. Осы регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;

      3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты ауылдық округ қызметінің мәселелері;

      4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;

      5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.

      3. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.

      Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны қала, ауылдық округ халқының жалпы санына байланысты айқындалады:

      10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-10 мүшесі;

      10-15 мың халық-жиналыстың 11-15 мүшесі;

      15-20 мың халық-жиналыстың 16-20 мүшесі;

      20 мыңнан астам халық-жиналыстың 21-25 мүшесі.

      3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.

      3-2. Бірнеше елді мекендерден тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін осы регламенттің 3-1-тармағының ережелерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары жіберген әрбір елді мекеннен кемінде бір өкіл қамтамасыз етіледі.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі

      4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      қала, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, қала, ауылдық округ бюджетін түзетуді келісу;

      қала, ауылдық округ коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі қала аппаратының, ауылдық округ аппаратының шешімдерін келісу;

      қала, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      қала, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      қала, ауылдық округ коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін,

      азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      қала, ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің қала, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      қала, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.

      5. Жиналысты ауылдық округ әкімдері дербес не жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі.

      Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды.

      Қала, ауылдық округ әкімі, үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.

      6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар, азаматтар көп жиналатын жерлерде хабарлау арқылы хабардар етіледі.

      Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған) немесе құжаттардың электрондық көшірмесін жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыстың мүшелеріне және әкімге ұсынады.

      7. Жиналысты шақыру алдында әкім аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін әкім немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.

      Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жиналысты шақыруды әкім немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.

      Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.

      9. Жиналыстың күн тәртібін қала, ауылдық округ әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, тиісті аумақтың әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.

      Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.

      Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.

      10. Жиналысты аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ мәселелері жиналысты шақыруда қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылады. Сондай-ақ жиналысты шақыруға аудан мәслихатының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      11. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.

      Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.

      Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.

      Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.

3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі

      12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілетін күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және олардың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі көрсетілген тізімі;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі;

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттама қала, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін қамтитын жағдайларды қоспағанда, жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қала, ауылдық округ әкіміне беріледі.

      Қала, ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде ауданның тиісті мәслихатының қарауына беріледі.

      13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді қала, ауылдық округ әкімі қарайды және қала, ауылдық округ әкімінің аппараты бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиналыс мүшелеріне жеткізеді.

      14. Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдірген жағдайда, осы мәселелер осы регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Қала, ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім шешеді.

      Қала, ауылдық округ әкімі екі жұмыс күні ішінде жоғары тұрған аудан әкімнің және аудан мәслихатының атына жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасын жергілікті қоғамдастық жиналысы келіспеушілік тудырған мәселелерді қайтадан талқылағаннан кейін жібереді.

      Аудан әкімі Заңның 11-бабында көзделген тәртіппен қала, ауылдық округ әкімі мен жергілікті қоғамдастық жиналысының арасындағы келіспеушілікті тудырған мәселелер алдын ала талқыланғаннан және аудандық мәслихаттың таяудағы отырысында шешілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

      15. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

      16. Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді қала, ауылдық округ әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстар арқылы таратады.

4-тарау. Жергілікті қоғамдыстық жиналысы шешімдерінің орындалуын бақылау

      17. Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.

      18. Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы аудан әкіміне немесе жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.

      Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс аудан әкімі немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.

О внесении изменения в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 14 июля 2021 года № 57 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества города Тайынша, сельских округов Тайыншинского района Северо-Казахстанкой области"

Решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 17 марта 2022 года № 159

      Маслихат Тайыншинского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества города Тайынша, сельских округов Тайыншинского района Северо-Казахстанкой области" от 14 июля 2021 года № 57 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 157164) следующее изменение:

      регламент собрания местного сообщества города Тайынша, сельских округов Тайыншинского района Северо-Казахстанкой области, утвержденный вышеуказанным решением изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата Тайыншинского района
Северо-Казахстанкой области
С. Бекшенов

  Приложению
  к решению маслихата
  Тайыншинского района
  Северо-Казахстанской области
  от "17" марта 2022 года № 159
  Утвержден
  решением маслихата
  Тайыншинского района
  Северо-Казахстанской области
  от 14 июля 2021 года № 57

Регламент собрания местного сообщества города Тайынша, сельских округов Тайыншинского района Северо-Казахстанской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий Регламент собрания местного сообщества города Тайынша, сельских округов (далее-город, сельский округ) Тайыншинского района Северо-Казахстанской области (далее – Регламент) разработан в соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее – Закон) и Типовым регламентом собрания местного сообщества, утвержденным приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 295 "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15630).

      2. Основные понятия, которые используются в настоящем регламенте:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) собрание местного сообщества (далее – собрание) – участие представителей местного сообщества, делегированных сходом местного сообщества, в решении текущих вопросов местного значения в пределах и порядке, установленных законодательством Республики Казахстан;

      3) вопросы местного значения – вопросы деятельности города сельского округа, регулирование которых в соответствии с Законом и иными законодательными актами Республики Казахстан связано с обеспечением прав и законных интересов большинства жителей соответствующей административно-территориальной единицы;

      4) местное самоуправление – деятельность, осуществляемая населением непосредственно, а также через маслихаты и другие органы местного самоуправления, направленная на самостоятельное решение вопросов местного значения под свою ответственность, в порядке, определяемом Законом, иными нормативными правовыми актами;

      5) член собрания местного сообщества – представитель местного сообщества, делегированный сходом местного сообщества, в решении текущих вопросов местного значения в пределах и порядке, установленных законодательством Республики Казахстан.

      3. Состав собрания местного сообщества определяется сходом местного сообщества сроком на четыре года и образуется из числа кандидатов, делегированных сходом местного сообщества.

      При этом, количество членов собрания местного сообщества, делегированных сходом местного сообщества (далее – члены собрания) определяется в зависимости от общей численности населения города, сельского округа в соотношении:

      до 10 тысяч населения 5-10 членов собрания;

      10-15 тысяч населения -11-15 членов собрания;

      15-20 тысяч населения -16-20 членов собрания;

      свыше 20 тысяч населения -21-25 членов собрания.

      3-1. При формировании состава собрания местного сообщества количество представителей раздельных сходов определяется пропорционально количеству их населения.

      3-2. Для административно-территориальной единицы, состоящей из нескольких населенных пунктов, обеспечивается не менее одного представителя от каждого населенного пункта, делегированного раздельными сходами местного сообщества, с учетом положений пункта 3-1 настоящего регламента.

Глава 2. Порядок проведения созыва собрания местного сообщества

      4. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета города, сельского округа и отчета об исполнении бюджета;

      согласование корректировки бюджета города, сельского округа в случае перераспределения средств в объеме не более двадцати процентов от объема расходов бюджетной программы на текущий финансовый год по утвержденному (уточненному) бюджету, за исключением бюджетных программ (подпрограмм), финансируемых за счет целевых трансфертов из районного бюджета, между бюджетными программами при неосвоении бюджетных средств и (или) неэффективном исполнении бюджетных программ в течение текущего финансового года по итогам бюджетного мониторинга без изменения структуры расходов бюджета;

      согласование решений аппарата города, сельского округа по управлению коммунальной собственностью города, сельского округа (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета города, сельского округа;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета города, сельского округа;

      согласование отчуждения коммунального имущества города, сельского округа;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан, за исключением проектов нормативных правовых актов местных исполнительных органов, а также акимов, предусматривающих принятие решений об установлении (отмене) карантинной зоны с введением карантинного режима на соответствующей территории, об установлении (снятии) карантина и (или) ограничительных мероприятий в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии, а также объявление чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера, а также предоставление по ним рекомендаций в сроки, предусмотренные Законом Республики Казахстан "О правовых актах";

      согласование представленных акимом района кандидатур на должность акима города, сельского округа для дальнейшего внесения в соответствующую районную избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидата в акимы города, сельского округа;

      инициирование вопроса об освобождении от должности акима города, сельского округа;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.

      5. Собрание созывается и проводится акимами города, сельских округов самостоятельно либо по инициативе не менее десяти процентов членов собрания, но не реже одного раза в квартал.

      Инициаторы собрания в произвольной форме письменно обращаются к акиму с указанием повестки дня.

      Аким города, сельского округа в течение трех рабочих дней рассматривает письменное обращение и принимает решение о созыве собрания с указанием места и времени созыва.

      6. О времени, месте созыва собрания и обсуждаемых вопросах, члены собрания оповещаются не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации, интернет ресурсы, объявление в местах скопления граждан за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4-3) пункта 3 статьи 39-3 Закона, согласно которому о времени, месте созыва собрания местного сообщества члены собрания местного сообщества оповещаются не позднее чем за три календарных дня до дня его проведения.

      По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде, в форме электронного документа (удостоверенный посредством электронной цифровой подписью) или электронной копии документов.

      7. Перед началом созыва собрания аппаратом акима проводится регистрация присутствующих членов собрания, ее результаты оглашаются акимом или уполномоченным им лицом перед началом созыва собрания и заносятся в протокол собрания с указанием места и времени проведения созыва.

      Созыв собрания считается состоявшимся при участии в нем не менее половины членов собрания.

      8. Созыв собрания открывается акимом или уполномоченным им лицом.

      Для ведения созыва собрания открытым голосованием избираются председатель и секретарь собрания.

      9. Повестка дня собрания формируется аппаратом акима города, сельского округа на основе предложений, вносимых членами собрания, акимом соответствующей территории.

      В повестку дня включаются вопросы о ходе и (или) исполнения решений, принятых на предыдущих созывах собрании.

      Повестка дня созыва собрания может быть дополнена и изменена при ее обсуждении.

      Повестка дня созыва собрания утверждается собранием.

      Голосование по каждому вопросу повестки дня проводится раздельно. Вопрос считается внесенным в повестку дня, если за него проголосовало большинство присутствующих членов собрания.

      10. На созыв собрания приглашаются представители аппарата акима района, государственных учреждений и предприятий, а также физических и юридических лиц, вопросы которых рассматриваются на созыве собрания. Также на созыве собрания присутствуют депутаты маслихата района, представители средств массовой информации и общественных объединений.

      Приглашенные лица, указанные в части первой настоящего пункта, не являются членами собрания и не участвуют в голосовании при принятии решений.

      11. Регламент выступлений на созывах собрании для докладов, содокладов, выступлений в прениях и по порядку ведения созыва собрания определяется председателем. Докладчикам и содокладчикам отводится время для ответов на вопросы. В случае если выступающий превысил отведенное время, председатель собрания прерывает его выступление или с согласия большинства присутствующих на созыве членов собрания продлевает время для выступления.

      Член собрания может выступить по одному и тому же вопросу не более двух раз. Не считаются выступлениями в прениях обращения членов собрания, выступления для дачи пояснений и ответов на вопросы. Вопросы докладчикам задаются в письменном или устном виде. Письменные вопросы предоставляются председателю собрания и оглашаются на созыве собрании.

      Председатель собрания может объявлять перерывы по собственной инициативе или по мотивированному предложению членов собрания.

      В конце собрания отводится время для выступления членов собрания с краткими заявлениями и сообщениями, прения по которым не открываются.

Глава 3. Порядок принятия решений собранием местного сообщества

      12. Собрание в рамках своих полномочий принимает решения большинством голосов присутствующих на созыве членов собрания.

      В случае равенства голосов председатель собрания пользуется правом решающего голоса.

      Решение собрания оформляется протоколом, в котором указываются:

      1) дата и место проведения собрания;

      2) количество и список членов собрания;

      3) количество и список иных присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря собрания;

      5) повестка дня, краткое содержание выступлений и принятые решения.

      Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней со дня проведения собрания передается акиму города, сельского округа, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима города, сельского округа.

      Протокол собрания местного сообщества с решением об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима города, сельского округа подписывается председателем и секретарем собрания и в течение пяти рабочих дней передается на рассмотрения в соответствующий маслихат района.

      13. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимом города, сельского округа и доводятся аппаратом акима города, сельского округа до членов собрания в срок не более пяти рабочих дней.

      14. В случае выражения акимом несогласия с решением собрания местного сообщества, данные вопросы разрешаются путем повторного обсуждения в порядке, предусмотренном главой 2 настоящего регламента.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акима города, сельского округа вопрос разрешается вышестоящим акимом.

      Аким города, сельского округа в течение двух рабочих дней, направляет в адрес акима района и маслихата района протокол собрания местного сообщества, после повторного обсуждения собранием местного сообщества вопросов, вызвавших несогласие.

      Аким района после предварительного обсуждения и его решения на ближайшем заседании районного маслихата вопросов, вызвавших несогласие между акимом города, сельского округа и собрания местного сообщества в порядке предусмотренным статьей 11 Закона, принимает решение в течение пяти рабочих дней.

      15. Органы местного государственного управления и самоуправления, должностные лица в пределах полномочий обеспечивают исполнение решений, принятых на созыве собрании и одобренных акимом города, сельского округа.

      16. Решения, принятые на созыве собрания, распространяются аппаратом акима города, сельского округа через средства массовой информации, интернет ресурсы.

Глава 4. Контроль за исполнением решений собрания местного сообщества

      17. На собрании регулярно заслушиваются информации лиц ответственных за исполнение решений собрания.

      18. В случае неисполнения или некачественного исполнения решений, соответствующая информация вносится в протокол, который председателем собрания направляется акиму района или вышестоящим руководителям должностных лиц ответственных за исполнение решений собрания.

      В случае повторного неисполнения или некачественного исполнения принятых решений, собрание инициирует вопрос об ответственности должностных лиц перед акимом района или вышестоящим руководством соответствующих должностных лиц.