"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 394 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қамтамасыз ету:

      осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;

      осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің интернет-ресурсында

      орналастыру жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуші органда тіркеуді жүргізсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Әлжанов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы "17" қарашадағы № 394
  қаулысымен бекітілді

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1 Тарау. Жалпы ереже

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-әкім аппараты) Амандық ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      2. Амандық ауылдық округі әкімі аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырады, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен, сондай-ақ осы Ережемен реттеледі.

      4. Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 5403 бұйрығына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты өзінің жеке атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа енеді.

      6. Амандық ауылдық округі әкімі аппаратының, егер оған "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, бюджет және қаржы заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкімінің шешімдерімен және өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен айқындалады.

      8. Амандық ауылдық округі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 151000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Амандық ауылы, Жамбыл көшесі 12.

      10. Осы Ереже Амандық ауылдық округі әкімі аппаратының құрылтайшы құжаты болып табылады.

      11. Амандық ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Амандық ауылдық округі әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен ауылдық округ әкімі аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2 Тарау. Мемлекеттік органның міндеттері және өкілеттілігі

      13. Міндеттері:

      1) әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржы-шаруашылық жағынан қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес кадрлық жұмыстарды жүргізу;

      3) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, жоғары тұрған өкілді және атқарушы органдар, облыс, аудан әкімінің қаулылары, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      4) "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ауылдық округ әкімінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      5) "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі" 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, өтінімдерін, шағымдарын қарастыру және тіркеу;

      6) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес, Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлеу;

      7) Алғашқы әскерге міндеттілердің, жедел әскери қызметке шақырылатын азаматтардың есебін жүргізу, әскери қызмет, азаматтық қорғаныс және әскери міндеттер туралы заңдылықтарды сақтау мәселелері жөнінде ауылдық округ әкімінің құзырі шегінде жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ "Мобилизация және мобилизациялық дайындық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 9 бабы 3 тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқару және жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабы 1 тармағы 9) тармақшасымен мобилизация және мобилизациялық дайындық.

      8) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабы 1 тармағы 12) тармақшасына сәйкес, қала аумағында тұратын аз қамтылған тұлғаларды анықтауға, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту бойынша, әлеуметтік көмек көрсету, жалғызбасты қарттарға және еңбекке қабілетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

      9) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;

      10) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 -бабы 1- тармағы 18) тармақшасына сәйкес, ауылдық округ аумағында тұратын мәдениет мекемесінің, оқытуды және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету;

      11) "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының, басқа да құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      12) "Медиация туралы" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңының орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

      13) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Амандық ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиындарын және жергілікті қоғамдастық жиналыстарын өткізу.

      14. Өкілеттілік

      1) құқықтар:

      өз құзыреті шегінде ауылдық округ әкімі құзыретінің мәселелері бойынша лауазымды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;

      мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалану;

      шарттар, келісімдер жасасу;

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көзделген құқықтарға ие болу.

      2) міндеттері:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" міндеттерді жүзеге асырады.

      15. Функциялары:

      1) Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:

      жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурс (ауылдық округ әкімі аппаратының сайты, Facebook) арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды;

      Амандық ауылдық округі әкімі мақұлдаған және жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      Амандық ауылдық округі бюджетінің жоспарлануын және орындалуын қамтамасыз етеді;

      Амандық ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы есепті жергілікті қоғамдастық жиналысына және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады;

      Амандық ауылдық округі бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

      жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

      Амандық ауылдық округі коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін мақсатты және тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

      Амандық ауылдық округі әкімі аппаратының коммуналдық меншігіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселелері бойынша мемлекет мүддесін білдіреді, Амандық ауылдық округі әкім аппаратының меншік құқығын қорғауды жүзеге асырады;

      сенімгерлік басқарушының жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      Амандық ауылдық округі әкім аппаратының коммуналдық меншігіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды дамыту жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру, ауылдық округ әкімінің жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру;

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен (ҚБП)жұмысты ұйымдастыру;

      қолма-қол, сондай-ақ "Е-лицензиялау" АЖ "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру;

      ауылдық округ әкімі шығарған актілерді есепке алу және тіркеу;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жолдау;

      ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

      ауылдық округ аумағында тұратын, әскерге шақырылуға жататын азаматтарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету, уақтылы хабардар ету және жеткізу;

      Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнама шеңберінде сайлау өткізу мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру дайындығын және өткізуді жүзеге асыру;

      елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру;

      ауылдық округ әкімінің қызметін қазақ және орыс тілдерінде интернет-ресурста (ауылдық округ әкімі аппаратының сайты, Facebook) жариялауды қамтамасыз ету;

      2) жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты:

      өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      Амандық ауылдық округі коммуналдық меншігіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      әкіммен келісім бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

      Амандық ауылдық округі әкімі аппаратының коммуналдық меншігіндегі тұрған мүлік, мемлекеттік мекемелердің даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

      Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау;

      нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру;

      ауылдық округ әкімінің қызметін қазақ және орыс тілдерінде интернет-ресурста (ауылдық округ әкімі аппаратының сайты, Facebook) жариялауды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген функцияларды жүзеге асырады.

3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшының мәртебесі, өкілеттілігі

      16. Амандық ауылдық округ әкімі аппаратына басшылықты Амандық ауылдық округі әкімінің аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы – Амандық ауылдық округінің әкімімен жүзеге асырылады.

      17. Ауылдық округ әкімі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде кемінде жиырма бес жастағы Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге қызметке сайланады.

      18. Амандық ауылдық округ әкімінің өкілеттілігі:

      әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      ауылдық округ әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін әзірлейді;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген бюджет қаражатын үнемдеу және (немесе) түсімдер есебінен қызметкерлерді еңбек шарты бойынша қабылдайды;

      мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

      Амандық ауылдық округінің тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

      аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша Амандық ауылдық округінің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл халқына шағын несие беруге жәрдем көрсетеді;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен және де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Амандық ауылдық округі әкімінің өкілеттіктерін орындауды ол болмаған кезеңде оны алмастыратын адам қолданыстағы заңнамамен жүзеге асырады.

4 тарау. Әкім аппаратының мүлкі

      19. Амандық ауылдық округі әкімі аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін, мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Амандық ауылдық округі әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Амандық ауылдық округ әкімі аппаратына бекітілген мүлік Амандық ауылдық округінің коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Амандық ауылдық округі әкімі аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органның жойылуы және қайта құрылуы

      22. Амандық ауылдық округі әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы", Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына "Мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Амандыкского сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области"

Постановление акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 17 ноября 2022 года № 394

      В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", акимат Тайыншинского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение о коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима Амандыкского сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима Амандыкского сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области" обеспечить:

      в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Северо-Казахстанской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акима Амандыкского сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области после его официального опубликования произвести

      регистрацию вышеуказанного Положения в регистрирующем органе в установленном законодательством порядке.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района Б. Альжанов

  Утверждено
  постановлением акимата
  Тайыншинского района
  Северо-Казахстанской области
  от "17" ноября 2022 года № 394

ПОЛОЖЕНИЕ о коммунальном государственном учреждении "Аппарат акима Амандыкского сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области"

Глава 1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Амандыкского сельского округа Тайыншинсого района Северо-Казахстанской области" (далее – аппарат акима) является государственным учреждением, обеспечивающим деятельность акима Амандыкского сельского округа (далее – аким) и осуществляющим функции, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      2. Аппарат акима Амандыкского сельского округа не имеет ведомств.

      3. Аппарат акима Амандыкского сельского округа осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, Гражданским кодексом Республики Казахстан, Бюджетным кодексом Республики Казахстан, Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан, Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", Законом Республики Казахстан "О государственных услугах", Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственных закупках", Законом Республики Казахстан "О правовых актах", актами Президента и Правительства Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат акима Амандыкского сельского округа является юридическим лицом в организационно – правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с Приказом Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 5403 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания".

      5. Аппарат акима Амандыкского сельского округа вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат акима Амандыкского сельского округа имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства если оно уполномочено на это в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", бюджетным и финансовым законодательством.

      7. Аппарат акима Амандыкского сельского округа по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые решениями и распоряжениями акима коммунального государственного учреждения "Аппарата акима Амандыкского сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области" предусмотренными Гражданским кодексом Республики Казахстан, Бюджетным кодексом Республики Казахстан, Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", Законом Республики Казахстан "О государственных услугах", Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственных закупках", Законом Республики Казахстан "О правовых актах", актами Президента и Правительства Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности аппарата Амандыкского сельского округа утверждаются в соответствии Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", а также настоящим Положением.

      9. Местонахождение юридического лица: 151000, Республика Казахстан, Северо-Казахстанская область, Тайыншинский район, село Амандык, улица Джамбула, 12.

      10. Настоящее положение является учредительным документом аппарата акима Амандыкского сельского округа.

      11. Финансирование деятельности аппарата акима Амандыкского сельского округа осуществляется из местного бюджета.

      12. Аппарату акима Амандыкского сельского округа запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями аппарата акима сельского округа.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) информационно-аналитическое, организационно-правовое, материально-техническое и финансово-хозяйственное обеспечение деятельности акима;

      2) проведение кадровой работы в соответствии с требованиями Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан";

      3) организация работы по контролю за исполнением Законов Республики Казахстан, Указов Президента Республики Казахстан и Постановлений Правительства Республики Казахстан, постановлений, решений и распоряжений вышестоящих представительных и исполнительных органов, акима области, района;

      4) разработка проектов правовых и нормативных правовых актов акима сельского округа в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан от 06 апреля 2016 года "О правовых актах";

      5) регистрация и рассмотрение обращений, заявлений, жалоб физических и юридических лиц в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 29 июня 2020 года № 350-VI "Административный процедурно-процессуальный кодекс Республики Казахстан", подпунктом 2) пункта 1 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      6) разработка проектов бюджетных программ, администратором которых выступает аппарат акима Амандыкского сельского округа в соответствии с Бюджетным Кодексом Республики Казахстан от 04 декабря 2008 года, подпунктом 4-1) пункта 1 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      7) ведение первичного учета военнообязанных, лиц, подлежащих приписке к призывному участку и призыву на срочную воинскую службу, организация работы в пределах компетенции акима сельского округа по вопросам соблюдения законодательства о воинской обязанности и воинской службе, гражданской обороне, а также мобилизационной подготовке и мобилизации в соответствии с пунктом 3 статьи 9 Закона Республики Казахстан "О мобилизационной подготовке и мобилизации" от 16 июня 1997 года, подпунктом 9) пункта 1 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      8) организация работы по выявлению малообеспеченных лиц, внесению в вышестоящие органы предложений по обеспечению занятости, оказанию адресной социальной помощи, по обслуживанию одиноких престарелых и нетрудоспособных граждан на дому в соответствии с подпунктом 12 пункта 1 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      9) осуществление похозяйственного учета в соответствии с подпунктом 16 пункта 1 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      10) обеспечение деятельности организаций дошкольного воспитания и обучения, учреждений культуры, находящихся на территории сельского округа в соответствии с подпунктом 18 пункта 1 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      11) оказание государственных услуг в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах";

      12) организация работы по исполнению Закона Республики Казахстан от 28 января 2011 года "О медиации";

      13) проведение сходов местного сообщества и собраний местного сообщества на территории с Амандыкского сельского округа, в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      14. Полномочия:

      1) права:

      направление запросов в пределах компетенции и получение необходимой информации, документов и иных материалов от должностных лиц, государственных органов и других организаций по вопросам компетенции акима сельского округа;

      приобретать и осуществлять имущественные и не имущественные права;

      пользоваться информационными базами данных органов государственного управления, архивов, научных учреждений;

      заключать договора, соглашения.

      иметь права, предусмотренные в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, Бюджетным кодексом Республики Казахстан, Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", Законом Республики Казахстан "О государственных услугах", Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственных закупках", Законом Республики Казахстан "О правовых актах".

      2) обязанности:

      качественно оказывать государственные услуги населению в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных услугах";

      качественно и своевременно исполнять акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, акима и акимата района;

      осуществлять обязанности, в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, Бюджетным кодексом Республики Казахстан, Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственных услугах", Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственных закупках".

      15. Функции:

      1) Аппарат акима Амандыкского сельского округа в рамках своей компетенции:

      обеспечивает организацию проведения схода местного сообщества, раздельного схода местного сообщества жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома, собрания местного сообщества;

      оповещает о времени, месте созыва раздельного схода местного сообщества, схода и собрания местного сообщества и обсуждаемых вопросах не позднее чем за десять календарных дней до дня их проведения через средства массовой, интернет-ресурсе (сайте аппарата акима сельского округа, Facebook);

      обеспечивает исполнение решений, принятых на сходе местного сообщества или собрании местного сообщества и одобренных акимом Амандыкского сельского округа;

      обеспечивает планирование и исполнение бюджета Амандыкского сельского округа;

      представляет собранию местного сообщества и в маслихат района (города областного значения) отчет об исполнении бюджета Амандыкского сельского округа;

      принимает решение о реализации бюджета Амандыкского сельского округа;

      разрабатывает и представляет на утверждение собрания местного сообщества программу развития местного сообщества;

      выступает заказчиком по строительству, реконструкции и ремонту объектов, относящихся к коммунальному имуществу Амандыкского сельского округа;

      осуществляет контроль за целевым и эффективным использованием коммунального имущества местного самоуправления;

      осуществляет права субъекта права коммунальной собственности по отношению к коммунальным юридическим лицам местного самоуправления;

      устанавливает коммунальному государственному предприятию, имущество которого находится в коммунальной собственности аппарата акима Амандыкского сельского округа, срок содержания и обеспечения сохранности изъятого имущества до его передачи иному лицу с последующим списанием с баланса;

      представляет интересы государства по вопросам коммунального имущества местного самоуправления, осуществляет защиту права собственности аппарата акима Амандыкского сельского округа;

      осуществляет контроль за выполнением доверительным управляющим обязательств по договору доверительного управления коммунальным имуществом местного самоуправления;

      осуществляет контроль и анализ выполнения планов развития коммунальных государственных учреждений, имущество которых находится в коммунальной собственности аппарата акима Амандыкского сельского округа;

      организует учет коммунального имущества местного самоуправления, обеспечивает его эффективное использование;

      осуществление приема, регистрацию и учет обращений физических и юридических лиц, организация личного приема физических лиц и представителей юридических лиц акимом сельского округа.

      организация работы со служебной информацией ограниченного распространения "Для служебного пользования" (ДСП);

      осуществление приема заявлений на предоставление государственных услуг, поступивших нарочно, а также посредством веб-портала "электронного правительства" ИС "Е-лицензирование";

      учет и регистрация актов, изданных акимом сельского округа;

      направление проектов нормативных правовых актов для проведения антикоррупционной экспертизы;

      проведение внутреннего анализа коррупционных рисков в деятельности Аппарата акима сельского округа;

      организация, обеспечение, своевременное оповещение и доставку граждан подлежащих призыву, проживающих на территории сельского округа;

      осуществление организационной подготовки и проведения мероприятий по вопросам проведения выборов в рамках законодательства о выборах в Республике Казахстан;

      организация работ по благоустройству, освещению, озеленению и санитарной очистке населенных пунктов;

      размещение проектов нормативных правовых актов на интернет-портале открытых нормативных правовых актов;

      обеспечение публикации деятельности акима сельского округа на казахском и русском языках на интернет-ресурсе (сайте аппарата акима сельского округа, Facebook);

      2) Аппарат акима Амандыкского сельского округа по согласованию с собранием местного сообщества:

      разрабатывает проекты правовых актов в сфере управления коммунальным имуществом местного самоуправления в пределах своей компетенции;

      управляет коммунальным имуществом местного самоуправления, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан, осуществляет меры по его защите;

      принимает решение и осуществляет приватизацию коммунального имущества местного самоуправления, в том числе обеспечивает его сохранность в процессе подготовки объекта к приватизации, привлекает посредника для организации процесса приватизации, обеспечивает оценку объекта приватизации, осуществляет подготовку и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и контроль за соблюдением условий договоров купли-продажи;

      определяет предмет и цели деятельности коммунального государственного предприятия, имущество которого находится в коммунальной собственности аппарата акима Амандыкского сельского округа, а также вид коммунального государственного предприятия (на праве хозяйственного ведения или казенное предприятие), осуществляющего такую деятельность;

      осуществляет изъятие или перераспределение имущества, переданного коммунальному юридическому лицу местного самоуправления или приобретенного им в результате собственной хозяйственной деятельности;

      осуществляет изъятие излишнего, неиспользуемого либо используемого не по назначению имущества коммунальных юридических лиц местного самоуправления;

      предоставляет коммунальное имущество местного самоуправления в имущественный наем (аренду), доверительное управление физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа либо с правом последующего выкупа;

      принимает решение о создании, ликвидации, реорганизации и изменении наименования государственного учреждения местного самоуправления по согласованию с акимом;

      рассматривает, согласовывает в случаях, предусмотренных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", и утверждает планы развития государственных учреждений, имущество которых находится в коммунальной собственности аппарата акима Амандыкского сельского округа, и отчеты по их исполнению;

      принимает решения об использовании коммунального имущества местного самоуправления, в том числе о передаче его в залог, аренду, безвозмездное пользование и доверительное управление;

      закрепляет коммунальное имущество местного самоуправления за коммунальными юридическими лицами местного самоуправления;

      принимает решение об отчуждении коммунального имущества местного самоуправления;

      выполнение процедур организации и проведения государственных закупок в соответствии с законодательством о государственных закупках;

      размещение проектов нормативных правовых актов на интернет-портале открытых нормативных правовых актов;

      обеспечение публикации деятельности акима сельского округа на казахском и русском языках на интернет-ресурсе (сайте аппарата акима сельского округа, Facebook);

      осуществляет функции, предоставленные законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство аппарата акима Амандыкского сельского округа

      осуществляется первым руководителем – акимом Амандыкского сельского округа, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат акима Амандыкского сельского округа задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Аким сельского округа избирается на должность сроком на четыре года из числа граждан Республики Казахстан в возрасте не моложе двадцати пяти лет населением соответствующей административно-территориальной единицы на основе всеобщего, равного, прямого избирательного права при тайном голосовании, в соответствии с Конституционным законом Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан".

      18. Полномочия акима Амандыкского сельского округа:

      организует работу аппарата акима, осуществляет руководство его деятельностью;

      без доверенности действует от имени государственного учреждения;

      принимает меры, направленные на противодействие коррупции в аппарате акима сельского округа, несет персональную ответственность за непринятие надлежащих антикоррупционных мер;

      разрабатывает Положение коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Амандыкского сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области";

      рассматривает решения, принятые на сходе местного сообщества или собрании местного сообщества, обеспечивает их исполнение;

      принимает работников по трудовому договору за счет экономии бюджетных средств и (или) поступлений, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о местном государственном управлении и самоуправлении;

      составляет и утверждает сводный план поступлений и расходов денег от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении, в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      проводит инвентаризацию жилищного фонда Амандыкского сельского округа;

      организует по согласованию с акимом района и собранием местного сообщества снос аварийного жилья Амандыкского сельского округа;

      оказывает содействие микрокредитованию сельского населения в рамках программных документов системы государственного планирования;

      осуществляет полномочия, возложенные законами и нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий акима Амандыкского сельского округа в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество аппарата акима

      19. Аппарат акима Амандыкского сельского округа может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством о государственном имуществе.

      Имущество аппарата акима Амандыкского сельского округа формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      20. Имущество, закрепленное за аппаратом акима Амандыкского сельского округа относится к коммунальной собственности Амандыкского сельского округа.

      21. Аппарат акима Амандыкского сельского округа не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      22. Реорганизация и упразднение аппарата акима Амандыкского сельского округа осуществляется в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств", Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", а также настоящим Положением.