"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:
осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;
ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырсын;
жоғарыда көрсетілген Ережені тіркеуші органда тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тимирязев аудан әкімі | Е. Жаров |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Тимирязев ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы "25" тамыз | |
№ 211 қаулысымен | |
"БЕКІТІЛГЕН" |
"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Тимирязев а.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (одан әрі-Бөлім) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы аумағында кәсіпкерлік, туризм, өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму салаларын басқаруды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің уәкілетті, аудан бюджетінен қаржыланатын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Бөлімде ведомстволары жоқ.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушы-құқықтық формасында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба бейнесі бар мөрі және қазақ, орыс тілдерінде өз атауы бар бұрыштамасы, белгіленген үлгідегі бланктері, қазынашылық органдарында "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық –құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының бюджеттік және қаржылық заңдылығына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарында белгіленген тәртіпте Бөлім басшысының бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Бюджет кодексіне, Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның мекенжайы: индексі 151100, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Ш. Уалиханов көшесі, 1.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау затына кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынасқа түсуге Бөлімге тыйым салынады.
Егер Бөлімге мемлекеттік басқару салаларында заңдылық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының қаржы облысындағы заңнамасында басқалары белгіленбеген жағдайда мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту облысында үйлесімдікті іске асыру және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) туризм саласында үйлесімдікті іске асыру және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
3) мемлекеттік сауда саясатын жүзеге асыру;
4) индустриялық-инновациялық қызмет саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;
5) өнеркәсiптiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң өсуiн қамтамасыз ететiн басым салаларын дамыту;
6) отандық және шетелдiк инвестицияларды экономиканың басым салаларына, соның iшiнде экспортқа бағдарланған шикiзаттық емес және жоғары технологиялық өндiрiстерге тартуға жәрдемдесу;
7) өңiрлiк тиiмдi инновациялық жүйенi құруға және инновациялық инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу;
8) жергiлiктi тауар өндiрушiлер өнiмдерiнiң экспортын дамытуға және iлгерiлетуге жәрдемдесу.
Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
кәсіпкерлікті, туризмді, өнеркәсіпті, сонымен қатар индустриялық-инновациялық даму салаларында өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан бюджетінен қаржыланатын атқарушы органдармен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, ұйымдармен және мекемелермен, қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынас жасау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Кәсіпкерлік Кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде қарастырылған көлемде дамыту бойынша жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан және ұйымдардан құжаттарды, ақпараттарды және материалдарды сұратуға және алуға;
кәсіпкерлік пен туризмді, өнеркәсіп пен индустриялық-инновациялық дамуды, мемлекеттік қызметті жетілдіру, баға жағдайындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтарына қатысты әкіммен, аудан, облыс әкімдігімен және мемлекеттік органдармен өткізілетін отырыстарға, жиналыстарға және кеңестерге (селекторларды бірге қосқанда) қатысу;
кәсіпкерлік пен туризм, өнеркәсіп пен индустриялық-инновациялық даму, бағаның қалыптасуы сұрақтары бойынша жиналыстар мен семинарлар, конференциялар өткізу;
шағын және орта кәсіпкерлікті, туризмді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды дамыту, мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат ұсыну;
кеңестер, сараптамалық және жұмыс топтарын құру;
кәсіпкерлік пен туризм, өнеркәсіп пен индустриялық-инновациялық даму, бағаның қалыптасуы сұрақтары бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігіне қаулы, шешім және өкім жобаларын ұсыну;
әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және тақырыптық бағыттылықты тексерудің белгілі бір кезеңіне жоғары тұрған органның әкімдік алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін негізге ала отырып құрылған мониторингтік топтың құрамына кіретін уәкілетті лауазымды тұлғалардың қатысуымен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға құқығы бар.
2) міндеттері:
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын, ұсыныстарын қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;
жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру.
15. Функциялары:
1) кәсіпкерлікті және туризмді, өнеркәсіпті және индустриялық-инновациялық дамыту салаларындағы Солтүстік Қазақстан облысы және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің қаулыларының, актілердің, Солтүстік Қазақстан облысы және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
2) жоғары тұрған мемлекеттiк органдарға кәсіпкерлікті, туризмді, өнеркәсіпті және индустриялық-инновациялық дамыту сұрақтары бойынша нормативтiк құқықтық актiлерге ережелер, өзгерiстер мен толықтыруларды қосу туралы ұсыныстар енгiзу;
3) кәсіпкерлікті, туризмді және өнеркәсiптi дамыту бөлiгiнде аймақтық және жергiлiктi деңгейдегi стратегиялық, бағдарламалық құжаттарды әзiрлеуге қатысу;
4) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының салалық бөлiмiн әзiрлеу;
5) Бөлімнің бюджеттік бағдарламаларын құрады және жүзеге асырады, олар бойынша есептерді даярлайды;
6) кәсіпкерлікті және туризмді, өнеркәсіпті және индустриялық-инновациялық дамыту барысында бизнестің және аудан бюджетінен қаржыланатын жергілікті атқарушы органдардың тиімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету;
7) кәсіпкерлік қызметті дамытуға қарсы келетін әкімшілік барьерлерді қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіре отыра азайту;
8) қаржыландыру көздерінің қолжетімділігі мен құралдарын ұлғайту есебінен шағын және орта кәсіпкерлік, туризм, өнеркәсіп салаларына инвестицияларды тарту;
9) орталық мемлекеттiк органдар, даму институттары, облыстық және аумақтық басқармалар, департаменттер, ұйымдар, Қазақстан Республикасының аудандары мен қалаларының кәсіпкерлік бөлімдерімен кәсіпкерлікті және туризмді, өнеркәсіпті және индустриялық-инновациялық қызметті дамыту сұрағы бойынша өзара iс-қимыл жасау;
10) бағдарламалық құжаттарды немесе олардың салалық бөлiмдерiн iске асыруды үйлестiру және мониторинг жасау, солар бойынша есептер дайындау;
11) Мемлекеттiк бағдарламалар аясында жобаларды iске асыруды үйлестiру;
12) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының және жанар-жағармай материалдары бағасына мониторинг жасау;
13) аудан, облыс, республика аумағындағы және одан тыс жерлердегi форум, конференция, слҰт, фестиваль, көрмелерге аудан Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының кәсіпкерлері субъектілерінің қатысуын қамтамасыз ету;
14) Бөлімнің интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыруды және ұдайы жаңартып отыруды қамтамасыз ету;
15) аудан бюджетінен қаржыланатын атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым қатынасты дамыту стратегиясын анықтау;
16) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес сараптамалық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
17) жергiлiктi деңгейде жеке кәсiпкерлiктi қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру арқылы мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету;
18) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;
19) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
20) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағасы мөлшерiнiң сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
21) бейбiт уақыттағы төтенше жағдайларда және жұмылдыру мерзiмiнде аудандық сауда және тамақтандыру, жанар-жағармай материалдары қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру;
22) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында туристiк қызмет саласындағы үйлестiрудi жүзеге асыру;
23) туризмдi дамытудың өңiрлiк бағдарламалары мен жоспарларын әзiрлеу және iске асыру;
24) туристiк индустрия объектiлерiн жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестiру;
25) туристік саланы дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын құру;
26) туристiк қызмет көрсетті жүзеге асыратын тұлғалар мен туризм объектілері, туристік әлеует туралы туристік ақпарат ұсыну;
27) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында кәсiпкерлiкті, туризмдi, өнеркәсіпті дамытуға арналған ақшалай қаражатын тиiмдi пайдалануда бақылауды қамтамасыз ету;
28) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін жүзеге асыру;
29) аймақта индустриялық-инновациялық даму мәселелері бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
30) индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыруды үйлестiру, есептер дайындау;
31) индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерiне, индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектiлерiне әдiстемелiк, консультативтiк, практикалық және өзге де көмек көрсету;
32) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларын iске асыру туралы ақпарат ұсыну;
33) ақпарат дайындаумен өнеркәсiп салаларының дамуына мониторинг және талдау жүргiзу;
34) өндiрушiлер және олар өндiретiн тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң тiзiлiмiн қалыптастыруды жүзеге асыру;
35) шағын және орта бизнес мәселелері бойынша әкім шешімдерін, аудан әкімдігінің қаулы жобаларын, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша жұмыс топтарына, аудандық комиссия отырыстарына материалдар даярлау;
36) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларына шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қарсы келетін актілерді тоқтату, өзгерту немесе уақытша тоқтату туралы сұрақ қою;
37) жоғары тұрған органға Бөлімнің қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды ұсыну;
38) мемлекеттік органдардан, сонымен қатар меншік үлгісіне байланыссыз ұйымдар мен кәсіпорындардан Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес белгіленген тәртіпте Бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық материалдарды сұратуға және алуға;
39) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемеақысының мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
40) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақы мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органның (болған жағдайда) басшысының дәрежесі, өкілеттілігі
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Бөлім басшысының лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өзінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін бөлім басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Бөлім басшысы қарамағындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу бойынша жауапкершілік атқарады.
17. Бөлімнің басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңында өзгелері қарастырылмаған жағдайда Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің өкімімен лауазымға тағайындалып, лауазымнан босатылады.
18. Бөлім басшысында орынбасары жоқ.
19. Бөлім басшысының өкілеттілігі:
мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Бөлімнің мүддесін білдіреді;
қызметті басқарады және кәсіпкерлік пен туризмді, өнеркәсіптік және индустриялық-инновациялық қызметті дамыту сұрағы бойынша өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікте болады;
Бөлім қызметінің бұйрықтарын шығарады, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін қабылдайды және босатады, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесіне сәйкес марапаттау шараларын және тәртіптік жазаны қолданады;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;
сенімхатсыз Бөлім атынан әрекет жасайды, Бөлім атынан басқа қызметкерлерге Бөлімнің мүдделерін білдіру және құқықтарын қорғау өкілеттіктерін береді. Бөлім өз қызметін қамтамасыз ету үшін өзіне тіркелген ғимараттарды, құрылымдарды, көлік құралдарын пайдаланады;
басшы тікелей бағыныштағы мемлекеттік қызметшілердің жемқорлық құқықбұзушылықтар жасағандары үшін жеке жауапкершілікке тартылады;
басшы ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
Бөлімнің басшысының болмаған кезеңінде оның өкiлеттiктерiн орындауды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлігі
20. "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жағдайларда Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшаланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңында өзгеше көзделмесе бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру (бірлестіру, қосу, бөлу, қайта құру) және тарату (жабу) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.