Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 307 "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 123 қаулысы. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 152 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 15.08.2023 № 152 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 307 "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының кейбір мәселелері туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) 2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құрылымы:

      1) басшы;

      2) қала құрылысы жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру бөлімі;

      3) қала құрылысы жобаларын іске асыруды қамтамасыз ету бөлімі;

      4) бас маман – есепші.";

      2) қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Ә.Бекеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

  Атырау облысы әкімдігінің
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 123 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің
2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 307 қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысының аумағында сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77, индексі 060010.

      10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаты: Атырау облысы аумағында сәулет және қала құрылысы саласының белсенділігін іске асыру, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды орнықты дамуын, халқының толыққанды тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      тиісті Атырау қаласы мен аудандар әкімдері аппараттарынан, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардан ақпарат сұрату;

      белгіленген тәртіппен Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқада атқарушы мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, меншіктің барлық нысандарындағы мекемелермен өзара іс-қимыл жасау;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде сәулет және қала құрылыс қызметі саласындағы өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды

      тұлғалардың арыздарын, шағымдарын уақытылы қарауды қамтамасыз ету;

      15. Функциялары:

      1) облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бас жоспармен бекітілген, аумақтарда қала құрылыстық жобалардың кешенді сызбасын (облыстың аудандық жоспарлау жобасын немесе оның бөлігін) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

      2) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына әзірлеу;

      3) облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге ұсыну;

      4) ведомстволық бағыныстағы әкімшілік-аумақтық бірліктердің (аудандық жоспарлаудың жобаларын) аумақтардағы қала құрылысы жоспарлауының кешенді сызбаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған халқының есептік саны жүз мыңға дейінгі, облыстық маңызы бар қалалардың даму бас жоспарының жобаларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      5) облыстық мәслихатқа, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу немесе өзгерту жөнінде, қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар әзірлеуді және енгізуді ұйымдастыру;

      6) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарларының жобаларына келісім беру;

      7) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;

      8) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекітуді ұйымдастыру және іске асыру;

      9) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз етеді;

      10) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпараттар мен мәліметтер беру;

      11) Қазақстан Республикасының өндіріс күштерін орналастыру сызбасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлау сызбасын, облыс орталығының, әкімшілік аудандарды салудың бас жоспарларын облыстық мәслихатқа қарауға ұсынады; аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қаланы салудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды облыстық мәслихатқа бекiтуіне ұсынады.

3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың қызметіне басшылық етеді және оған жүктелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      2) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдағаны үшін дербес жауапты болады;

      3) Басқарманың атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді, сотта, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін жұмысқа тағайындайды және жұмыстан босатады;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және Басқарма жөніндегі актілерге қол қояды;

      7) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Басқарманың мүлкі

      19. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 27 декабря 2016 года № 307 "О некоторых вопросах Управления архитектуры и градостроительства Атырауской области"

Постановление акимата Атырауской области от 26 мая 2022 года № 123. Утратило силу постановлением акимата Атырауской области от 15 августа 2023 года № 152

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Атырауской области от 15.08.2023 № 152 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Атырауской области от 27 декабря 2016 года № 307 "О некоторых вопросах Управления архитектуры и градостроительства Атырауской области" следующие изменения:

      1) пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Структура Управления архитектуры и градостроительства Атырауской области:

      1) руководитель;

      2) отдел по организации разработки градостроительных проектов;

      3) отдел по обеспечению реализации градостроительных проектов;

      4) главный специалист-главный бухгалтер.";

      2) в приложении:

      Положение о государственном учреждении "Управление архитектуры и градостроительства Атырауской области", утвержденное указанным постановлением изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление архитектуры и градостроительства Атырауской области" в установленном законодательством порядке принять все меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Атырауской области Бекенова К.А.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня его подписания и вводится в действие со дня его первого опубликования.

      Аким области С. Шапкенов

  Приложение к постановлению акимата Атырауской области
от 26 мая 2022 года № 123
  Утверждено постановлением акимата Атырауской области
от 27 декабря 2016 года № 307

Положение о государственном учреждении "Управление архитектуры и градостроительства Атырауской области"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства Атырауской области" (далее - Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере архитектурно-градостроительной деятельности на территории Атырауской области.

      2. Управление не имеет ведомств.

      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Управление является юридическом лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет символы и знаки отличия (при их наличии), печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства, в соответствии с законодательством Республики Казахстан

      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательном порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Атырауская область, город Атырау, улица Айтеке би 77, индекс 060010.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.

      11. Финансирование деятельности Управления осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Управления.

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия Управления

      13. Задачи: осуществления архитектурной и градостроительной деятельности на территории Атырауской области, формирование полноценной среды обитания и жизнедеятельности человека, устойчивое развитие населенных пунктов и межселенных территорий.

      14. Полномочия:

      1) права:

      запрашивать информацию от соответствующих аппаратов акимов города Атырау, районов и других государственных органов и предприятий;

      взаимодействовать в установленном порядке с другими государственными органами, организациями, учреждениями всех форм собственности по вопросам, относящимся к компетенции Управления;

      осуществлять иные права в сфере архитектурной и градостроительной деятельности в пределах полномочий, установленных законодательными актами Республики Казахстан.

      2) обязанности:

      реализация государственной политики в области архитектуры и градостроительства;

      обеспечение своевременного рассмотрения заявлений, жалоб физических и юридических лиц, относящимся к компетенции Управления.

      15. функции:

      1) координация деятельности по реализации комплексной схемы градостроительного планирования территорий (проекта районной планировки области или ее части), утвержденных в установленном порядке генеральным планом населенных пунктов на территории области;

      2) подготовка внесения на рассмотрение областного маслихата проекта генерального плана города областного значения, с расчетной численностью населения свыше ста тысяч жителей, для последующего представления в Правительство Республики Казахстан на утверждение;

      3) организация разработки и представления в Правительство Республики Казахстан на утверждение генеральных планов городов областного значения с расчетной численностью населения свыше ста тысяч жителей, одобренных областным маслихатом;

      4) организация работ по представлению на утверждение областного маслихата комплексных схем градостроительного планирования территории подведомственных административно-территориальных единиц (проектов районной планировки), а также проектов генеральных планов развития городов областного значения с расчетной численностью населения до ста тысяч жителей, одобренных городским маслихатом;

      5) организация разработки и внесения в областной маслихат предложений, обусловленных градообразующими факторами, по установлению или изменению границ подведомственных административно-территориальных единиц в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      6) согласование проектов генеральных планов городов областного значения;

      7) информирование населения о планируемой застройке территории либо иных градостроительных изменениях;

      8) организация утверждения и реализации градостроительных проектов (проектов детальной планировки, проектов застройки), разрабатываемых для развития утвержденных генеральных планов (комплексной схемы градостроительного планирования, проектов планировки) населенных пунктов;

      9) обеспечивает ведение и наполнение информационной системы "Адресный регистр";

      10) предоставление в установленном порядке информации и сведений для внесения в базу данных государственнного градостроительного кадастра;

      11) в соответствии со схемой размещения производительных сил Республики Казахстан, разрабатывает схему районной планировки области, генеральные планы застройки областного центра, вносит их на рассмотрение в маслихат области; разрабатывает схемы районной планировки административных районов, генеральные планы застройки районных центров, городов областного значения и представляет их на утверждение областному маслихату.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя Управления

      16. Руководство Управления осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия первого руководителя Управления:

      1) руководит деятельностью Управления и обеспечивает выполнение возложенных на него задач;

      2) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в Управлении и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;

      3) без доверенности действует от имени Управления, представляет его интересы в судах, государственных органах и других организациях;

      4) в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначает на должность и освобождает от должности работников Управления;

      5) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Управления;

      6) в пределах своей компетенции издает приказы и подписывает акты Управления;

      7) утверждает положения о структурных подразделениях Управления;

      8) в пределах своей компетенции осуществляет иные полномочия в соответствии с действующим законодательством.

      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его заменяющим в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество Управления

      19. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      20. Имущество закрепленное за Управлением, относится к коммунальной собственности.

      21. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение Управления

      22. Реорганизация и упразднение Управления осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.