"Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 152 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Атырау облысы әкімиятының 2008 жылы 14 сәуірдегі № 101 "Атырау облысы Құрылыс басқармасының мәселелері" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ алынып тасталсын.

      3. Атырау облысы әкімиятының 2008 жылы 11 сәуірдегі № 95 "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәселелері" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ алынып тасталсын.

      4. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      5. "Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

  Атырау облысы әкімдігінің
2023 жылғы "15" тамыздағы
№ 152 қаулысына 1-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің
2023 жылғы "15 " тамыздағы
№ 152 қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысы бойынша сәулет, қала құрылысы қызметін реттеу функцияларын орындауға арналған уәкілеттік мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің,Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), оның мемлекеттік тілде атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесінде шоттары бар.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.

      9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарманың қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен түскен кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаты:

      1) құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген облыс аумағын қала құрылысы игеру кезінде мемлекеттік нормативтер мен өзге жобалық құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық мүдделерді қорғайды;

      3) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын объектілер құрылысын ұйымдастырады;

      4) облыс аумағында елді мекендерді қала құрылысы құжатымен қамтамасыз етуге байланысты жұмыстарды ұйымдастырады.

      Басқармаға жүктелген өзге де мақсаттар.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      басқармаға жүктелген тапсырмаларды орындау үшін өз құзіреті шегінде ведомстволық бағынысты аумақта орналасқан тиісті статистика органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан меншік иелігіне қарамастан, оның құзіретіне жататын ақпараттарды, сондай-ақ жоспарлы есеп деректері бойынша мәселелерді сұратуға және алуға;

      жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын мемлекеттік сатып алулар жөнінде конкурстар ұйымдастыруға;

      басқарма құзыретіне қатысты мәселелерді шешу үшін облыс әкімі және облыстық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізуге;

      облыс әкімдігінің және әкімнің жобаларын дайындауға қатысуға;

      өз құзыреті шегінде мекеменің құқығы мен мүддесін қорғау бойынша сотқа жүгінуге;

      Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      2) міндеттері:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген облыс аумақтарын қала құрылысына игеру кезінде cәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және басқа да қала құрылысы жобалау құжаттамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      2) ғимараттар және құрылыстар жобаларын, инженерлік жүйелерді дамыту жобаларын іске асырады, сапасы жағынан мемлекеттік нормативтерге толық сәйкестікте көркейтуді жақсартады және пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      3) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;

      14. Функциялары:

      1) облыс аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүргізеді;

      2) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бiр бөлігiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру

      3) тұрғындардың есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу жұмыстарын жүргізеді;

      4) облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту және ұсыну жұмыстарын атқарады;

      5) ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірлік аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну бойынша жұмыстарды атқарады;

      6) облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң шекараларын белгiлеу немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгiзу;

      7) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларына келісу бойынша жұмыстар ұйымдастырады;

      8) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекітеу және іске асырау жұмыстарын ұйымдастырады;

      9) мемлекеттің қала құрылысы кадастрының дерекқорларына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпараттар мен мәліметтер беру;

      10) Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерiн орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын салудың бас жоспарларын әзiрлейдi, оларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихаттың қарауына енгiзедi; облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық коммуналдық меншiк объектiлерi мен облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi; әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды облыстық мәслихатқа бекiту үшiн ұсынады;

      11) "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiн жүргiзудi және толықтыруды қамтамасыз етедi;

      12) заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Басқарманың басшысын облыс әкімі қызметке тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) басқарманың қызметіне басшылық етеді, барлық мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда басқарма атынан сөйлейді;

      2) өзінің орынбасарлары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      3) басқарма басшының орынбасарларын, бөлімдердің басшыларын, бас және жетекші мамандарды, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, мараппатайды және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      4) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      5) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;

      6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      19. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Басқарманың мүлкі

      20. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату, осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      "Бизнес көмек" әлеуметтік жобаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік қор

  Атырау облысы әкімдігінің
2023 жылғы "15" тамыздағы
№ 152 қаулысына 2-қосымша

Атырау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 31 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 101 "Атырау облысы Құрылыс басқармасының мәселелері" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы.

      2. Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 наурыздағы № 104 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 101 "Атырау облысы Құрылыс басқармасының мәселелері" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы.

      3. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 19 "Атырау облысы Құрылыс басқармасының кейбір мәселелері туралы" қаулысы.

      4. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 250 "Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 101 "Атырау облысы Құрылыс басқармасының мәселелері" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы.

      5. Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 309 "Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 101 "Атырау облысы Құрылыс басқармасының мәселелері" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы.

      6. Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 307 "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының кейбір мәселелері туралы" қаулысы.

      7. Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 123 "Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 307 "Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады