"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі 26-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдармен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 31 "“Жылыой ауданы тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалып бекітілсін.
2. "Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;
осы қаулыны Жылыой ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдануды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Нұғманға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Қаражанов |
Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "11" тамыздағы № 201 қаулысына қосымша |
|
Жылыой ауданы әкімдігінің 2021 жылғы "28" қаңтардағы № 31 қаулысымен бекітілген |
"Жылыой ауданы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекция саласындағы (салаларындағы) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрілері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарда өз атынан жасайды.
6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 060100, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Жылқышы Ізтұрғанов көшесі, 7 ғимарат.
10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер, мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) Жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ету, бөліммен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
2) заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік мекеменің құзіретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;
4) тұрғын-үй коммуналдық және өндірістік объектілердің, автомобильдер жолдарының қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, жыл бойғы және болашақтағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының қажеттіліктерін анықтау;
5) аудан аумағындағы жолаушылар көлігі қозғалысының кестесін жасақтау және қозғалыс уақыты мен кестесінің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету;
6) жолаушылар тасымалдауға көлік құралдарының қажеттілігін, жолаушылар тасымалдау және жолаушылар айналымы көлемдеріне талдау жасау;
7) аудан көлеміндегі жөндеу жұмыстарын орындауға мүмкіндігі бар мердігерлерді анықтауға өткізілетін тендерлерге қатысу және тендер өткізу;
8) жөндеу объектілері бойынша техникалық тапсырмалар жинағымен қамтамасыз ету, мердігерлермен келісім-шартқа отырып, оның орындалуын бақылау;
14. Өкілеттіктері:
1) кәсіпорын мен мекемелердің жобалау-сметалық құжаттарының дұрыстығын және сенімділігін, аудан көлеміндегі тиісті ғимараттар мен құрылғылардың жөндеу жұмыстарын, жол жөндеу жұмыстарын тексеру;
2) жергілікті бюджеттен және демеушілік көмектен берілген жұмыс көлемінің орындалуын талдау. №2 акт және №3 формалармен берілген рәсімдеу және көлемдерді тексеріп, бұрыштама соғу;
3) тиісті саланың уәкілетті органы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзіреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
4) тиісті саласындағы коммуналдық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және коммуналдық мекеменің даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
5) өзінің шаруашылық қызмет нәтижесінде мүлікті қаржы басқармасына немесе ауданның қаржы бөліміне және мүлікті берген заңды тұлғаға қайта бөлуге және сатып алуға рұқсат беру;
6) мәліметтерді, оның ішінде, өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және оларға қатысты мемлекеттік акционер (қатысушы) ретінде басқаруға қатысу құқығын өзі жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін, бұл мәліметтерді мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсету үшін дайындайды;
7) тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
8) Осы Ереже, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.
14. Құқықтары:
1) Өндірістік, құрылыстық, коммуналдық-транспорттық, энергетикалық мекемелердің қызметіне бақылау жасауға және көмектесу;
2) жеке адамдар мен заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастыру және соған қатысу;
3) аудандық әкімдік отырысының қарауына материалдар дайындау, мәліметтер жинақтап тапсыру, аудан әкімдігінің қаулы, аудан әкімінің шешім, өкім жобасын жасақтау;
4) елді-мекендерді сумен, газбен, жылумен және электроэнергиямен қамтамасыз ету, және басқа да коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын бақылау;
5) әлеуметтік және әр түрлі меншік үлгісіндегі инженерлік-коммуналдық инфра-құрылымдарын объектілерінің, тұрғын үй-коммуналдық қорларын күтіп ұстау мен эксплуатацияға алуды ұйымдастыруға қатысу және көмектесуі;
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
7) кондоминиум объектісінің тізбесін ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;
8) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын-үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
10) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау;
11) Мемлекеттік мекеме тұрғын үй (тұрғын ғимарат) пайдалануға берілген кезде үш ай мерзімге кондоминиум обьектісін басқару органының функцияларын жүзеге асырушы қызмет көрсететін ұйымды айқындайды.
12) кондоминиум объектісінің үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару жөнінде есептің бар жоғын тексеру жатады;
13) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
14) Тұрғын-үй инспекциясы тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты күтіп ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді.
15. Міндеттері:
1) тексеру жүргізген кезде қызметтік куәлік көрсете отырып тексерілетін обьектіге бару;
2) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұрату, тексеру нысанына қатысы бар құжаттардың түпнұсқасымен танысу;
3) Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысына кооператив басқармасының төрағасы қызметіне кандидатура ұсыну;
4) тексеруді "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес жүргізу;
5) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін обьектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу;
6) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;
7) тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасақтау;
8) тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережеге сәйкес тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқаманы шығару;
9) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
10) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) аяқталған жөндеу объектілерінің техникалық орындау құжаттамаларын рәсімдеу, сондай-ақ объектілерді эксплуатацияға қабылдауға жұмысшы және мемлекеттік комиссияларына қатысу;
2) өндірістік жөндеу жұмыстарына техникалық бақылауды жүзеге асыру, құрылыс нормасы және ережесінің сақталуымен қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына нұсқаулар мен ескертулер беру;
3) аудан, облыс Әкімдеріне жасалған бағдарламаларды жүзеге асыруда аудан әкімдігінің бөлімдерімен өзара байланысты әрекет ете отырып, өз жұмысының бағдарын анықтау;
4) өз құзіреті шегінде қалдықтарды басқару бағдарламасын келісу;
5) тұтынушылардың жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
6) жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау;
7) Жылу желілеріндегі (магистральдік, орам-ішілік) технологиялық бұзушылықтарды тексеруді жүргізу;
8) Жылу желілерін (магистральдік, орам-ішілік) жөндеу жоспарларын келісу;
9) Барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдік, орам-ішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын беру;
10) Қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды жобалауды және салуды келісу;
11) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне тексеру жүргізу;
12) кондоминиум объектісінде және үй маңындағы аумақты үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібін сақтау;
13) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуы;
14) кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындау;
15) тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
16) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындау;
17) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыру.
18) тозығы жеткен тұрғын үйлерге техникалық тексеру жүргізу;
19) көпқабатты тұрғын үйлерге терможаңғырту жүргізу.
3-тарау. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
17. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады
18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Мемлекеттік мекеме мамандарының өкілеттілігін және міндеттерін белгілейді;
2) Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлерін көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
3) өзі құзіреті шегінде бұйрықтар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
4) Мемлекеттік мекемеге ұстауға бөлінген жалақы қоры мен қызметкерлер саны лимиті шегіндегі шығындарды және штаттық кестені бекітеді;
5) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттерді жүзеге асырады;
6) Мемлекеттік мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
19. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын ҚР-ның атынан дербес жүзеге асырады.
20. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
22. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.