Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің 18.03.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 11-10/22 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округіне қарасты "Тұмар" қыстағында орналасқан "Сұлтан" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малынан қарасан ауруының шығуына байланысты, аула-қораларының аумағына карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | А. Ақбалашұлы |