Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 2 шешімі. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің 18.03.2022 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 11-10/22 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округіне қарасты "Тұмар" қыстағында орналасқан "Сұлтан" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малынан қарасан ауруының шығуына байланысты, аула-қораларының аумағына карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі А. Ақбалашұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады