Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 09.10.2023 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 тіркелген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 230 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25790 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26167 болып тіркелген, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Созақ ауданы әкімдігінің "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Созақ ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Созақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 110 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4578 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:
"Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Созақ ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде көрсетілген қаулымен бекітілген.
5- тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";
42-тармақ алынып тасталсын.
4-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Созақ ауданының әкімі | М. Турысбеков |
Созақ ауданы әкімдігінің "17" мамыр 2022 жылғы № 140 қаулысына қосымша |
|
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 4-қосымша |
|
Нысан |
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Құзыреттер атауы |
Мемлекеттік әкімшілік | Тиімді мінез-құлық индикаторлары | Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары |
|
E-1; |
•Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қояды және тапсырмалар береді; |
•Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қоя алмайды және тапсырмалар бере алмайды; |
E-2; |
•Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді; |
•Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді; | |
E-3; * |
•Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды; |
•Тапсырмаларды жүйесіз орындайды; | |
|
E-1; |
•Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарлайды ; |
•Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарламайды ; |
E-2; |
•Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады; |
•Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады; | |
E-3; * |
•Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді; |
•Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді; | |
|
E-1; |
•Міндеттерді дұрыс бөле алады; |
•Бөлімшеде міндеттерді дұрыс бөле алмайды; |
E-2; |
•Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады; |
•Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды; | |
E-3; * |
•Қажетті мәліметтерді таба алады; |
•Қажетті мәліметтерді таба алмайды; | |
|
E-1; |
•Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескеріп, нақты міндеттер қоя алады; |
•Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескермей, анық емес міндеттер қоя алады; |
E-2; |
•Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді; |
•Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді; | |
E-3; * |
•Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді; |
•Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді; | |
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАНДЫРУ |
E-1; |
•Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы үнемі түсіндіреді; |
•Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді; |
E-2; |
•Бағыныстағыларды қызмет алушыларды қолжетімді ақпараттандыруға бағдарлайды; |
•Бағыныстағылармен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді; | |
E-3; * |
•Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады; |
•Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады; | |
|
E-1; |
•Ұжымға жаңа басымдықтарды уақытылы жеткізеді; |
•Ұжымға жаңа басымдықтарды жеткізбейді немесе мерзімнен кеш жеткізеді; |
|
•Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді; |
•Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді; | |
E-3; * |
•Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; |
•Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады; | |
|
E-1; |
•Үлгілі қызметкерлерді жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырып, енгізеді. |
•Үлгілі қызметкерлерді анықтамайды және оларды жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырмайды; |
E-2; |
•Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады; |
•Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды; | |
E-3; * |
•Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады; |
•Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды; | |
|
E-1; |
•Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді; |
•Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етпейді; |
E-2; |
•Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды; |
•Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді; | |
E-3; * |
•Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді; |
•Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады; | |
|
E-1; | •Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | •Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. |
E-2; | •Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | •Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. | |
E-3; * | •Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | •Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. | |
|
E-1; | •Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. | •Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. |
E-2; | •Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. | •Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. | |
E-3; * | •Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады. | •Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады. | |
|
E-1; | •Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды түзеді және қарастырады. | •Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлемейді және қарастырмайды. |
E-2; | •Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді. | •Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді. | |
E-3; * | •Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды. | •Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды. |