Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шардара аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Шардара ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 22-148-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4339 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Қарсыбаев |