"Асыл қазына және Тең қоғам" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Түркістан облысы Жетісай ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 6 маусымдағы № 424 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жетісай ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Асыл қазына және Тең қоғам" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін оны Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Қадырбек

  Жетісай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "06 " маусымдағы
№ 424 қаулысына қосымша

Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Асыл Қазына және Тең қоғам" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Жетісай ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Асыл қазына және Тең қоғам" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Коммуналдық мемлекеттік мекеме) Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: Жетісай ауданы әкімдігі болып табылады.

      3. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің уәкілетті басқару органы Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      4. Мекеменің түрі: коммуналдық.

      5. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

      6. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      7. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      8. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      9. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес, уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      10. Құрылымдық бөлімше өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген актілер қабылдайды.

      11. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі

      12. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 160500, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Ш.Айманов көшесі, 38А үй.

2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары:

      1) Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы азаматтарды әлеуметтендіру үшін қолжетімді жағдайлар жасау;

      2) Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;

      3) Белсенді ұзақ өмір сүрудің жеке жоспарларын әзірлеу;

      4) Әлеуметтік тәуекелдер мен қиын өмірлік жағдайлардың алдын алу;

      5) Мақсатты топтардың қажеттіліктерін талдау және орталық қызметінің тиімділігін бақылау үшін мәліметтер қорын жинау.

      14. Құқықтары:

      1) Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету, тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды;

      2) Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оларды белсенді зияткерлік, шығармашылық, қоғамдық қызметке және ұрпақтар сабақтастығына тартуға бағытталған жүйелі мәдени-демалыс жұмыстарының инфрақұрылымын құру;

      3) Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы азаматтарға ақпараттық-кеңес беру, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсету;

      15. Функциялары:

      1) Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы азаматтарды медициналық емес сипаттағы сауықтыру іс-шараларымен қамтамасыз ету;

      2) Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы азаматтарға әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету;

      3) Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету;

      4) Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды мүмкін болатын еңбек қызметіне жәрдемдесу;

      5) Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы азаматтардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру;

      6) Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы азаматтардың белсенді өмір салтын сақтау;

3. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

      16. Құрылымдық бөлімшені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысын Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметке тағайындайды және босатады.

      18. Құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары (орынбасарлары) болады.

      19. Құрылымдық бөлімше басшысының өкілеттіктері:

      1) Мемлекеттік мекеме атынан сенім хатсыз іс-қимыл жасайды;

      2) барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

      3) заңнамада белгіленген жағдайлар мен шекте мүлікке билік етеді;

      4) шарттар жасайды;

      5) сенім хаттар береді;

      6) Мемлекеттік мекеменің іс-сапарлар, тағылымдамалар мен қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      7) банктік шоттар ашады;

      8) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      9) коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқару органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа қызметкерлерін еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүргізеді;

      10) коммуалдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және мемлекеттік мекеме қызметкерлерін тәртіптік жазалар қолданады;

      11) өз орынбасары мен мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігінің шеңберін белгілейді.

      12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды;

      13. заңнамамен, осы ережемен және уәкілетті органмен оған жүктелген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

      20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мүлкі

      21. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      22. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жетісай ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Асыл қазына және Тең қоғам" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін қайта құру және тарату

      25. "Жетісай ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Асыл қазына және Тең қоғам" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения коммунальное государственное учреждение центр социального обслуживания "Асыл қазына және Тең қоғам"

Постановление акимата Жетысайского района Туркестанской области от 6 июня 2022 года № 424

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Жетысайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение коммунальное государственное учреждение центр социального обслуживания "Асыл қазына және Тең қоғам" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ" Жетысайского района.

      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ" акимата Жетысайкого района в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление настоящего постановления на официальное опубликования в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Жетысайского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района М.Кадырбек

  Утверждено постановлением
акимата Жетысайского района
от "06" июня 2022 года №424

Положение коммунального государственного учреждение центра социального обслуживания "Асыл Қазына және Тең қоғам" государственного учреждения "Отдела занятости и социальных программ" Жетысайского района

1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение центр социального обслуживания "Асыл қазына және Тең қоғам" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ" Жетысайского района (далее-Коммунальное государственное учреждение) является структурным подразделением отдела занятости и социальных программ Жетысайского района .

      2. Учредителем коммунальное государственное учреждение является - "Акимат Жетысайского района".

      3. Уполномоченным органом управления коммунального государственного учреждения является государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Жетысайского района"

      4. Вид учреждения: Коммунальное.

      5. Коммунальное государственное учреждение является некоммерческим учреждением, созданным в организационно-правовой форме, имеющим статус юридического лица.

      6. Коммунальное государственное учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      7. Коммунальное государственное учреждение имеет печати с изображением Государственного герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      8. Коммунальное государственное учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      9. Коммунальное государственное учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      10. Структурное подразделение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает приказы руководителя и акты, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      11. Структура и лимит штатной численности коммунального государственного учреждения утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Местонахождение юридического лица: 160500, Республика Казахстан, Туркестанская область, Жетысайский район, город Жетысай, улица Ш.Айманова дом № 38А.

2. Цели, права и обязанности структурного подразделения государственного органа

      13. Задачи:

      1) Создание доступных условий для ресоциализации лиц с ограниченными возможностями и пенсионного возраста.

      2) Предоставление специальных социальных услуг;

      3) Разработка индивидуальных планов активного долголетия;

      4) Профилактика социальных рисков и трудных жизненных ситуаций;

      5) Сбор базы данных для анализа потребностей целевых групп и мониторинга эффективности деятельности центра.

      14. Права и обязанности:

      1) Определяет условия предоставления, прекращения (приостоновления) предоставления специальных социальных услуг лицам с ограниченными возможностями и пенсионного возраста.

      2) Создание инфраструктуры для системной культурно-досуговой работы, направленной на повышение качества жизни граждан лиц с ограниченными возможностями и пенсионного возраста, их вовлечение в активную интелектуальную, творческую, общественную деятельность и преемственность поколений.

      3) Оказание информационно-консультационной, социальной, правовой и психологической поддержки лицам с ограниченными возможностями и пенсионного возраста.

      15. Функции:

      1) Предоставление оздоровительных мероприятий немедикаментозного характера лицам с ограниченными возможностями и пенсионного возраста;

      2) Предоставление социально-психологических услуг лицам с ограниченными возможностями и пенсионного возраста;

      3) Предоставление социально правовых услуг лицам с ограниченными возможностями;

      4) Содействие к посильной трудовой деятельности лиц с ограниченными;

      5) организацию кружков художественной самодеятельности, направленную на удовлетворение социокультурных и духовных потребностей лиц с ограниченными и пенсионного возраста;

      6) поддержание активного образа жизни лиц с ограниченными и пенсионного возраста;

3. Статус и полномочия первого руководителя структурного подразделения государственного органа

      16. Управление структурным подразделением осуществляет первый руководитель, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на учреждение задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель структурного подразделения назначается на должность и освобождается от должности руководителем отдела занятости и социальных программ Жетысайского района.

      18. Первый руководитель структурного подразделения имеет заместителя (заместителей), назначаемого на должность и освобождаемого от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия руководителя коммунального государственного учреждения:

      1) без доверенности действует от имени коммунального государственного учреждения;

      2) представляет интересы коммунального государственного учреждения в государственных органах и иных организациях;

      3) в случаях и пределах, установленных законодательством порядке, распоряжается имуществом коммунального государственного учреждения;

      4) заключает договоры;

      5) выдает доверенности;

      6) утверждает порядок и планы коммунального государственного учреждения по командировкам, стажировкам, обучению сотрудников в казахстанских и зарубежных учебных центрах и иным видам повышения квалификации сотрудников;

      7) открывает банковские счета;

      8) издает приказы, касающиеся деятельности коммунального государственного учреждения, дает указания, обязательные для всех сотрудников;

      9) в соответствие с трудовым законодательством ведет прием и увольнение сотрудников коммунального государственного учреждения, кроме сотрудников, назначаемых Органом управления;

      10) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на работников коммунального государственного учреждения, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, кроме работников, назначаемых Органом управления;

      11) определяет обязанности и круг полномочий своего (своих) заместителя (заместителей) и иных сотрудников коммунального государственного учреждения;

      12) принимает меры, направленные на противодействие коррупции;

      13) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством, настоящим положением и уполномоченным органом

      20. Руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. имущество структурного подразделения государственного органа

      21. Коммунальное государственное учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях,

      22. Имущество коммунального государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан

      23. Имущество, закрепленное за коммунальным государственным учреждением, относится к коммунальной собственности;

      24. Коммунальное государственное учреждение центр социального обслуживания "Асыл қазына және Тең қоғам" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ" Жетысайского района не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. реорганизация и ликвидация структурного подразделения государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение коммунального государственное учреждение центр социального обслуживания "Асыл қазына және Тең қоғам" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ" Жетысайского района" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.