Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетісай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 06 маусымдағы "Жетісай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 423 қаулысымен бекітілген қосымша Ережесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Жетісай ауданы әкiмдiгiнiң 15.08.2022 № 558 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).Көрсетілген қаулымен бекітілген Халықты жұмыспен қамту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
17 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
17. Орталықтың басшысын (директорын) – аудан әкімінің келісімімен Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы қызметке тағайындайды және босатады;
18 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
18. Орталық басшысының Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Қадырбек |