Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 42/477-VI "Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7751 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларында:
7-тармақ алынып тасталсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Мал айдайтын жолдарды аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 21-бабы 3-тармағына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келісу бойынша айқындайды.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
Д. Рыпаков |