Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 42/477-VI "Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 5 мамырдағы № 15/137-VІІ шешімі

      Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 42/477-VI "Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7751 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларында:

      7-тармақ алынып тасталсын;

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мал айдайтын жолдарды аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 21-бабы 3-тармағына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келісу бойынша айқындайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының хатшысы
Д. Рыпаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады