Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күршім аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Күршім ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 08 қарашадағы № 15/3-VI шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5288 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | М. Калелов |