Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, аудандағы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде, 2023 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, аудандағы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде, 2023 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде, 2023 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Қ. Оқасовқа жүктелсін.
Ұлан ауданының әкімі | Р. Құрмамбаев |
Ұлан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "10" қарашадағы № 453 қаулысына 1 қосымшасы |
2023 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындары квотасының мөлшері
Реттік № | Ұйымның атауы | Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам) | Белгіленген квота (%) | Жұмыс орындар саны (бірліктері) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | "Өскемен кұс фабрикасы" акционерлік қоғамы | 1536 | 1 | 15 |
2. | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ұлан орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 344 | 1 | 3 |
3. | Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 121 | 1 | 1 |
4. | "Айтас-Энерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 134 | 1 | 1 |
5. | Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Асу-Бұлақ орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 115 | 1 | 1 |
6. | "Багратион Улан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 145 | 1 | 1 |
7. | "Багратион-2" шаруа қожалығы | 146 | 1 | 1 |
8. | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 180 | 1 | 2 |
Ұлан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "10" қарашадағы № 453 қаулысына 2 қосымшасы |
2023 жылға арналған бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Реттік № | Ұйымның атауы | Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам) | Белгіленген квота (%) | Жұмыс орындар саны (бірліктері) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | "Өскемен кұс фабрикасы" акционерлік қоғамы | 1536 | 1 | 15 |
2. | "Айтас-Энерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 134 | 1 | 1 |
3. | Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Асу-Бұлақ орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 115 | 1 | 1 |
4. | "Багратион Улан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 145 | 1 | 1 |
5. | "Багратион-2" шаруа қожалығы | 146 | 1 | 1 |
Ұлан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "10" қарашадағы № 453 қаулысына 3 қосымшасы |
2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Реттік № | Ұйымның атауы | Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам) | Белгіленген квота (%) | Жұмыс орындар саны (бірліктері) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | "Өскемен кұс фабрикасы" акционерлік қоғамы | 1536 | 1 | 15 |
2. | "Айтас-Энерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 134 | 1 | 1 |
3. | Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының "Асу-Бұлақ орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 115 | 1 | 1 |
4. | "Багратион Улан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 145 | 1 | 1 |
5. | "Багратион-2" шаруа қожалығы | 146 | 1 | 1 |