Үржар ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы "Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 68 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 101 қаулысы. Күші жойылды - Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 423 қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 15.09.2022 № 423 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үржар ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы "Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 68 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Қаулының қосымшасымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (Л.Дуйсенова) заңда белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Сарбаеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі Н. Токсеитов

  Үржар ауданы әкімдігінің
28 наурыз 2022 жылғы № 101
қаулысына қосымша

"Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1."Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Бөлім") Үржар ауданының аумағында халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2.Бөлімнің ведомствосы бар:

      1) "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4.Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5.Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6.Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7.Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтары мен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8.Бөлім құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 071700, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы, 325 Б.

      10.Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11.Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12.Бөлім кәсiпкерлiк субъектiлерi мен Мекеменің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлім заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру және ұйымдастыру;

      2) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру;

      3) азаматтардың құқықтары мен мүдделерін, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнамада көзделген мемлекеттік кепілдіктерді қорғау;

      4) азаматтық хал актілерін тіркеу.

      14. Өкілеттіктері:

      1. Құқықтар:

      1)Мемлекеттік органдардан өз міндеттерін орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi суратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде оларға орындауға міндетті тапсырмалар беруге;

      2)өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық, соның ішінде құпия деректер базасын пайдалануға;

      3)заңда белгіленген тәртіпте мемлекеттік көліктерді, байланыс және коммуникация жүйелерін пайдалануға;

      4)аудан әкімдігіне және әкімге есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының аудан әкімі аппаратында бақылауда тұрған тапсырмаларды орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      5)өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен құқықтық актілерді қабылдау;

      6)бөлімнің жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;

      7)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

      2. Міндеттері:

      1)Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функцияларды орындауға;

      2)ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдануға жол бермеуге;

      3)Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;

      4)азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      5)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді сақтау.

      15. Функциялары:

      1)халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шаралар өткізу;

      2)халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

      3)кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдау;

      4)жұмыссыздарға, жұмыс іздеп жүрген адамдарға әлеуметтік қорғау көрсету;

      5)халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде өз аумағында және (немесе) басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктерде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру немесе ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;

      6)мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;

      7)пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;

      8)бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;

      9)ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;

      10)халықты жұмыспен қамту орталықтарының жарғысын бекіту;

      10-1)халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық және өңірлік комиссиялар туралы Ережелерді бекіту;

      10-2)мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті мәліметтерді ұсыну;

      10-3)Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуы бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;

      11)жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау;

      12)кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қатысты, сондай-ақ олардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілейді;

      13)мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырады және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

      14)мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;

      15)атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

      16)Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      17)өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың (отбасылардың) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар шығару бойынша арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      18)бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;

      19)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізінде әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын әзірлейді;

      20)өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      21)Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігінің орындалуын бақылау және жәрдемдесу болып табылады;

      22)қарт азаматтар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру;

      23)ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін үйлестіру;

      24)нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың қабылдануын қамтамасыз ету;

      25)халықтың өмір сүру деңгейін тұрақтандыруға және арттыруға бағытталған өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, олардың орындалуын талдау;

      26)Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджет қаражатының қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;

      27)арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету және кедейлікті азайту жөніндегі шаралар саласындағы мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру болып табылады;

      28)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізуді қамтамасыз ету;

      29)тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;

      30)үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;

      31)жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және қажетті шаралар қабылдау;

      32)еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту;

      33)босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату;

      34)азаматтық хал актілерін тіркеу және жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік дерекқорға мәліметтерді қолданыстағы заңнамада көзделген мерзімдерде енгізу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді беру және тапсыру;

      35)жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3- тарау. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі

      16.Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17.Бөлімнің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесқызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18.Бөлімнің бірінші басшысының өкiлеттiгі:

      1)Бөлімге жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;

      2)өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3)бөлімнің техникалық персоналын жұмысқа қабылдайды, іссапарға жібереді және жұмыстан босатады;

      4)қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      5)өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      6)өз құзыреті шегінде бұйрықтар қабылдайды;

      7) мемлекеттік органда, өзге де ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;

      8)бөлімнің барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;

      9)қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4 - тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi

      19.Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуымүмкiн.

      Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      20.Бөлімге бекiтiлген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.

      21.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5 - тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22.Бөлім қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бөлім басшысы Л. Дуйсенова

О внесении изменений в постановление акимата Урджарского района от 21 апреля 2018 года № 68 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния Урджарского района Восточно-Казахстанской области"

Постановление акимата Урджарского района Восточно-Казахстанской области от 28 марта 2022 года № 101. Отменено постановлением акимата Урджарского района области Абай от 15 сентября 2022 года № 423.

      Сноска. Отменено постановлением акимата Урджарского района области Абай от 15.09.2022 № 423.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 65 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Урджарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести следующие изменения в постановление акимата Урджарского района № 68 от 21 февраля 2018 года "Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния Урджарского района Восточно-Казахстанской области":

      Положение Государственного учреждения "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния Урджарского района Восточно-Казахстанской области", утвержденное приложением постановления утвердить в новой редакции согласно приложению к данному постановлению.

      2. Отделу занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния Урджарского района (Л.Дуйсенова) в порядке, предусмотренном законодательством осуществить соответствующие меры, вытекающие из данного постановления.

      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района А.Сарбаевой.

      Аким района Н. Токсеитов

  Приложение к постановлению
акимата Урджарского района
№ 101 от 28 марта 2022 года

ПОЛОЖЕНИЕ государственного учреждения "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния Урджарского района Восточно-Казахстанской области"

Глава 1. Общие положения

      1.Государственное учреждение "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния Урджарского района Восточно-Казахстанской области" (далее – "Отдел") является государственным органом Республики Казахстан, обеспечивающим реализацию государственной политики в сфере социальной защиты, занятости населения, регистрации актов гражданского состояния на территории Урджарского района.

      2.Отдел имеет ведомство:

      1)Коммунальное государственное учреждение "Центр занятости населения акимата Урджарского района Восточно-Казахстанской области".

      3.Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4.Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5.Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6.Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если он уполномочен на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7.Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказом руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8.Структура и лимит штатной численности Отдела утверждается в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      9.Место нахождение юридического лица: 071700, Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Урджарский район, село Урджар, проспект Абылайхана, 325 Б.

      10.Настоящее положение является учредительным документом Отдела.

      11.Финансирование деятельности Отдела осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12.Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Отдела.

      Если Отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять, приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1)Координация и организация оказания социальной помощи социально уязвимым слоям населения в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      2)Реализация государственных программ содействия занятости и социальной защиты населения;

      3)Защита прав граждан и их интересов, государственных гарантий, предусмотренных действующим законодательством по вопросам занятости и социальной защиты;

      4)Регистрация актов гражданского состояния.

      14. Полномочия:

      1. Права:

      1)запрашивать и получать от государственных органов документы и сведения, необходимые для выполнения своих обязанностей, а также давать, в пределах своей компетенции;

      2)в установленном законодательством порядке пользоваться информационными банками данных, имеющихся в распоряжении государственных органов;

      3)в установленном законодательством порядке использовать государственные транспортные средства, системы связи и коммуникаций;

      4)вносить предложения об ответственности руководителей государственных органов, подотчетных акимату и акиму района, за неисполнение и (или) ненадлежащие исполнение поручений и контрольных документов, находящихся на контроле в Отделе;

      5)принимать в пределах своей компетенции правовые акты, в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан;

      6)создавать консультативно-совещательные органы при Отделе;

      7)осуществлять иные права в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      2.Обязанности:

      1)обеспечивать выполнение возложенных функций в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан.

      2)не допускать принятия решений, не соответствующих основным направлениям внутренней и внешней политики;

      3)соблюдать интересы Республики Казахстан в обеспечении национальной безопасности; 4)обеспечивать соблюдение прав и законных интересов граждан;

      5)соблюдать иные обязанности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      15.Функции:

      1)проведения мероприятий, обеспечивающих содействие занятости населения;

      2)осуществления координации местных органов по вопросам занятости населения и методического руководства ими;

      3)поддержки создания рабочих мест через развитие предпринимательской инициативы;

      4)оказания социальной защиты безработным, лицам, ищущим работу;

      5)выдачи или продления разрешений на привлечение иностранной рабочей силы работодателям для осуществления трудовой деятельности на своей территории и (или) других административно-территориальных единицах в пределах квоты, распределенной уполномоченным органом по вопросам занятости населения, либо в рамках внутрикорпоративного перевода вне квоты, а также приостановки и отзыва указанных разрешений;

      6)установления квоты рабочих мест для инвалидов;

      7)установления квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации;

      8)установления квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы;

      9)установления квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования;

      10)утверждения устава центров занятости населения;

      10-1)утверждения положений о районных и региональных комиссиях по вопросам занятости населения;

      10-2)осуществления мониторинга создания рабочих мест в рамках государственных и правительственных программ и представления соответствующих сведений в уполномоченный орган по вопросам занятости населения;

      10-3)осуществления контроля за деятельностью центров занятости населения по соблюдению законодательства Республики Казахстан о занятости населения;

      11)определения населенных пунктов для добровольного переселения лиц для повышения мобильности рабочей силы;

      12)устанавливает опеку и попечительство в отношении совершеннолетних недееспособных граждан, а также для защиты их имущественных и личных неимущественных прав и интересов;

      13)организуют оказание социальной помощи и координируют оказание благотворительной помощи инвалидам;

      14)предоставляют дополнительные меры социальной поддержки инвалидам, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      15)назначение адресной социальной помощи;

      16)осуществление функций рабочего органа специальной комиссии для регистрации и учета граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне;

      17)осуществление функций рабочего органа специальной комиссии по рассмотрению заявлений лиц (семьи), претендующих на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации, и вынесению заключений о необходимости оказания социальной помощи;

      18)предоставление жилищных сертификатов за счет бюджетных средств;

      19)разрабатывает правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан на основании действующего законодательства Республики Казахстан;

      20)реализация государственной политики в сфере предоставления специальных социальных услуг в пределах своей компетенции;

      21)контроль и содействие в исполнении социальной части индивидуальных программ реабилитации инвалидов;

      22)организация работы надомного обслуживания пожилых граждан и инвалидов;

      23)координация деятельности подведомственного коммунального государственного учреждения;

      24)разработка проектов нормативно-правовых актов, обеспечение их принятия;

      25)участие в разработке региональных программ, направленных на стабилизацию и повышение уровня жизни населения, анализ их выполнения;

      26)прогнозирование потребности бюджетных средств и реализация социальных программ в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      27)реализация государственной социальной политики в сфере предоставления специальных социальных услуг, оказания адресной социальной помощи населению и мер по снижению бедности;

      28)обеспечение проведения государственных закупок в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      29)назначение и выплата жилищной помощи;

      30)материальное обеспечение детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому;

      31)рассмотрение обращений физических и юридических лиц и принятие необходимых мер;

      32)Выдача и продление разрешений трудовым иммигрантам;

      33)присвоение, продление, лишение и прекращение статуса беженца;

      34)регистрация актов гражданского состояния и внесения сведений в Государственную базу данных о физических лицах в сроки, предусмотренные действующим законодательством, также выдачу и вручение свидетельств о регистрации актов гражданского состояния;

      35)осуществления в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16.Руководство Отдела осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих полномочий.

      17.Первый руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18.Полномочия первого руководителя Отдела:

      1)организует реализацию целей, возложенных на Отдел;

      2)организует, координирует и контролирует деятельность Отдела в пределах своей компетенции;

      3)принимает на работу, командирует и увольняет технический персонал Отдела;

      4)осуществляет контроль за соблюдением служебной дисциплины;

      5)обеспечивает исполнение требований законодательства Республики Казахстан о противодействии коррупции в пределах своей компетенции;

      6)в пределах своей компетенции принимает приказы;

      7)представляет Отдел в государственных органах, иных организациях;

      8)обладает правом первой подписи на всех финансовых документах Отдела;

      9)осуществляет иные полномочия в соответствии с действующим законодательством. Исполнение полномочий первого руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного органа

      19.Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      20.Имущество, закрепленное за Отделом относится к коммунальной собственности.

      21.Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      22.Реорганизация и упразднение Отдела осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Руководитель отдела Л. Дуйсенова