"Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 шілдедегі № 129 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Е. Каюповке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ғ. Есқалиев

  2022 жылғы 8 шілдедегі № 129
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Батыс Қазақстан облысында ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге cәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасының құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексі 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Исатай-Махамбет көшесі, 84.

      10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Батыс Қазақстан облысында ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Басқарма өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекiтiлген тәртiппен:

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің шешімдері, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындауға қатысуға;

      мемлекеттiк органдардан, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

      өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

      облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстың атқарушы органдарының, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмыстарына талдау жүргізуге;

      облыс әкімдігіне мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жетілдіру және ақпараттандыру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      өз құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;

      мемлекеттік органдардан, мекемелер мен ұйымдардан өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

      қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес құрылымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге;

      Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексерулер жүргізуге, соның ішінде олардың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында барлық мүдделі тұлғаларды тарту арқылы комиссиялар, жұмыс топтарын жасақтау бойынша ұсыныстар енгізуге;

      қала, аудандар әкімдері аппараттарының, облыстық басқармалар мен жергілікті атқарушы органдардың басқа да қызметтерінің (бөлімдерінің) жұмысына әдістемелік және практикалық көмек көрсету, олардан заңнаманы сақтауын талап етуге;

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиынтық талдау материалдарын дайындауға облыстың мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларын, мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерін тарту бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізуге;

      жетекшілік ететін сала аясында және құзыреті шегінде барлық деңгейдегі іс-шараларда Басқарманың мүддесін білдіруге;

      Басқарманың жетекшілік ететін мәселелері бойынша ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізуге құқылы.

      2) міндеттері:

      заңды және негiзделген шешiмдер қабылдау;

      қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

      жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарау, олардың орындалуын бақылау және оларға жауаптар беру;

      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасына бақылау жүргізу жөніндегі уәкілетті органға, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпарат беру;

      заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпарат беру;

      мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау.

      15. функциялары:

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) ақпараттық жүйелерді құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады;

      3) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын және мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын сүйемелдеу, мониторингтеу және дамыту қағидаларын ескере отырып, "электрондық үкiметтiң" архитектурасын, "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;

      5) мемлекеттік органның архитектурасын облыс әкімдігіне бекітуге енгізеді және оны іске асыру мен дамытуды қамтамасыз етеді;

      6) облыстың жергілікті атқарушы органдарының бірыңғай мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін құрады және дамытады;

      7) облыстың жергілікті атқарушы органдарының электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуына, анықтығына және өзектілігіне мониторингті жүзеге асырады;

      8) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында ақпараттық жүйелерді тіркеуді, ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері туралы ақпаратты өзектендіруді қамтамасыз етеді;

      9) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына беруді қамтамасыз етеді;

      10) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды және оның сұрауы бойынша оларды "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторына ұсынуды қамтамасыз етеді;

      11) салалық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасайды;

      12) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастырады;

      13) облыстың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ өз контентінің анықтығын және өзектілігін қамтамасыз етеді;

      14) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады;

      15) қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік және президенттік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс құрылысжайларының, байланыс жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын айқындайды және әзірлейді;

      16) байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесін айқындайды;

      17) ұялы немесе спутниктік байланыс операторының өтініші бойынша, уәкілетті органмен келісу арқылы ұялы немесе спутниктік байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстарды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін электрмен жабдықтау жүргізілген орын ұсынады;

      18) өз құзыры шегінде ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалауды арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және шаралар қабылдайды;

      19) өз құзыры шегінде "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;

      20) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және қауіпсіздік мәселелері бойынша тұрғындардың мемлекеттік органдармен, коммуналдық кәсіпорындар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер ұсынуды ұйымдастырады;

      21) цифрландыру жобаларын іске асырады;

      22) цифрландыру саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асырады;

      23) облыстың атқарушы органдарының және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының ақпараттандыру жұмыстарын орталықтандырылған түрде жүргізеді;

      24) облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтар және мүдделі ұйымдармен ақпараттандыру мәселесі бойынша өзара іс-қимылын үйлестіреді, консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді;

      25) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      26) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      27) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;

      28) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

      29) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;

      30) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      31) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданады;

      32) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етеді;

      33) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етеді;

      34) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізеді;

      35) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;

      36) жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне, атап айтқанда мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзырына кіретін мемлекеттік қызметтер бойынша өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      37) облыстың мемлекеттік органдарының, мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің мамандарын мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасы стандарттарын енгізу және үздіксіз жетілдіру негіздеріне оқыту бойынша аппараттық оқытуды, курстарды, семинарларды ұйымдастыру мәселелері жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу;

      38) облыстың мемлекеттік органдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің қызметіне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтау және жетілдіру мәселелері бойынша талдау және бағалау жүргізу;

      39) облыстың мемлекеттік органдарына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету субъектілеріне Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      40) мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жүргізу және оны жақсарту туралы ұсыныстар дайындау;

      41) облыстың жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтауына ішкі бақылау жүргізу;

      42) мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы ұсынуға кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді жою, заңнама, заңға тәуелді актілердің және жүргізілген тексерулер мен талдаулардың қорытындылары және облыстың мемлекеттік органдарының, мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің ұсыныстары бойынша бақылау тапсырмаларының орындалуын бақылау жүйесін нақты ұйымдастыру мақсатыңда қажетті шаралар алу туралы ұсыныстар дайындау;

      43) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен облыстың жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасары алдында есеп береді;

      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін бiлдiредi;

      3) Басқарма қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) бөлім басшыларының міндеттерін анықтайды;

      5) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

      6) Басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

      7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттамасына қол қояды;

      8) бөлімдердің ережелерін бекітеді;

      9) шарттар жасасады;

      10) сенімхаттар береді;

      11) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Басқарманың мүддесін білдіреді;

      12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;

      13) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      14) облыс әкімдігі мен әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындайды;

      15) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

      16) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      17) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;

      18) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Басқарманың мүлкі

      19. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление цифровых технологий Западно-Казахстанской области"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 8 июля 2022 года № 129

      Руководствуясь статьей 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 17 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" и в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Управление цифровых технологий Западно-Казахстанской области" согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление цифровых технологий Западно-Казахстанской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;

      2) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Западно-Казахстанской области Каюпова Т.Е.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области Г. Искалиев

  Утверждено
постановлением акимата
Западно - Казахстанской области
от 8 июля 2022 года № 129

Положение государственного учреждения
"Управление цифровых технологий Западно-Казахстанской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление цифровых технологий Западно-Казахстанской области" (далее - Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах информатизации и оказания государственных услуг в Западно-Казахстанской области.

      2. Управление не имеет ведомств.

      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на государственном языке языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Управления цифровых технологий Западно-Казахстанской области утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: индекс 090000, Республика Казахстан, Западно-Казахстанская область, город Уральск, ул. Исатай-Махамбета 84.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.

      11. Финансирование деятельности Управления осуществляется из местного бюджета.

      12. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Управления.

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия Управления

      13. Задачи:

      Реализация государственной политики в Западно-Казахстанской обласити в сфере информатизации, оказания государственных услуг.

      14. Полномочия:

      1) права:

      Управление для реализации возложенных на него задач и осуществления своих функций имеет право в установленном законодательством порядке:

      участвовать в подготовке проектов решений, распоряжений акима области, постановлений акимата области по вопросам, относящимся к компетенции Управления;

      запрашивать и получать от государственных органов, местных исполнительных органов районов, городов, иных организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы, необходимые для выполнения возложенных функций;

      проводить совещания, семинары, конференции по вопросам, входящим в его компетенцию;

      вносить предложения по совершенствованию структуры исполнительных органов области;

      проводить анализ работы исполнительных органов области, местных исполнительных органов районов, городов по вопросам, относящимся к компетенции Управления;

      вносить в акимат области предложения по совершенствованию процессов оказания государственных услуг и информатизации;

      в пределах своей компетенции участвовать в разработке нормативных правовых актов;

      направление запроса и получение в установленном порядке от местных исполнительных органов, учреждений и организаций информации и документов, необходимых для выполнения возложенных функций;

      обеспечение взаимодействия с неправительственными структурами при проведении общественного мониторинга;

      вносить предложения руководству по формированию комиссии, рабочих групп с привлечением всех заинтересованных лиц с целью проведения проверок по вопросам, входящим в компетенцию Управления, в том числе организация и координация их деятельности;

      оказывать методическую и практическую помощь работе аппаратов акимов районов и города, областных управлений и других служб (отделов) местных исполнительных органов и требовать от них соблюдения законодательств;

      вносить предложения руководству по привлечению должностных и других лиц государственных органов области, субъектов оказания государственных услуг к участию в подготовке сводных аналитических материалов по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      представление Управления на мероприятиях всех уровней в рамках курируемой сферы и в пределах его компетенции;

      вносить на рассмотрение руководства предложения по курируемым вопросам Управления.

      2) обязанности:

      принимать законные и обоснованные решения;

      обеспечивать контроль за исполнением принятых решений;

      рассматривать обращения, направленные в Управление физическими и юридическими лицами, контролировать их исполнение и предоставлять на них ответы;

      организовывать прием физических лиц и представителей юридических лиц;

      предоставление соответствующей информации в уполномоченный орган по оценке качества оказания государственных услуг и контроля за качеством оказания государственных услуг, уполномоченный орган в сфере информатизации для проведения оценки качества оказания государственных услуг;

      предоставление соответствующей информации неправительственным структурам, проводящим общественный мониторинг, в установленном законодательством порядке;

      рассмотрение жалоб и обращений потребителей государственных услуг.

      15. функции:

      1) обеспечивает соблюдение единых требований в области информационно-коммуникационных технологий и обеспечения информационной безопасности, а также правил реализации сервисной модели информатизации;

      2) осуществление использования стандартных решений при создании или развитии информационных систем;

      3) обеспечивает соблюдение требований по развитию архитектуры "электронного правительства", типовой архитектуры "электронного акимата" с учетом направлений деятельности местного исполнительного органа и правил разработки, реализации, сопровождения реализации, мониторинга и развития архитектуры государственных органов;

      4) создает и развивает объекты информатизации "электронного правительства";

      5) вносит на утверждение акимата области архитектуру государственного органа и обеспечивают ее реализацию и развитие;

      6) создает и развивает единые государственные электронные информационные ресурсы и информационные системы местных исполнительных органов области;

      7) осуществляет мониторинг наполнения, достоверности и актуальности электронных информационных ресурсов местных исполнительных органов области;

      8) обеспечивает регистрацию информационных систем, учета сведений об объектах информатизации, размещения электронных копий технической документации объектов информатизации, а также актуализация информации об объектах информатизации на архитектурном портале "электронного правительства";

      9) обеспечивает передачу сервисному интегратору "электронного правительства" для учета и хранения разработанного программного обеспечения, исходных программных кодов (при наличии) и комплекса настроек лицензионного программного обеспечения информационных систем государственных органов;

      10) обеспечивает хранение оригиналов технической документации на бумажных носителях и представление их сервисному интегратору "электронного правительства" по его запросу;

      11) создает условия для повышения цифровой грамотности населения в рамках отраслевых государственных программ;

      12) размещает открытые данные на казахском и русском языках на интернет-портале открытых данных;

      13) размещает интернет-ресурсы на единой платформе интернет-ресурсов местных исполнительных органов области, а также обеспечивает достоверность и актуализацию своего контента;

      14) приобретает информационно-коммуникационные услуги у оператора в соответствии с каталогом информационно-коммуникационных услуг;

      15) определяет и разрабатывает с территориальными подразделениями уполномоченного органа и территориальными подразделениями уполномоченных государственных органов военного управления, национальной безопасности и внутренних дел Республики Казахстан, осуществляющими деятельность на соответствующей административно-территориальной единице, планы строительства сооружений связи, линий связи и других объектов инженерной инфраструктуры, за исключением сетей подразделений правительственной и президентской связи;

      16) совместно с операторами связи определяет перечень объектов социального значения для предоставления абонентам бесплатных соединений с компенсацией соответствующих расходов операторам связи в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      17) по заявлению оператора сотовой или спутниковой связи по согласованию с уполномоченным органом предоставляет места с подведенным электроснабжением для строительства операторами сотовой или спутниковой связи антенно-мачтовых сооружений и (или) опор для оборудования сотовой или спутниковой связи;

      18) вырабатывает предложения и принимает меры по повышению оценки эффективности применения информационных технологий в пределах своей компетенции;

      19) в пределах своей компетенции организует и координирует деятельность единой дежурно-диспетчерской службы "112";

      20) организует предоставление услуг по организации взаимодействия населения с государственными органами, коммунальными предприятиями и организациями по вопросам обеспечения жизнедеятельности и безопасности населения;

      21) реализует проекты цифровизации;

      22) реализует проекты государственно-частного партнерства в сфере цифровизации;

      23) централизованно ведет деятельность исполнительных органов области и их подведомственных организаций в сфере информатизации;

      24) координирует взаимодействие местных исполнительных органов области с территориальными подразделениями государственных органов, гражданами и заинтересованными организациями по вопросам информатизации, оказывает консультационную и методологическую помощь;

      25) обеспечивает повышение качества, доступность оказания государственных услуг на территории области;

      26) обеспечивает доступность подзаконных нормативных правовых актов, определяющих порядок оказания государственных услуг;

      27) обеспечивает информированность услугополучателей в доступной форме о порядке оказания государственных услуг;

      28) рассматривает обращения услугополучателей по вопросам оказания государственных услуг;

      29) принимает меры, направленные на восстановление нарушенных прав, свобод и законных интересов услугополучателей;

      30) обеспечивает повышение квалификации работников в сфере оказания государственных услуг, общения с инвалидами;

      31) принимает меры по оптимизации и автоматизации процессов оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан по согласованию с уполномоченным органом в сфере информатизации;

      32) обеспечивает предоставление информации в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг для проведения оценки качества оказания государственных услуг, а также информации по результатам внутреннего контроля за качеством оказания государственных услуг;

      33) обеспечивает предоставление информации в уполномоченный орган в сфере информатизации для проведения оценки качества оказания государственных услуг, оказываемых в электронной форме;

      34) проводит внутренний контроль за качеством оказания государственных услуг;

      35) обеспечивает соблюдение услугодателями подзаконных нормативных правовых актов, определяющих порядок оказания государственных услуг;

      36) выработка предложений по внесению изменений и/или дополнений в Реестр государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам, в части государственных услуг, входящих в компетенцию государственного (местного) исполнительного органа;

      37) подготовка и внесение предложений по вопросам организации аппаратных учеб, курсов и семинаров по обучению и подготовке специалистов государственных органов области, субъектов оказания государственных услуг основам внедрения и непрерывного совершенствования стандартов качества предоставления государственных услуг;

      38) анализ и оценка деятельности государственных органов области, субъектов оказания государственных услуг по вопросам соблюдения и совершенствования стандартов и регламентов оказания государственных услуг.

      39) оказание методической и практической помощи государственным органам области, субъектам оказания государственных услуг по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      40) проведение внутреннего контроля за качеством государственных услуг, входящих в компетенцию государственного (местного) исполнительного органа и подготовка предложений по ее улучшению;

      41) проведение внутреннего контроля по соблюдению стандартов и регламентов оказания государственных услуг местными исполнительными органами области;

      42) подготовка предложений по принятию необходимых мер в целях устранения постановочных, проблемных вопросов, препятствующих эффективному и качественному предоставлению государственных услуг, четкой организации системы контроля исполнения законодательных, подзаконных актов и иных контрольных поручений по итогам проведенных проверок, анализов и предложений государственных органов области, субъектов оказания государственных услуг;

      43) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы области законодательством Республики Казахстан.

3. Статус, полномочия первого руководителя Управления

      16. Руководство Управления осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия первого руководителя Управления:

      1) в процессе реализации своих полномочий отчитывается перед акимом области и курирующим заместителем акима области;

      2) представляет Управление в государственных органах и иных организациях в пределах своей компетенции;

      3) в соответствии с законодательством назначает на должность и освобождает от должности работников Управления;

      4) определяет обязанности руководителей отделов;

      5) обеспечивает разработку стратегических и программных документов;

      6) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания и принимает меры поощрения сотрудникам Управления;

      7) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную и финансовую документацию;

      8) утверждает положения отделов;

      9) заключает договоры;

      10) выдает доверенности;

      11) без доверенности представляет Управление в государственных органах и иных организациях;

      12) несет персональную ответственность за организацию работы по противодействию коррупции;

      13) организует, координирует и контролирует работу Управления;

      14) исполняет поручения и акты акима и акимата области;

      15) организует разработку проектов нормативных правовых актов в пределах компетенции;

      16) обеспечивает соблюдение норм служебной этики;

      17) реализует политику гендерного равенства;

      18) утверждает график личного приема физических лиц и представителей юридических лиц.

      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество Управления

      19. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      20. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к областной коммунальной собственности.

      21. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Управления

      22. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.