"Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 162 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 28 "Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Ж.Меңдіғалиевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ғ. Есқалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2022 жылғы "12" тамыздағы № 162
қаулысымен бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 16.02.2024 № 38 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) облыстың жол шаруашылығы мен көлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116.

      10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Батыс Қазақстан облысының көлік жүйесінің жағдайын жақсарту;

      2) жолаушылар тасымалының сапасын арттыру болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      заңнамаларда және басқа да нормативтік актілерде белгіленген тәртіпте мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды сұрату және алу;

      облыста жүргізілетін қаржы-несие, инвестициялық, жекешелендіру, салық саясаты мәселелері бойынша және облыстағы көлік және коммуникация жағдайына әсер ететін басқа да жағдайларда шешімдер әзірлеуге қатысу;

      көлікті пайдалану, жол-көлік оқиғалары ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған ұсыныстарды тиісті органдарға жолдау;

      автобустар, шағын автобустар қозғалысының белгіленген кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

      2) Міндеттері:

      автомобиль көлігі, жолдар және жол қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      жалпы пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдары желісін дамыту, жалпы пайдаланылатын жолаушылар көлігі қызметін үйлестіру.

      15. Функциялары:

      1) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу;

      1-1) автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдау бойынша маршруттарды және қозғалыс кестелерін бекіту;

      3) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, қалааралық автомобильмен тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестелерін келісу;

      4) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;

      5) жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;

      6) жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын әзірлеу және жол жүрісін ұйымдастыру жобаларын әзірлеу;

      7) ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастарда жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;

      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;

      9) халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

      10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      12) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдары желісін басқару;

      13) кірме жолдарды және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуды келісу;

      14) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      15) шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру, кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасын келісу және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;

      16) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жобалау, салу, пайдалану сатысындағы қауіпсіздігі бойынша мониторинг жүргізу.

3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16.Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17.Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      2) Басқарма басшысы орынбасарларының және бөлімдері басшылары мен қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

      4) Басқарманың қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, мемлекеттік мекеменің қызметтік құжаттарына қол қояды;

      7) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;

      9) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

      10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады;

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Басқарманың мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Западно-Казахстанской области"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 12 августа 2022 года № 162.

      Руководствуясь статьей 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 17 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" и в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить предлагаемое Положение государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Западно-Казахстанской области" согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Западно-Казахстанской области" в установленном законодательством порядке обеспечить принятие иных мер вытекающих из настоящего постановления.

      3. Отменить постановление акимата Западно-Казахстанской области от 13 февраля 2017 года №28 "Об утверждении Положения о государственном учереждении Управление пассажирского трансопрта и автомобильных дорог Западно-Казахстанской области".

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Западно-Казахстанской области Мендыгалиева Т.Ж.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Акима области Г. Искалиев

  Утвержден
постановлением акимата
Западно-Казахстанской области
от "16" августа 2022 года №162

Положение о государственном учреждении "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Западно-Казахстанской области"

      Сноска. Положение - в редакции постановления акимата Западно-Казахстанской области от 16.02.2024 № 38 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Западно-Казахстанской области" (далее-Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере дорожного хозяйства и транспорта области.

      2. Управление ведомств не имеет.

      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативно-правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Западно-Казахстанской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: индекс 090000, Республика Казахстан, Западно-Казахстанская область, город Уральск, улица Х. Чурина, 116.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.

      11. Финансирование деятельности Управление осуществляется из местных бюджетов.

      12. Управление запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Управления.

      Если в Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы, направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия Управления

      13. Задачи:

      1) улучшение транспортной системы Западно-Казахстанской области;

      2) повышение качества пассажирских перевозок.

      14. Полномочия:

      1) Права:

      в порядке, установленном законодательством и другими нормативными актами, запрашивать и получать от государственных и негосударственных структур необходимые документы и материалы по вопросам, входящим в его компетенцию;

      участвовать в разработке решений по вопросам проводимой в области финансово-кредитной, инвестиционной, приватизационной, налоговой политики и других случаях, влияющих на состояние транспорта и коммуникаций в области;

      направлять в соответствующие органы предложения, направленные на предупреждение нарушений правил эксплуатации транспорта, дорожно-транспортных происшествий;

      осуществление контроля за соблюдением установленного расписания движения автобусов, микроавтобусов.

      2) Обязанности:

      осуществление государственной политики в области автомобильного транспорта, дорог и дорожной деятельности;

      развитие сети автомобильных дорог общего пользования областного значения, координация деятельности пассажирского транспорта общего пользования.

      15. Функции:

       1) организация регулярных междугородных межобластных, межрайонных (междугородных внутриобластных) перевозок пассажиров и багажа, проведение  конкурсов на право их обслуживания;

      1-1) реализация государственной политики в сфере автомобильного транспорта;

      2) утверждение маршрутов и расписаний движения по регулярным межрайонным (междугородным внутриобластным) перевозкам пассажиров и багажа;

      3) согласование маршрутов и расписаний движения по регулярным междугородным межобластным автомобильным перевозкам пассажиров и багажа;

      4) осуществление приема уведомлений о начале или прекращении деятельности автовокзалов, автостанций и пунктов обслуживания пассажиров;

      5) ведение реестра маршрутов регулярных межрайонных (междугородных внутриобластных) автомобильных перевозок пассажиров и багажа;

      6) разработка комплексной схемы развития пассажирского транспорта и проекты организации дорожного движения;

      7) осуществление субсидирования убытков перевозчиков при осуществлении социально значимых перевозок пассажиров на межрайонном (междугородном внутриобластном) сообщениях;

      8) осуществление лицензирования в соответствии с действующим законодательством;

      9) ведение реестра физических и юридических лиц, подавших уведомление о начале осуществления деятельности по специальной подготовке водителей автотранспортных средств, осуществляющих перевозки опасных грузов в международном и внутриреспубликанском сообщениях;

      10) осуществление в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.

      11) организация работ по строительству, реконструкции, ремонту и содержанию автомобильных дорог общего пользования областного значения, в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках;

      12) Управление сетью автомобильных дорог областного значения общего пользования;

      13) согласование строительства подъездных дорог и примыканий к дорогам общего пользования областного значения;

      14) осуществление государственного контроля при производстве работ по строительству, реконструкции, ремонту и содержанию автомобильных дорог областного значения;

      15) выдача удостоверения на право Управления маломерным судном, согласование программы подготовки судоводителей и учет курсов по подготовке судоводителей маломерных судов;

      16) проведение мониторинга безопасности автомобильных дорог областного значения на стадии проектирования, строительства и эксплуатации.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя Управления

      16. Руководство Управления осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Первый руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия первого руководителя Управления:

      1) организует и руководит работой Управление, несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управления задач и осуществления им своих функций;

      2) определяет обязанности, полномочия заместителей руководителя и руководителей отделов и работников Управления в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      3) ведет работу по противодействию с коррупцией и несет персональную ответственность за работу в этом направлении;

      4) в соответствии с действующим законодательством, назначает на должности и освобождает от должностей работников Управления;

      5) в установленном законодательством порядке применяет меры поощрения, оказания материальной помощи и налагает дисциплинарные взыскания на работников Управления;

      6) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;

      7) утверждает положения об отделах и должностные инструкции работников Управления;

      8) представляет Управления в государственных органах и иных организациях;

      9) проводит работу по гендерной политике и несет персональную ответственность за ее выполнение;

      10) в установленном порядке решает вопросы финансово-экономической и хозяйственной деятельности, контролирует рациональное и целевое исполнение бюджетных средств.

      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      20. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного органа

      21. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к областной коммунальной собственности.

      23. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Управления

      24. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.