Жаңақала ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 5 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбында "мүгедектер" деген сөзді "мүгедектігі бар адамдар" деген сөздермен ауыстырылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 21.11.2022 № 215 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңақала ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстары, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 21.11.2022 № 215 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Жаңақала ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыны оның ресми жариялағанынан кейін Жаңақала ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі Д.Закарин

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 18 қаңтардағы № 5
қаулысына қосымша

Жаңақала ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстары, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота


Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

"Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

97

2%

2

2

"Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Карманов мектеп-бөбекжай балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

62

2%

1

3

"Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Х.Нұрымғалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

2%

1


Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Жангалинскому району на 2022 год

Постановление акимата Жангалинского района Западно-Казахстанской области от 18 января 2022 года № 5.

      Сноска. В заголовке постановления слово "инвалидов" заменено словами "лиц с инвалидностью" постановлением акимата Жангалинского района ЗападноКазахстанской области от 21.11.2022 № 215 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан №498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №14010), акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства инвалидов в размере двух процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, с вредными, опасными условиями труда со списочной численностью работников по Жангалинскому району согласно приложению к настоящему постановлению.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления акимата Жангалинского района Западно-Казахстанской области от 21.11.2022 № 215 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Жангалинского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Жангалинского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акимарайона А.Еслямгалиеву.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района Д.Закарин

  Приложение №1
к постановлению акимата
Жангалинского района
от 18 января 2022 года №5

Квоту рабочих мест для трудоустройства инвалидов без учета рабочих мест на тяжелых работах, с вредными, опасными условиями труда со списочной численностью работников по Жангалинскому району

Наименование организаций

Количество рабочих мест

Размер квоты

Количество рабочих мест согласно установленной квоты

1

Коммунальное государственное учреждение "Жангалинская средняя общеобразовательная школа" Жангалинского районного отдела образования"

97

2%

2

2

Коммунальное государственное учреждение "Кармановская средняя общеобразовательная школа-детсад" Жангалинского районного отдела образования"

62

2%

1

3

Коммунальное государственное учреждение "Средняя общеобразовательная школаимени Х.Нурумгалиева" Жангалинского районного отдела образования"

50

2%

1