Ескерту. Қаулының тақырыбында "мүгедектер" деген сөзді "мүгедектігі бар адамдар" деген сөздермен ауыстырылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 21.11.2022 № 215 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңақала ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстары, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 21.11.2022 № 215 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. "Жаңақала ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыны оның ресми жариялағанынан кейін Жаңақала ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі | Д.Закарин |
Жаңақала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 5 қаулысына қосымша |
Жаңақала ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстары, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота мөлшері | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны |
1 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 97 | 2% | 2 |
2 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Карманов мектеп-бөбекжай балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 62 | 2% | 1 |
3 | "Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Х.Нұрымғалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 2% | 1 |