Жәнібек ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 54 "Жәнібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 57 қаулысы. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 126 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 13.09.2024 № 126 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылы 1 ақпанда № 16299 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 54 "Жәнібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5139 тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жәнібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:

      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";

      41-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және (немесе) мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      42-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Сафималиев

О внесении изменений в постановление акимата Жанибекского района от 28 марта 2018 года № 54 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима Жанибекского района" и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета"

Постановление акимата Жанибекского района Западно-Казахстанской области от 2 июня 2022 года № 57. Утратило силу постановлением акимата Жанибекского района Западно-Казахстанской области от 13 сентября 2024 года № 126

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жанибекского района Западно-Казахстанской области от 13.09.2024 № 126 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 16 января 2018 года №13 "О некоторых вопросах оценки деятельности административных государственных служащих" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 апреля 2018 года №5136), акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Жанибекского района от 28 марта 2018 года № 54 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима Жанибекского района" и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5139) следующие изменения:

      в методике оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима Жанибекского района" и районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета" утвержденный указанным постонавлением:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Для проведения оценки должностным лицом, имеющим право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности служащего корпуса "Б" (далее – уполномоченное лицо), создается Комиссия по оценке (далее – Комиссия), рабочим органом которой является служба управления персоналом либо в случае ее отсутствия – иное структурное подразделение (лицо), на которое возложено исполнение обязанностей службы управления персоналом (кадровой службой) (далее – служба управления персоналом).

      Состав Комиссии определяется уполномоченным лицом. Количество членов Комиссии составляет не менее 5 человек";

      пункт 41 изложить в следующей редакции:

      "41. Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной форме. В случае отказа служащего от ознакомления, составляется акт в произвольной форме, который подписывается службой управления персоналом и двумя другими служащими государственного органа.

      При этом служащим, отказавшимся от ознакомления, результаты оценки направляются посредством интранет - портала государственных органов и (или) единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы либо системы электронного документооборота в сроки, указанные в пункте 40 настоящей Методики";

      пункт 42 исключить.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования

      Аким района А.Сафималиев