ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1) тармақшасы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 6) тармақшасына және "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 498 бұйрығының 8 тармағына сәйкес Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті жұмыс жағдайлары бар жұмыстарды қоспағанда, тізімдік саны бар ұйымдарға квота белгіленсін.
2. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын және Жәнібек ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы | Аты-жөні |
Жәнібек ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы №165 қаулысына қосымша |
Жәнібек ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын квоталау тізімі
№ р/с | Ұйым атауы | Ұйымның штат саны | Белгілен ген квота | Мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындар саны (бірлік) |
1 | "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің "Ғ.Сарбаев атындағы "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 53 | 1 | 1 |
2 | "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің "Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 89 | 2 | 1 |