Қаратөбе ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 159 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қаратөбе ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қаратөбе ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде белгіленсін:

      осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 3 - қосымшасына сәйкес ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде.

      2. "Қаратөбе ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның реми жариялануын және Қаратөбе ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2022 жылдың 22 желтоқсандағы
№159 қаулысына
1-қосымша

Қаратөбе ауданы бойынша 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері(%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

233

2

1

2.

"Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

125

2

1

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2022 жылдың 22 желтоқсандағы
№159 қаулысына
2-қосымша

Қаратөбе ауданы бойынша 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

"Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

125

2

1

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2022 жылдың 22 желтоқсандағы
№159 қаулысына
3-қосымша

Қаратөбе ауданы бойынша 2023 жылға ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері(%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қаратөбе ауданының балалар –жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

21

1

1


Об установлении квоты рабочих мест по Каратобинскому району на 2023 год

Постановление акимата Каратобинского района Западно-Казахстанской области от 22 декабря 2022 года № 159

      В соответствии Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для организаций, независимо от организационно - правовой формы и формы собственности от списочной численности работников организаций по Каратобинскому району на 2023 год в следующих размерах:

      для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в размере двух процентов, согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере двух процентов, согласно приложению 2 к настоящему постановлению;

      для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в размере одного процента, согласно приложению 3 к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Каратобинского района" обеспечить официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Каратобинского района.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Ж.Султан.

      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2023 года .

      Аким района К.Суйеугалиев

  Приложение 1
к постановлению акимата
Каратобинского района
от 22 декабря 2023 года № 159

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Каратобинскому району на 2023 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%)

Количество рабочих мест согласно установленной квоте

1.

Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Каратобинская районная больница" управления здравоохранения акимата Западно-Казахстанской области

233

2

1

2.

Государственное коммунальное казенное предприятие "Каратобинский районный центр досуга Каратобинского районного отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта"

125

2

1

  Приложение 2
к постановлению акимата
Каратобинского района
от 22 декабря 2023 года №159

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Каратобинскому району на 2023 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%)

Количество рабочих мест согласно установленной квоте

1.

Государственное коммунальное казенное предприятие "Каратобинский районный центр досуга Каратобинского районного отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта"

125

2

1

  Приложение 3
к постановлению акимата
Каратобинского района
от 22 декабря 2023 года №159

Квота рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Каратобинскому району на 2023 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%)

Количество рабочих мест согласно установленной квоте

1.

Коммунальное государственное учреждение "Детско-юношеская спортивная школа Каратобинского района" Управления физической культуры и спорта акимата Западно-Казахстанской области

21

1

1