Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылы туралы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 427 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 255 бірлескен бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің 8-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметі осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ресми интернет-ресурсына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Төрағасы

_________________Д. Жазықбай
Қазақстан РеспубликасыСыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігінің (Сыбайласжемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы_______________А. Жұмағали

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2023 жылғы "_"________
№ ____ және
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасының
2023 жылғы "_"_____
№ ____ бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидалары

      1. Осы Әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің 8-1–тармағына сәйкес әзірленді және әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.

      2. Әдеп жөніндегі уәкіл жүктелген функцияларды орындау процесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өз қызметі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен мынадай мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды:

      1) мемлекеттік қызметшілерге (оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілерге) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;

      2) мемлекеттік қызметшілердің (оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілердің) заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал ететін іс-шаралар өткізу;

      3) мемлекеттік қызметшілердің (оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілердің) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      4) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізу (мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзған жағдайларда);

      5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен (оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілермен) түсіндіру жұмысын жүргізу;

      6) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілерге қатысты бұқаралық ақпарат құралдардарында мониторинг жүргізу барысында анықталған жағымсыз материалдармен (оның ішінде олардың аккаунттарының мониторингі барысында анықталған материалдар) жұмыс жүргізу;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығын қарау.

      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін олардың тиісті жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарларына әртүрлі профилактикалық іс-шараларды енгізу арқылы ұйымдастырылады.

      4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын келесі жылдың бірінші тоқсанының алдындағы айдың бірінші күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға алдағы жылға арналған әдеп жөніндегі уәкілдердің үлгілік жоспарын қалыптастыру үшін профилактикалық сипаттағы іс-шаралар бойынша ұсыныстар жолдайды.

      5. Жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органнан келіп түскен ұсыныстар негізінде келесі жылдың бірінші тоқсанының алдындағы айдың жиырмасынан кешіктірмей мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің өзекті бағыттарын ескере отырып, әдеп жөніндегі уәкілдердің үлгілік жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      6. Әдеп жөніндегі уәкілдердің үлгілік жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында мерзімді түрде орналастырылады.

      7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қажеттілік болған жағдайда орталық мемлекеттік органдар (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігін қоспағанда) мен олардың аумақтық бөлімшелерінің, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің, шет елдегі мекемелердің, тексеру комиссияларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандар, қалалардағы аудандардың әкімдері аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметі туралы ақпаратты қосымша сұрата алады.

О взаимодействии уполномоченного по этике с уполномоченным органом по противодействию коррупции

Совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 25 декабря 2023 года № 427 и Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 28 декабря 2023 года № 255

      В соответствии с пунктом 8-1 Положения об уполномоченном по этике, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 153, ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила взаимодействия уполномоченного по этике с уполномоченным органом по противодействию коррупции.

      2. Службе превенции Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить размещение настоящего совместного приказа на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы).

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на Первого заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) и заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы, курирующего вопросы контроля в сфере государственной службы.

      4. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по делам государственной службы
_______________Д. Жазықбай
      Председатель Агентства
Республики Казахстан по противодействию
коррупции (Антикоррупционной службы)
_______________А. Жұмағали

  Утверждены
совместным приказом
Председателя Агентства
Республики Казахстан
по делам государственной службы
от 28 декабря 2023 года № 255 и Председателя Агентства
Республики Казахстан
по противодействию коррупции
(Антикоррупционной службы)
от 25 декабря 2023 года № 427

Правила взаимодействия уполномоченного по этике с уполномоченным органом по противодействию коррупции

      1. Настоящие Правила взаимодействия уполномоченного по этике с уполномоченным органом по противодействию коррупции (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 8-1 Положения об уполномоченном по этике, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 153, и определяют порядок взаимодействия уполномоченного по этике с уполномоченным органом по противодействию коррупции.

      2. Уполномоченные по этике по вопросам своей деятельности в сфере противодействия коррупции в процессе выполнения возложенных функций взаимодействует с уполномоченным органом по противодействию коррупции по вопросам:

      1) оказания государственным служащим (в том числе государственным служащим, занимающим должности, подверженные коррупционным рискам) консультативной помощи по вопросам соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в сфере противодействия коррупции;

      2) проведения мероприятий, способствующих соблюдению государственными служащими (в том числе государственными служащими, занимающими должности, подверженные коррупционным рискам) установленных законами ограничений и запретов;

      3) рассмотрения обращений физических и юридических лиц по фактам нарушения государственными служащими (в том числе государственными служащими, занимающими должности, подверженные коррупционным рискам) норм законодательства Республики Казахстан в сфере противодействия коррупции;

      4) проведения анализа причин и условий, способствующих совершению правонарушений (в случаях нарушения государственными служащими законодательства Республики Казахстан в сфере противодействия коррупции);

      5) проведения с государственными служащими (в том числе с государственными служащими, занимающими должности, подверженные коррупционным рискам) разъяснительной работы по вопросам соблюдения законодательства Республики Казахстан в сфере противодействия коррупции;

      6) работы с негативными материалами, выявленными в ходе мониторинга публикаций в средствах массовой информации в отношении государственных служащих, занимающих должности, подверженные коррупционным рискам (в том числе материалы, выявленные в ходе мониторинга их аккаунтов);

      7) рассмотрения ответственности государственных служащих, допустивших нарушение норм законодательства в сфере противодействия коррупции.

      3. Деятельность уполномоченных по этике в сфере противодействия коррупции организовывается путем включения в их типовые планы работ на соответствующий год, утверждаемых уполномоченным органом по делам государственной службы, различных мероприятий профилактического характера.

      4. Ежегодно, не позднее первого числа месяца, предшествующего первому кварталу следующего года, уполномоченным органом по противодействию коррупции направляются в уполномоченный орган по делам государственной службы предложения по мероприятиям профилактического характера для формирования типового плана работ уполномоченных по этике на предстоящий год.

      5. Ежегодно, на основе предложений, поступивших от уполномоченного органа по противодействию коррупции, не позднее двадцатого числа месяца, предшествующего первому кварталу следующего года, уполномоченным органом по делам государственной службы разрабатывается и утверждается типовой план работ уполномоченных по этике с учетом актуальных направлений деятельности в сфере противодействия коррупции.

      6. Информация о реализации типового плана работ уполномоченных по этике периодически размещается на интернет-ресурсе уполномоченного органа по делам государственной службы.

      7. Уполномоченным органом по противодействию коррупции при необходимости дополнительно может быть истребована информация по вопросам деятельности в сфере противодействия коррупции уполномоченных по этике центральных государственных органов (за исключением правоохранительных и специальных государственных органов, а также Министерства обороны Республики Казахстан) и их территориальных подразделений, ведомств центральных государственных органов и их территориальных подразделений, загранучреждений, ревизионных комиссий, аппаратов акимов областей, городов республиканского значения, столицы, городов областного значения, районов, районов в городах.