"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-2) тармақшасына, 62-бабының 4-2, 6-1–тармақтарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023-2024 оқу жылына арналған орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 107-122 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1330 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ж. Қасымбек |
Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы "30" қазандағы № 107-2340 қаулысына қосымша |
2023-2024 оқу жылына арналған орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Р/с № | Сыныптар | Астана қаласының мемлекеттік білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылына арналған орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы | |||||||||
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарындағы оқушылар саны | Жылына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | ||||||||||
Жалпы білім беретін сыныптар | Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін инклюзивті оқыту | ||||||||||
Коммунал-дық мемлекеттік мекеме | Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | Коммуналдық мемлекеттік мекеме | Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | Коммуналдық мемлекеттік мекеме | Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | ||||||
2023 ж. | 2024 ж. | 2023 ж. | 2024 ж. | 2023 ж. | 2024 ж. | 2023 ж. | 2024 ж. | ||||
1. | 1-4- сыныптар | 18132 | 71034 | 429 888 | 433 249 | 445 413 | 449 863 | 743 964 | 747 615 | 759 489 | 764 229 |
2. | 5-9- сыныптар | 19975 | 80452 | 589 579 | 592 941 | 605 404 | 609 555 | 1 063 346 | 1 066 999 | 1 078 871 | 1 083 613 |
3. | 10-11- сыныптар | 3223 | 16043 | 705 636 | 708 998 | 721 161 | 725 612 | 1 295 460 | 1 299 113 | 1 310 985 | 1 315 727 |
Кестенің жалғасы
Астана қаласының мемлекеттік білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылына арналған орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы | |||||||
Жылына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | |||||||
Орта білім беру ұйымдардағы түзету сыныптары | Үйде оқыту | ||||||
Коммуналдық мемлекеттік мекеме | Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | Коммуналдық мемлекеттік мекеме | Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | ||||
2023 ж. | 2024 ж. | 2023 ж. | 2024 ж. | 2023 ж. | 2024 ж. | 2023 ж. | 2024 ж. |
816 299 | 819 661 | 831 824 | 836 275 | 2 138 142 | 2 139 884 | 2 510 516 | 2 139 884 |
975 687 | 979 049 | 991 212 | 995 663 | 2 648 919 | 2 650 661 | 2 648 919 | 2 650 661 |
1 034 482 | 1037 843 | 1 050 007 | 1 054 457 | 3 159 237 | 3 160 979 | 3 159 237 | 3 160 979 |
____________________________