Жер учаскелеріне шектеулі пайдалану (қоғамдық сервитут) құқықты белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес , Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақмола облысының Қосшы қаласындағы су тосқауылдары арқылы газ құбырын салу және одан тармақтау" объектісін салу үшін, орташа қысымды орамішілік газ құбырлары, жерасты - 582 615 м2, төмен қысымды орамішілік газ құбырлары, жер үсті - 4 556 160 м2 мемлекеттік меншіктегі жерлерге "Қосшы қаласының құрлыс бөлімі" ММ-не жер схемасына сәйкес жер учаскелеріне шектеулі пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы берілсін.
2. "Қосшы қаласының құрлыс бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Ибраеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Г.Қасенов |