Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № А-7/268 және Ақмола облысы мәслихатының 2023 жылғы 1 шілдедегі № 8С-3-13 "Ақмола облысы Целиноград ауданының Мәншүк, Приречное ауылдарын және Приречный ауылдық округін қайта атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының "2023-2025 жылдарға арналған Приречный ауылдық округінің бюджеті туралы" 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 224/38-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 177358 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің атауында, бүкіл мәтін бойынша және қосымшаларында "Приречный ауылдық округінің" сөздері "Ақжар ауылдық округінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы | Л.Конарбаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Целиноград ауданының әкімі 2023 жылғы 10 тамыз |
Б.Оспанбеков |
"Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Б.Куликенов |
2023 жылғы 10 тамыз |