Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 224/38-7 "2023-2025 жылдарға арналған Приречный ауылдық округінің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 тамыздағы № 66/9-8 шешімі

      Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № А-7/268 және Ақмола облысы мәслихатының 2023 жылғы 1 шілдедегі № 8С-3-13 "Ақмола облысы Целиноград ауданының Мәншүк, Приречное ауылдарын және Приречный ауылдық округін қайта атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Целиноград аудандық мәслихатының "2023-2025 жылдарға арналған Приречный ауылдық округінің бюджеті туралы" 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 224/38-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 177358 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің атауында, бүкіл мәтін бойынша және қосымшаларында "Приречный ауылдық округінің" сөздері "Ақжар ауылдық округінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы Л.Конарбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының әкімі
2023 жылғы 10 тамыз
Б.Оспанбеков
      "Целиноград ауданының
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Куликенов

  2023 жылғы 10 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады