"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 48-бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссияның кезектен тыс отырысының 2023 жылғы 28 маусымдағы № 6 хаттамасы негізінде, Бурабай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бурабай ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Е.Е. Биданов төтенше жағдайларды жоюдың басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Е.Е. Бидановқа жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ә.Мұздыбаев |