Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, "Fe-26" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры М.А. Имадовтың 2023 жылғы 30 қазандағы ЗТ-2023-02181991 жазған өтініші негізінде, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Fe-26" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау бойынша жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданы аумағында орналасқан 2136-EL лицензиясы бойынша жалпы алаңы 4381,91 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2029 жылдың 11 қыркүйегіне дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әйтеке би ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 16 қарашасынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Әйтеке би ауданы әкімі | Д. Тоғызбаев |