Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "IG Kazakhstan LTD" жеке компаниясына қатты пайдалы қазбаларды барлау жүргізу үшін Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі аумағында орналасқан 8038,5 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М.Бердалин) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Қызбергенов |