Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарғалы аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 2-9-05/167 ұсынысы негізінде, Қарғалы ауданы, Қос Естек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарғалы ауданы, Қос Естек ауылдық округіне қарасты Қос Естек ауылының Д.Қонаев көшесі мен А.Жұбанов көшесінің үй құстары арасында Ньюкасл ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс - шараларының жүргізілуіне байланысты қойылған карантин алынсын.
2. Қос Естек ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 19 Қарғалы ауданы, Қос Естек ауылдық округіне қарасты Қос Естек ауылының Д. Қонаев көшесі мен А. Жұбанов көшесінің карантин белгілеу туралы шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қос Естек ауылдық округінің әкімі | Г. Досмагамбетова |