Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қос Естек ауылдық округі әкімінің 14.09.2023 № 26 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарғалы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 2-9-05/139 ұсынысы негізінде, Қос Естек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үй құстары арасында Ньюкасл ауруының анықталуына байланысты, Қағалы ауданы Қос Естек ауылдық округіне қарасты Қос Естек ауылының Д. Қонаев көшесі мен А. Жұбанов көшесіне карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қос Естек ауылдық округінің әкімі |
Г. Досмағамбетова |