Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округі әкімінің 20.09.2023 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысының 2023 жылғы 14 ақпандағы № 02-13-4/24 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің "Мейрбек" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Құмсай ауылдық округінің әкімі | Н.Д. Сатаев |